Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 24. «Дене шынықтыру»



бет6/12
Дата27.08.2022
өлшемі143,92 Kb.
#148269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Стандарт
6 с қазақ т 22.09.2022ж, Ата аналар жиналысы, 6 с қазақ т 20.09.2022ж, 9 с әдебиет 09.09.2022ж, Оқу және тіл дамыту, Ата аналар жиналысы баяндама, 135 ЖОББМ Эссе. Бауыржан М.Б.
«Шетел тілі»:
1) тыңдалым: білім алушы әртүрлі жанрлардағы түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын, таныс және жартылай таныс тақырып бойынша диалогтерді түсінеді; формалар, кестелер, сызбаларды толтыру үшін анағұрлым функционалдық маңызды мағыналық, оның ішінде толық және ерекше ақпаратты іріктейді; әртүрлі білім беру салаларының, сонымен қатар тілдесудің өзге де салаларының мәтіндерінде кездесетін терминдер мен негізгі бірліктерінің мәнін түсінеді; дерек пен пікірді ажырата алады; оқыған және жалпы тақырыптар шеңберінде әртүрлі жанр мен стильдегі орта көлемдегі мәтін ішінен сәйкессіздіктерді тауып алады және өзара салыстыра алады, мәнмәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсінеді;
2) айтылым: білім алушы ресми және бейресми күнделікті тілдесу жағдаяттарында диалог жүргізеді; тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын қолдана отырып, өзінің сөздерін дұрыс ресімдейді; алдын ала ұсынылған тілдік байланыстағы тактиканы іске асыра отырып, қоршаған шынайы ортаға деген эмоционалды тұрғыдан бағалаудағы көзқарасын білдіре алады; өзінің көзқарасын дәлелдей отырып, мәтіндерді талдайды және салыстырады; оқиғаларға, пікірлерге және мәселелерге баға бере отырып, пайымдайды; қорытынды жасайды және берілген мәселе бойынша өзінің шешу жолдарын ұсынады;
3)оқылым: білім алушы белгілі бір күрделіліктегі публицистикалық, ғылыми танымал, көркем мәтіндердегі негізгі мазмұнды түсінеді; оқудың әртүрлі стратегияларын пайдаланады; оқиғалар мен құбылыстардың уақытша және себеп-салдарлық өзара байланысын анықтайды; кітаптар және электронды ресурстарды пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және салыстырады; түрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің мазмұнын сын тұрғысынан бағалайды.
4) жазылым:
білім алушы жазбаша хабарлама тезистерін жасайды, жоспар құрады, түрлі жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді редакциялайды және түзетеді; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; медиа-ақпарат негізінде дәлелге сүйенген мәтін жазады; өзінің мәселеге қатысты көзқарасын білдіре отырып, проблемалық сипатта мәтіндерді жазады; іс туралы хаттар мен құжаттарды дайындайды; әртүрлі тақырыптарда эссе жазады (150-200 сөз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет