Студенттерде ауызша және жазбаша ғылыми коммуникация дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-педагогикалық ЖҰмыс нәтижесі



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі195,51 Kb.
#32644
  1   2
СТУДЕНТТЕРДЕ АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ҒЫЛЫМИ КОММУНИКАЦИЯ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

Ш.Т. ТАУБАЕВА

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

п.ғ.д., профессор
У.Н. КАЛИЕВА

«Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Мақалада қазіргі таңда өзекті болып табылатын жоғары оқу орны студенттерінде ауызша және жазбаша ғылыми коммуникация дағдыларын қалыптастыру мәселесі қарастырылғын. Сонымен қатар, аталмыш мақсатқа сай авторлық курс бағдарламасының мақсаты мен мазмұны көрсетілген. Студенттердің ауызша және жазбаша ғылыми коммуникация дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында білім алушылардың логикалық ойлау деңгейі анықталды. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижесін шығару үшін Равеннің прогрессивті маррицасы әдістемесі қолданылды. Әдістеменің мазмұны толығымен ашылып, оны білім алушыларға қолдануға ыңғайлы болу үшін Равен матрицасы әдістемесін құрайтын суреттер берілген. Сонымен қатар, Равен матрицасы әдістемесінің кілті берілген. Демек, мақаланы оқи отырып, сіздер Равен матрицасы әдістемесі мазмұнының толық нұсқасымен таныса аласыздар. Мақала тақырыбы бойынша көптеген педагогикалық әдебиеттер зерттеліп, әр түрлі ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды.
Кілтті сөздер: «ғылыми коммуникация», «ауызша ғылыми коммуникация», «жазбаша ғылыми коммуникация», «Равеннің прогрессивті матрицасы».

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі жастарға да сөз арнасы бұрылды. Ел басы жастарды білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға шақырды. Қазіргі кез техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман екендігін айтып, жастарды ерінбей еңбек етуге, талмай ғылым ізденуге, жалықпай техниканы меңгеруге дағдылану керек екендігін сөз етті. Әрбір мамандықтың шыңына жетіп, шебер маман болсаң ғана, сұранысқа ие болатындығын ескертті[1]. Демек, жастардың ғылыми білімінің жоғары болғаны, қазіргі таңдағы мақсатымызға, яғни, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндігіміз мол. Қазіргі таңдағы жасалып жатқан реформалар мен қыруар істердің бәрі жастар үшін, болашақ үшін жасалуда екендігін айтты.

Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауына сәйкес қазіргі таңда сауатты, ғылыми білімі мол, шығармашыл, мамандығын жетік меңгерген жастарды тәрбиелеу жоғары оқу орнының негізгі мақсаты болып табылады. Сәйкесінше, жоғары курс студенттерінің ауызша және жазбаша ғылыми коммуникация дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.

Кез келген жоғары оқу орнында ғылыми тіл белгілі бір ақпаратты меңгеру құралы ғана емес, сонымен қатар, алынған ақпаратты оқу әрекетінің нақты түрінде жүзеге асыру құралы болып табылады. Мысалы, бақылау және курстық жұмыстарды, баяндамалар мен мақалаларды жазу барысында, семинарларға, конференциялар мен пікірталастарға қатысу барысында студентте жазбаша ғылыми коммуникация және өзінің зерттеу жұмысын сауатты қорғай алу үшін ауызша ғылыми коммуникация дағдыларының болғаны абзал.

Қазіргі таңда жоғары оқу орны бағдарламаларында студенттің өзіндік жұмысына сағат санын көбейтуде, сол себепті студенттердің ауызша және жазбаша ғылыми коммуникация дағдыларын қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады. Дегенменде, көптеген тәжірибелер жоғары курс студенттерінің өзінде ауызша және жазбаша ғылыми коммуникация дағдылары қалыптаспағандығын көрсетеді. Сәйкесінше, студенттерді ғылыми тілдің ерекшеліктерімен, ғылыми басылымдардың құрылымдарымен, библиографияны құру мәселесімен, ғылыми тілде аннотация және реферат жаза алу дағдыларын қалыптастыру, өзіндік мәтін жазуға дайындау мәселелерімен таныстыру қажеттілігі туындайды [2].

«Дағды» ұғымына Ж.Ы. Намазбаева, О.С. Сангилбаева, Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақшамбетов, Ж.Н. Әбілдин т.б. ғалымдар өзіндік тұрғысынан анықтама берген. Мәселен, Ж.Ы. Намазбаева, О.С. Сангилбаева дағдыға санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі деп анықтама берген. Ғалымдардың пікірінше, дағды қайталау нәтижесіне қалыптасатын іс-әрекет уақыт өте келе автоматталған әрекетке айналады [3].

Зерттеушілер «коммуникация» терминін тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар оның күнделікті өмірде жиі қолданып, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауында маңызды рөл, өзара түсінісуі, топтық түсінісуге, ал топтық пікір алмасы коғамның жетілуіне жетелейді, - дейді. Коммуникация терминінің өзі жалпы қарым-қатынас, байланыс, бір-бірімен араласу, яғни адамдардың тіл арқылы сөйлеу процессін, тілдік қатынастың ерекшеліктерін, оның қоғамда атқаратын қызметін көрсетеді [4].

Коммуникация процессі мынадай құрылымдрдан тұрады: ақпаратты өндіруші, оны тарату, қыбылдау және пайдалану. Яғни, белгілі бір адамнан коммуникациялық процесс арқылы алынған ақпаратты әлеуметтік тұрмыстада пайдалана алады. Коммуникация процессінің жүзеге асуының стандартты үлгісі бар (Сурет - 1). Мысалы, Аристотельдің еңбегінде коммуникация мынадай үлгіде жүзеге асады. «Шешен» – «сөйлеу» – «аудитория». Ал Ж.Г.Лассуэлл еңбектерінде коммуникация мына сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге асуы қажет деп көрсетеді. Ол сұрақтар: «кім?», «нені?», «қай арна бойынша?», «кімге?», «қандай әсермен?».


Коммуникатор

Коммуникант



Ақпарат беру каналы


Сурет - 1. Коммуникация процессінің жүзеге асу үлгісі.

Педагогикалық тәжірибе барысында, жоғарыда туындаған мәселені шешу мақсатында, «Ғылыми мәтін» атты оқу бағдарламасы құрастырылды.

Ғылыми коммуникация – ғылыми қауымдастықта жүзеге асатын кәсіби қарым-қатынастың түрлері мен формаларының жиынтығы, сонымен қатар оның бір компонентінен екіншісіне ақпарат беру. Көптеген педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде ғылыми коммуникацияның екі түрін көптеп көрсетеді. Олар: ауызша ғылыми коммуникация және жазбаша ғылыми коммуникация.

Жазбаша ғылыми коммуникация алғашқы кезеңдерде ғылыми білімді қағаз бетіне түсіру мақсатында кітаптартың пайда болуымен сипатталады. Кітаптарда ғалымдар көбінесе өздерінің ғылыми-зерттеулерінің нәтижесін, ол нәтижеге қалай жеткенініің жүйелі түрде сипаттайды. Дегенмен, уақыт өте келе ғалымдар арасында ақпарат алмасудың жаңа формасын ойлап табу қажеттілігі туындады. Себебі, кітаптар арқылы ғалымдар жаһандық мәселелер талқыланса, әрдайым кездесетін өмірлік мәселерді талқылау үшін ғалымдар арасында ақпарат алмасу мақсатында ғылыми журналдарда мақалалар пайда бола бастады. Сөйтіп, жазбаша ғылыми коммуникацияның түрлері әрі қарай өз жалғасын тапты.

Ауызша ғылыми коммуникация қарым-қатынастың вебралды формасы. Ол білім беру саласындағы барлық мекемелерде көптеп кездеседі. Ауызша ғылыми коммуникацияға: баяндамалар, дәрістер, ғылыми пікір-таластар, ғылыми-зерттеу жұмыстарды қорғау жатады. Ауызша ғылыми коммуникацияның жазбаша ғылыми коммуникациядан басты айырмашылығы өзіңді қызықтырған сұраққа немесе көтеріліп отырған мәселе жайлы бірден кері байланыс арқылы жауап аласың. Сонымен қатар, коммуникатордың берген ақпараты тыңдаушыларға қандай деңгейде түсінікті екендігін білуге болады. Ауызша ғылыми коммуникацияның кемшілігі ақпарат алмасуға бірнеше адамдар түскен кезде көрінеді. Яғни, коммуникатордан берілген ақпаратты, тыңдаған коммуникант келесі адамға өз еркінен тыс толық жеткізілмеуі мүмкін. Ақпараттың құрылымы өзгеріп, мазмұнына өзгеріске ұшырайды.

Тәжірибелік бөлім



Зерттеу тақырыбымызға сәйкес құрастырылған «Ғылыми мәтін» бағдарламасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенттеріне жүргізілді. «Педагогика және психология» мамандығы үшін аптасына бір рет лекция сағатында және бір рет семинар сағатында 14 апта бойы қолданылды.

Бағдарлама мазмұны төмендегідей құрылымдардан тұрады:

  • Жаңа тақырыптың мазмұнын ашатын, тақырыптардың бір-бірімен иерархиялық және желілік байланысын көрсететін схемалар мен кестелер;

  • Ғылыми мәтін жазу жоспарлары (реферат, мақала, аннотация және т.с.с);

  • ақпаратты меңгергенін көрсететін студенттердің нақты іс-әрекеттерінің формалары.

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

  • студенттерде ауызша және жазбаша ғылыми коммуникация дағдыларын қалыптастыру;

  • студенттерді ғылыми мәтін жазу ережелерімен таныстыру;

  • студенттердіңөз мәтінін жазуға дағдыландыру;

  • Ғылыми мәтінмен жұмыс жасау техникаларын үйрету.

Кез-келген ғылыми ақпаратпен жұмыс жасау барысында, ғылыми мәтіндерді жазатын кезде, сондай-ақ пікірталастарға, конференцияларға қатысуға дайындық барысында, әр бір қатысушының логикалық ойлау деңгейінің жоғары болғаны абзал. Себебі, жазып жатқан туындыңызға жаңаша бағдарлама немесе авторлық курс енгізу барысында сіз осы процесстің барлығын логикалық ойлану барысында жүзеге асырасыз. Осы мәселе төңірегінде біз «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенттерінің логикалық ойлау деңгейін анықтау мақсатында «Равеннің прогрессивті матрицасы» атты методиканы қолдандық [5]. Методика студенттердің логикалық ойлау деңгейін анықтауға арналған. Равен матрицасы 5 серияны құрайтын 60 суреттер тұрады (Сурет - 2). Сыналушыға 1 сериядан бастап 5 серияға дейінгі суреттер беріледі, ол суретті толықтыратын бөлігін тауып жауап парағына жазу керек. Сыналушы А сериясынан В, С, Д, Е серияларына өткен сайын тапсырмалар күрделене түседі. Әрбір серия 12 сұрақтан тұрады. Жалпы сұрақ саны 60, сұраққа жауап беру уақыты 20 минутты құрайды.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет