2-параграф. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
68. Бастауыш білім беру мазмұны жеті білім беру саласын құрайды: "Тіл және әдебиет", "Математика", "Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру".
69. Бақылау нысандары ауызша, жазбаша және шығармашылық жұмыстар, тест тапсырмаларының ашық және жабық нысандары, бақылау жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде болуы мүмкін.
70. Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады:
1) тұлғалық нәтижелер;
2) жүйелік-әрекеттік нәтижелер;
3) пәндік нәтижелер.
71. Пәндік нәтижелер білім алушылардың бастауыш білімнің базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығынан көрінеді және базалық деңгейде белгіленеді.
72. Білім алушылардың оқу пәндерін игеруінің базалық деңгейі білімнің міндетті минимум көлемін және олардың біліктілігі мен дағдыларын қамтиды.
5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
73. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – төрт жыл.
74. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 33 оқу аптасын, 2-4-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
75. Оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды.
76. Каникулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. 1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |