«Бастауыш білім берудегі өзекті мәселелер» ( баяндама)



Дата06.02.2022
өлшемі29,19 Kb.
#81105

«Бастауыш білім берудегі өзекті мәселелер»
( баяндама)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласындағы жиырма тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты,бұл кездейсоқтық емес - адами капиталдың сапасы әр адамның білімділігі және кәсіби шеберлігі деңгейімен тікелей байланысты ( 1 ).
Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей,кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады.Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.
Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік саясат негізінде нормативті – құқықтық актілерде негізделген. Әсіресе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [2], Жалпы орта білім мазмұны және жүйесі Тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білімді дамыту Тұжырымдамасында нақтыланған.
Қазақстан Республикасы азаматтарының халықаралық білім кеңістігіндегі және еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білімнің сапасына «білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажетті­ліктеріне сәйкестігін белгілеудің институцио­налдық құрылымдары, нысандары мен әдістерінің жиынтығы»,-деп сипаттама берген [2].
Білім беру сапасы – Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Т.И.Шамова, В.К.Кальней, Б.Әбдікаримов, т.б. ғалымдардың еңбектерінің өзегі. Оқыту сапасының өлшемдері Ж.А.Қараев, М.Ж.Жадрина, Т.Т.Галиев, Г.О.Искакова сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.
Педагогикалық әдебиеттерде білім сапасы (білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жалпы білім беретін оқу орындарының жетістігі ), оқыту сапасы (мұғалім білім берудің әртүрлі оқыту технологиясын,әдістемесін,құралдарын қолдану арқылы жетеді), оқушының білім сапасы және т.б. ұғымдар кездеседі. Біздің қарастыратынымыз оқушының білім сапасы, яғни орта, негізгі, бастауыш білім беру мазмұнының міндетті минимумын игерген жетістігін бағалаумен анықталатын (күнделікті, тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық, қорытынды) нәтижесі. Бұл анықтама ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы білім беру сапасы күтілетін нәтижеге қол жетуімен анықталады деген көзқарасқа сай келеді.
Кез келген дамыған елде білім сапасы мемлекет пен қоғамның қатаң бақылауында тұрады.Қазақстанда білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесі құрылды ( 2). Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай және ішкі бағалау әдістері арқылы өткізіледі. Тәуелсіз сыртқы бағалау лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу, мемлекеттік аралық бақылау, талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б. элементтерін қамтиды.
Ел үкіметі 2011 жылы шілдеде ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдарын құру жөнінде қаулы қабылдады.Сөйтіп, барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларында білім саласындағы бақылау департаменті дүниеге келді. Көптеген міндеттерінің ішінен білім сапасын арттыруға әсер ететіндерін атап өтейік – білім беру мониторингін жасау, ұлттық тестілеу барысын және оқу жетістіктерін сырттай бағалау рәсімдерінің жүргізілуін қадағалау.
Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.
Елбасы: "XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады"-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.
"Бастауыш-білім негізі" деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім берудің басты міндеті сапаға зейін аудару, ұғымдар, ережелер, амалдар-педагогикалық іс-әрекеттер арқылы қалыптастырылып, жүзеге асырылуы тиісті. Бастауыш мектеп-баланың дамуының іргетасы қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.
Бастауыш мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекеттіміздің болашақтары-жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке тұлғаны қалыптастырды.
Бастауыш сатыға білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдісінің жаңаша ұйымдастыру-сапалы білім беру, оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіруді қамтамасыз ету, анық философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздердің терең, жүйелі зерделеу, салыстыруды қажет етеді.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында:"Ұлттық бәсекелестікке қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңестілігіне кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз",-дегені белгілі.
Осы талапты жүзеге асыру үлкен үлесті мұғалімдер қауымы атқарады, олар-мектептің алтын арқауы. Білім негізі бастауышта, тіпті бірінші сыныпта қаланады десек, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жанашарлығы, еңбек сүйіспеншілігі,адалдығы мен шыншылдығы нақ осы кезеңнен бастау алады.
Бастауыштан оқушылардың оқу тәртібін, жалпы әдептілігін, мәдениеттілігін қалыптастыру, оқу процесін ереже, талаптарға, жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарламамен, сабақ кестесі, уақыт кестесімен, оқыту үдерісінде оқудың, іс-әрекеттің уақыттың пайдалы әсер коэффициенттін жоғарлатып, сапалы білім берумен бірге, әрқашанда жас ұрпаққа жан жылуын беру ерекше маңызды. Білім бастауы бастауышта, олай болса сабақ үлгерімін алғашқы күннен күн тәртібінде болуы шарт.
«Бастауыш мектеп жасындағы оқушы» деген термин тың ұғым болғандықтан біз осының орнына «кіші оқушы» деген сөз қолданамыз. Осыған орай біз-кіші оқушының психикалық тұрғыдан өзіндік сипатына тоқталық. Бұрын балалар оқымаған кезінде «Бастауыш мектеп жасы «Кіші жас» деген жас кезеңдер кездеспейтінін біз ескергенбіз. Бұл жастың \7-11 жастың\ өзінде жас кезеңіне бөлінуі оқудың \әсіресе орта оқу мектебінің\ көп елдерде жаппай оқу үстем алып дамып келуінен, осы жас кезеңнің өзінше бөліп алып қараудың себебі-бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тең ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Міне, бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан.
Үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1 кластың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы \2-3\ кластарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші класта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей обьектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп бәлендей обьектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбінесе аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бәлендей нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге 1-кластан мән беру қажет. Жалпы алғанда 2-3 кластағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Оның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.
Кіші оқушылардың оқу әрекетіне келелік. Оқуда өзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті тек білім алуымен шектелмейді. Осыған ептілік пен дағдылану керек.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.
Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды.
Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек.Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады.Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сәл нәрсе қызық болмаса да жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.
Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.
Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі:біріншіден,берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады.
Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін және пробемалық мәселелерді орындай білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, географиялық, математикалық т.б. есептер шығару жұмысы жатады.
Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекетену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: біріншіден берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден, соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай \дұрыс, я, бұрыс\ орындалғанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады:1\ тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан. 2\ тапсырманы орындаудан. 3\ орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен. 4\ баға қоюдан. Мысалы, біздің әуелгі схемамыздағы тапсырманың шартымен танысу дегенді мұнда оқу жағдайы деп атайды. Себебі бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация болатыны екендігі жөнінде айтылып отыр.
Ал соңғы саты-баға бұл өзінше баланың тапсырманы қалай орындаған дәрежесін оған білдіру. Бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.
Тапсырма яғни оқу жағдайы деп отырғаны сол тапсырмаға кіріспей тұрып, соны орындауға арналған ережелерді білу, не сол жөнінде тиісті мәліметтерге ие болу, мысалы, диктовка жазу үшін соған кіріспей тұрып, бірнеше сабақтарда жеке сөздердің құрамын, солардың қандай буындардан тұратынын біліп және сөз бен сөйлемдерді құрудағы ережелерді \емлені\ білу қажет. Егер осыларды білмесе, оқушы диктовканы дұрыс жаза алмайды. Сол сияқты тиісті есепті шығару үшін, әуелі мағлұматтардың \сандардың\ өзара байланысын, байланысты қалай табу тәсілдерін бір операциядан екінші-операцияға көшуді т.б. білу қажет. Осыларды білудің қажет екені мынадан: баланың әрекеті ілгеріде айтқандай, үш кезеңнен тұратыны рас болғанымен, пәлендей мәселені шешу \диктовка жазу, есеп шығару т.б.\ сол кездегі әрекеттесудің жемісі емес. Мұны орындау үшін оқушы алдын-ала дайындық жұмысынан өтуі тиіс. Егер бала тиісті дайындық кезеңдерінен өтпей, оның немесе бірнеше тізбегін орындауға үйренбей тастап кетсе, тапсырманы орындай алуы мүмкін емес. Бұл жерде оқу ситуациясы деп отырғаны бәлендей жұмбақ мәселелерді шешу үшін осыған орай жағдайды \ережелерді т.б\ еске алу керек деген мағынаны білдіреді. Себебі тиісті тапсырманы орындаттыру үшін, соған қатысты мағлұматтармен жақсы танысып, соларды тиісті ситуацияға қолдана білу қажет.
Ал оқу әрекетінең ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі тиісті мағлұматтарды пайдалана отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Осыны оқу әрекеті дейді. Тапсырманы қалай орындауда және пәндер сабағына тәуелділігі түрліше келеді. Айталық, кіші оқушылар сөздің құрамы және осындағы морфемалардың ролін білу үшін мынадай бірнеше әрекет жасауы қажет:
1\ берілген сөздің шығу тегін \этимологиясын\ біліп, осыны тап сондай, не ұқсас вариттармен салыстыру қажет;
2\ әуелі сөздің мағынасын одан шыққан сөздің мағынасымен салыстыру керек;
3\ әуелі сөздің формасын \жазылуын,не дыбысын\ одан пайда болған сөзбен теңдестіру қажет;
4\ тапсырма ретінде берілген сөздегі морфемалардың қандай қызмет ақпаратынын тексере білу керек. Осылардың бәрі жеке оқу әрекеті болып саналады. Осы ережелер, яғни нұсқаулар қазірге дейін кейбір қазірге дейін болып келген алгоритмаларға сүйеніп баланы оқыту қажет дейтін кейбір психологтардың \Н.Ф.Талызина т.б./ талабына ұқсас сияқты. Бірақ бұл бөлек операцияларды орындауға кіріспей тұрып, осыған байланысты ситуацияларды еске алуы керек. Тек сонда ғана тапсырманы бала дұрыс орындайтын болады.
Осы сияқты жеке әрекеттер орындалған соң, солардың қалай орындалғанын баланың өзі тексере білуі шарт. Егер орындағаны дұрыс болып келсе, бала келесі тапсырманы орындауға көшеді, қате болса, соны қайтадан орындауға көшеді. \Мұны «қайта оралу хабары» деп атайды\.
Бұл келтірілген оқу әрекетінің құрамына қарағанда тапсырманы баланың өзі орындайды және қалай орындағанын өзі тексереді. Мұғалім тек баға қояды. Оқу әрекетінің осы құрамы бастауыш мектеп балаларының жұмысында кездеседі. Бірақ тапсырманы орындауға кіріспей тұрып, әдейі осыған орай ситуация жұмысын жасауға дайындық болғандықтан, балалардың тапсырманы орындауға арналған мәліметтерінде үзілді-кесінділер кездесіп тұратынан бұл жаңа талапты жүзеге асыру үшін осыған біраз дайындықтың болуы қажет.
Ал осындай үлгі арқылы тиісті пәннің мазмұнын "пішіп" оқытуға баланы қалайша баулу қажет? Оқытудың бұл түрін қазіргі дәстүр болып келген тәсілдерге сүйене отырып қалыптастыру қиын. Дегенмен осы жаңа талапқа байланысты өнерлерге баланы талпындыру қажет. Бұл үшін балаға тапсырма берерде, сол тапсырмаға орай не біледі, нені есіне түсіруді қажет екенін тексеру керек. Егер,тиісті мәліметтерді және не істеуді бала түгел білсе, тапсырманы орындауда қиналмайтын болады.
Ал оқу әрекетінің тексеру кезеңіне келсек, осыған мән берудің үлкен маңызы бар. Күнделікте, кейбір балалардың нашар оқуының себебі тапсырманы орындап біттім деген соң, соның нәтижесін тексермей, сабаққа бірден келуінен мұндай сәтсіздік оқушының кішкентай жасынан бастап осыған мән бермеуінен \оқушының жалқаулығынан\ кездеседі. Ал мұнымен күресті тапсырманы орындаған соң, соның қиыншылықты дұрыс екенін оны тексере білуге үйретсе, балалардың бәрі қатесіз оқитын болар еді. Себебі бала тапсырманы қате орындағанын үйде отырып білсе, уақытын бос өткізбей, сол қатені жоюға әрекет жасаған болар еді. Бастауыш сыныпта оқушыдардың оқу үлгерімін жетілдіру арқылы қоғамда өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын,үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, еліміздің болашағы үшін жан-жаққа жамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға негіз қаланады.

Солтүтік Қазақстан облысы


Есіл ауданы
Чириковка орта мектебі

«Бастауыш білім берудегі өзекті мәселелер»
( баяндама)

Орындаған: Жагипароав В.Е.



2017 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет