Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 24. «Дене шынықтыру»


«Ана тілі», «Ана әдебиеті» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)



бет4/12
Дата27.08.2022
өлшемі143,92 Kb.
#148269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Стандарт
6 с қазақ т 22.09.2022ж, Ата аналар жиналысы, 6 с қазақ т 20.09.2022ж, 9 с әдебиет 09.09.2022ж, Оқу және тіл дамыту, Ата аналар жиналысы баяндама, 135 ЖОББМ Эссе. Бауыржан М.Б.
«Ана тілі», «Ана әдебиеті» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми- техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдына қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып және оның шешу жолдарын ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды сақтайды;
4) әдебиет дамуындағы негізгі үрдістерді, оның қоғам дамуымен байланысын; әдебиет саласындағы көрнекті қайраткерлердің биографиялық деректерін; әлемдік әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әдебиет теориясы туралынегізгі түсініктерді; толық және шолып оқу бағытында олардың нақты мазмұнын айту үшін, (басты кейіпкерлерді, негізгі сюжеттік желісі мен оқиғаларды) шығарманың мазмұнын біледі;
5) тарихи-мәдени және әдеби процестегі шығармалардың орны мен рөлін; көркем әдебиетте көрсетілген ұлттық құндылықтарды, оның тарихи дамуында әдебиеттің қалыптасу процесін; шығармалардың идеясын және оны жеткізе білудегі автордың шеберлігін, қолданған әдістерін; шығармадағы құрылымдық элементтердің мағынасын (сюжет және композиция, көпқырлы көркем детальдар мен оның мәтінде берілген проблемамен астарласуы, көркем сөзді бейнелеуіш құрал ретінде тиімді пайдалануы); автордың негізгі ойын, жазушының өз шығармасындағы кейіпкерлері мен оқиғаларға көзқарасын, авторлық ұстанымды; шығарма арқылы берілетін көңіл-күйді түсінеді;
6) әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындау барысында, өзінің талдамалы сипаттағы мәтінін құруда, зерттелген мәтінді түсіндіруде; өзі үшін оқуға белгілеген идеялық-тақырыптық тұрғыдан алуан түрлі өнер туындыларын және көркем шығармаларды бағалауда; пікірталастарда, жұрт алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін білдіруде, көркем әдеби шығарманы өзіндік талдауда жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
7) әдеби шығарманы оның мазмұнын тұжырымдай отырып, әңгімелеу арқылы; әртүрлі жанрдағы шығармаларды талдай отырып, шығарма желісінде оқиға болған уақытты, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінікті, нақты тарихи және өзекті мәселелерді; автордың шығарма негізіне алған идеясы бойынша ой қозғайды, талдайды;
8) аннотация, пікір жазу үшін оқыған шығарманың мазмұнын; түрлі ақпарат көздерінен, оның ішінде Интернет желісінен алынған ақпараттарды шығармашылық жұмыстарға негізге алу үшін, өзінің жеке көзқарасы мен алынған ақпаратты; қазақтың және өзге ұлттардың құндылықтарымен байланыстырудағы әдістерді; көркем шығарманың жанрлық шығу тегіне сәйкес талдаудың әдістерін жинақтайды;
9) көркем шығармалардың құндылығын; ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін және оның әлем мәдениетінің контексіндегі алатын орнын; көркем шығарманың мазмұны жағынан өзектілігін және оның адамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мәнін; шығарманың композициялық және стильдік тұрғыдан үйлесімін, тілінің байлығын, қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудегі тиімділігін ауызша және жазбаша жеткізуді; басқа да көркем шығарма құралдары арқылы көркем мәтінді әңгімелеуді бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет