Орындаған: Серік Әсем Амангелдіқызы
Тобы :
ТП-20-10к2 Ғылыми жетекші:
магистр, аға оқытушы Алтаева Н.А.
Бастауыш мектептерде арифметиканы оқыту
технологиясы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5 1 Бастауыш мектептерде арифметиканы оқыту технологиясы
6
1.1 Есеп шығаруға үйрету
6
1.2 Ауызша есептеулер жүргізудің таблицадан
тыс жағдайларын орындауға машықтандыру
2 Бастауыш мектептерде арифметиканы
оқыту технологиясы
15
2.1 Арифметикалық мысалдар мен есептер
15
2.2 Арифметикалық есептердің түрлері: құрама
есеп және жәй есеп, оны шешу әдістері
17
ҚОРЫТЫНДЫ
21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
22
Кіріспе
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Дамушы
мемлекетімізде математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру
мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан
Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көніл аударылған.
Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар
аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірбиеде үш
тенденция байқалады: барлық балаларға математикадан бір дәрежеде
білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарды
кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін
мемлекеттердің барлық сатысында математикадан білім беруді жеке
даралау мен топтау әдістері арқылы іске асыруды кеңінен енгізу. Осы
орайда математиканы оқытудың негізгі мақсаттары болып оқушылардың
дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, табиғатты ғылыми
тұрғыдан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін
бейнелеу; оларға адамгершілік және эстетикалық
тәрбие беру;
балалардың алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге,
практикалық есептерді шығаруға, сондай-ақ математиканы басқа
пәндерге қолдана білуге үйрету; балалардың өздігінен білім алуына
көмектесу және тағы басқа болып табылады [1].
•Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру және оларды ұйымдастыру әдістемесі жүйелеу.