1 минут
5 мин
15мин
|
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
Мағынаны ашу.
|
Сәлеметсіздер ме, оқушылар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Оқушылармен амандасып, көңіл – күйлерін қалыптастыру.
Үй тапсырмасын Жалған немесе Шын тапсырмасын орындату арқылы тексеру.
Тұжырым
|
Ж
|
Ш
|
1) Ағзаның туған сәтінен бастап,тіршілігін жойғанға дейінгі жеке дамуын онтогенез деп атаймыз.
2) Постэмбриогенез кезеңінен эмбриогенез кезеңі жүреді.
3) Туғаннан кейінгі даму кезеңі постэмбриогенез деп аталады.
4) Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы органогенез сатысында түзіледі
5) Жүйке түтікшесі -ми және жұлын пайда болу -нейрула сатысы.
6)Өсімдіктерде постэмбриогенездің сатысы тұқым ұрығының өсу үдерісі мен жеке ағзаға айналуы .
|
|
|
өзара бағалау жүргізіп, оқушылармен бірге талқыланады.
Ал бүгін сабақта біз жануарлардың жеке даму кезеңдерінің тізбегін құрастырамыз.
Онтогенез кезеңдерден тұрады: Эмбрионалды-ұрықтандыру сәтінен бастап туғанға дейін немесе жұмыртқа қабығынан шыққанға дейін Постэмбриональды-туған немесе жұмыртқа қабығынан шыққан сәттен бастап өлімге дейін. Постэмбрионалды кезең тікелей және жанама дамумен болуы мүмкін.
Көбелектің дамуы https://www.youtube.com/watch?v=qp5Pc3wav2Q Бақаның дамуы https://www.youtube.com/watch?v=GTJgHJ4FnC8 Өрмекшінің дамуы https://www.youtube.com/watch?v=g7A-eph17-4
Жануарлардың дамуының негізгі кезеңдері Жануарларда онтогенездің үш түрі бар:
Дернәсілдік (жәндіктер, балықтар, қосмекенділер) Жұмыртқа салу (рептилиялар, құстар мен жұмыртқа басатын сүтқоректілер) құрсақішілік (сүтқоректілер).
Тура даму дегеніміз-ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсасжас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан толысып дамиды. жұмыртқа—имаго. Имаго(латынша имаго- ересек жәндік). Мысалы:қанатсыз бунақденелілер.
Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз: жұмыртқа –дернәсіл---имаго(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит, қандала)
Толық түрленіп даму деп-дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз: жұмыртқа—дернәсіл—қуыршақ--имаго(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара)
Толық түрленіп даму
|
Оқушының қызығушылығын тарту
|