1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Қазіргі таңда мектептердің алдына қойған бірден-бір мақсаты – дамыта отырып, шығармашылыққа бейім тұлғаны қалыптастыру. Мұғалімдердің біліктілігін арттырып, шәкіртке саналы білім, саналы тәрбие беру. Бүгінгі педагогикалық -дидактикалық ұсыныстарға жүгінсек, оқытудың басты міндеті -мұғалімнің білім беру және оқушының білім алуындағы шығармашылық деңгейінің дұрыс қалыптасуында. Кіші мектеп оқушыларына білім берудің ең басты өзгерісі өзінің мағынасында жаңа мақсат –міндеттерді қонды және мектептің іс -әрекетіне жаңа технологияны ендіруді талап етеді. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, ал шығармашылық әрекет нақты жағдайдағы мәселені шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Психологиялық зерттеулер мысалы, Омарбеков С. білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім таба білуді, шығармашылық әрекет деп түсірдірді. Жүнісов Н. “шығармашылық әрекетті, мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа баулиды” идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеттерін атайды. Еліміздің егемен алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі, саяси әлеуметтік өміріміздің басты буыны – білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді. Педагогика ғылымында мектеп мәселесіне арналған жалпы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болуда. Сондықтан мектептегі оқушылардың шығарамылық қабілеттерін дамыту, қалыптастыруда кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу педагогтардың тікелей жұмысына байланысты. Сондықтан мұғалім де сабаққа дайындалу кезінде әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке берілетін тапсырмалар жүйесін әр оқуышының беленділігі мен қабілетіне қарап, мұқият беру керек. [17]
Кіші мекптеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Радлов В.В сөзімен айтқанда “бала білім мен толтыратын бос ыдыс емес, ол - жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана” деген болатын. Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық жұмысы тек өзіне ғана болып табылатын, субъективті жаңалық. Оқушыларды оқыту барысыныда шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытудың мынадай кезеңдерін шартты түрде топтастыруға болады:
Жаңалықпен бетпе-бет келу;
Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық;
Шешімнің жарық көруі;
Шығармашылық акт;
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.[18]
Осы шығармашылықтың кезінде бала бойында әртүрлі қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, жаңалықты сезіну, күдік, елес, табандылық, танымдылық, белсенділік, жоғары көңіл-күйді қалыптастырса, сол еңбектің нәтижесі баланы жаңа жетістіктерге жетелейді, жігерлендіреді. Кіші мектеп жасындағы оқушыларда бұл қасиеттердің барлығы орын табады. Бұл кезеңдер шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына орай араласып, ауысып, қабысып жатады. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден: кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден – кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Қазіргі қоғам талабына сай, оның дамуына орай кіші мектеп жасындағы оқушылардың кез-келгені шығармашылық тапсырманы шешуді табысты меңгере алады. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл – педагогикалық, психологиялық үрдістегі өзгертулермен тығыз байлынысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыпасуда. Жастарға білім беру мен тәрбие берудің негізі болып саналатын мектептердің педагогикалық үрдісін жаңарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш сынып – мұның түп қазығы, бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты, және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі аталатыны айқын. Оқыту үрдісін бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармышылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Меттепте қазақ тілін меңгертудің басты мақсаты – ең басты қатынас құралы болып табылатын тіл заңдылықарын игертумен бірге, оқушылардың танымдық процестерін (түйсік, ес, қиял, ой т.б.), сөйлеу мәдениеті мен жазуды дағдыландыру, қалыптастыру, көрген-білгені және естігені бйынша жүйелі де әсерлі жеткізе білуге жаттықтыру.
Белгілі ғалымдардың іс-тәжірибесіне сүйенер болсақ, қазақ тілін оқытуда лаға қойған орасан зор міндеттерді мұғалім сыныптағы сабақтың жалаң өзімен ғана жүзеге асыру қиын екені белгілі. Олай болсы, бір ғана сабақ формасына сүйену жеткіліксіз. Қазақ тілі материалдырыноқушыларға сапалы меңгертуде мектепте әр түрлі жұсымтар жүргізілерді. Ал бұдл жұмыстардың құрамдыс бөлігінің бірі – ана тілінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. Мектептегі озат ұстаздардың тәжірибесі көрсеткендей, ол оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын мақсатты пайдалануға, оқу тәрбие жұмысының сапасын арттырып, баланың білімі мен қабат ой-өрісін дамытуға меңгерген тілдік материалдарды іс-тәжірибеде пайдалана білуге, өз беттерінше кітаптар мен басқа білім көздерінен ақпарат алуғадағдыландырады. Оқушының дүниетанымынкеңейтіп, шығармашылық ізденіске қызығушылығынарттырады, танымдық қызығушылығын тәрбиелейді.
Сыныптан тыс жұмыстарды мұғалім тарапынан берліген тапсырмаларды орындау барысында балада бүгінгі өмір талабына сай практикалық мәні бар дағдылар қалыптасады:
белгілі білім көздерінен қажеттіматериал жинақтайды;
кітаптармен, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуді меңгереді;
теледидардан, ертеңгіліктер мен әдеби кештерде және көпшілік алдында мүдірмей сөйлеуге жаттығады;
мектептегі қабырға газеттеріне, күнделікті баспасөз беттеріне мақала жазу машығын игереді;
сынып немесе мектеп көрмесін құралдар жасауға дағыдыланады.
Оқушы мектепте, ауданда, облыс көлемінде ұйымдастылыған қазақ тілінен сыныптан тысжұмыстаға (конкурс, олимпиада, КВН т.б.) қатысу арқылы өз ұжымының абыройын көтеруге ат салысады. Нәтижесінде өз ұжымын сүю сезімі қалыптасады. Ең бастысы, ана тілінің ұшан теңіз байлығын сезініп, сұлу да сырлы оралымдарын меңгереді.
Қазіргі таңда, Республикамыз өз егемендігін жариялап, қазақ тілі қазақ елінің мемлекеттік тілі деп жариялаған шақта ана тілін оқытудың ролі артып, оны оқытуды қайта құрудың жаңа кезеңі басталды.
Уақыт талабы оқу-тәрбие процесін батыл интенсивтендіру – оқушылардың білім жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терң білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждақаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай, мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздері нығайту – оқушыларға білімді игеруде бар мүмкіншілікті тиімді пайдаланып, барлық әдәс-тәсілдерді жетілдіріп, отырғанда ғана, сапалы білім, саналы тәрбие беру жүзеге асады.
Өмірдің осы талаптарына сай, қазақ тілі сабақтарын жақсарту жайлы, қазақ елінің тұңғыш президенті: Н.Назарбаевтың теледидардан сөйлеген сөзінде: “Қазақ тілін мемлеекттік тіл ретінде қалыптасуына қаржылық, ұжымдық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда жан-жақты жәрдемдесуінде болып тұр. Сондықтан да, бізге қазақ тілінің мұғалім кадрлары, тілді балаға жастан үйрететін тиімді әдістеме керек” – деген болатын. Осыған байланысты мектепте қазақ тілін оқытуды, атап айтқанда бастауыш сыныптарды білімді тереңдете беру үшін “бастауыш сыныптыңоқушыларына қазақ тілінен грамматикалық ойындар жүргізу” деген.
Бастауыш сыныптарда грамматикалық ойындар жүргізу әлі зерттеліп болмаған мәселе. Сондықтан да болар, мектепте балаларға ойынды өте аз мөлшерде, жетімсіз дәрежеде ойнатылады. Ал, бұл баланың дамуын тежеп, ойлау қабілетін төмендетіп, оқу үлгерімін нашарлатады.
Алты жасар бала – бұл әлі кішкентай ойын баласы. Егер оны үлкендермен саластармалы түрде алатын болсақ, біріншіден, ол көпнәрсені істей алмайды. Сонымен бірге ол, көпнәрсені сітей алатынын және оның спихикасы мен жеке басы мүмкіндіктерінің қандай екенін білу өте-өте маңызды.
Бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттің үшеуі де: ойында, еңбек те, оқу да тән. Олар еңбек ету барысында білім жолында жеіске жетеді, дегенмен ойын бұл жастағы балалар үшін ең маңыздысы.
Сауранбаев Н: “Ойын – балалар өмірінде өте маңызды зорнәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмсы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.
Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдыментәрбиені ойын арқылы алады” – деп балалардың ойынын жоғары бағалады.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың ең негізгі де, тиімді тәсілі. Ойын – балаларға өмірде кездесетін қиындықтарды мойымастан жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.[20]
Сауранбаев Н: “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды” – деп санайды.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын элементтері материалды түсіндірудің кезінде берік меңгертуге кездеседі: өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауысып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы әрі сапалы, әрі ықыласпен орындайды.Ойынға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:
Ойынның мақсаты нақты немесе көрнекіліктер мен материалдар күнілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
Ойынға кірісер алдында олардың жүргізу тәртібі оларға әбден түсіндірілгені жөн.
Ойынға сыныптағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
Ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек. [21]
Зейін дегеніміз сананың бір объектіге шоғырландырып, ол объектінің біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.
Зейін адамның психикалық іс-әркетінің бағытын көрсетеді. Егер адамда зейін қою қабілеті болмаса, онда оқу, үғыну жөнінде айтудың қажеті жоқ болар еді. Тәрбие оқу жұмысының нәтижелі болуының бір шарты – бүкіл оқу процесінің барысында оқушының жоғарғы дәрежеде шоғырланған, үздіксіз толастамайтын зейінін тудырып отыру.
Зейіннің танымдық ролі жөнінде К.Д.Ушинский: “Зейін сыртқы танымдық дүниенің санаға енетін адам жан дүниесінің бірден-бір есігі, олай болса ешбір білімдік ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды” – деген еді.
И.П.Павловтың жоғарғы жүйке қызметіжөніндегі ілімі физиологиялық механизмін түсінуге көмектеседі. Ми ықыртысының бір бөлігінде қозу орталығы пайда болғанда, басқа қоршаған ортада тежелу пайда болады да, қозу бір орталыққа шоғырланады. Сондықтан да, оқу жұмысында тиісті объектіге, материалға оқушының зейініін аударуға мән беріледі. Бұл, әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, өйткені бастауыш сынып оқушысының зейінін тұрақсыз, құбылмалы болуында. Бұл жаста бала әлі де өз зейінін басқаруды игермеген, сондықтан оқу процесінің әр сәтінде өмірдің сезім мүшесі тиісті объектіге бағытталып, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға көңіл блгені жөн. Я.А.Каменский зейінді заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленіне мән көп беретін “ақылдықлық сәулесі” – деп атады. Ол “өз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды. Оқушыға ұстаз ғылым арнасына ағатын бұлақ, осы қайнардың ағытылу сәтінде, дер кезінде сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылану керек және бұл үшін өмірдің әр нәрсеге деген қызығушылық зейінін оята білу қажет” – деді.
Бастауыш сынып оқуышарлында ырықты знйіннен ырықсыз зейін басым. Сондықтан, сабақ процесінде оқуышыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрікті заттарға, ойынға көп көңіл бөлу керек. Осы арқылы бала бойында шығармашылық қабылет қалыптастыру қажет.
Түйсік –сезімнің танымдық негізі. Түйсік дегеніміз құыбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуі арқылы бейнеленуінің алғашқы формасы. Зейін – түйсінудің алғы шарты. Түйсіну нәтижесінде бала зат пен құбылыстың жеке қасиеті, сапасы туралы мәлімет алады.Ал, қабылдау арқылы зат пен құыбылыс санамызда толық бейнеленетін болады.Сондықтан да, түйсікті қабылдаудың алғы шарты деп атаймыз.Қабылдау дегеніміз зат пен қыбылыстың барлық қасиеттерінің біздің санамызда толық бейнеленуі.Қабылдау процесінде элементтер бірігіп, бейнеленетін заттарға біртұтас құрылымдық сипат беріп, адамның басқа да психикалық процесс пен ой, сезім, сөз, ерік байланысты жүзеге асады.
Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтылығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нәрселерге көңіл аударады. Мектеп жұмысының шарты алғашқы күндерден бастап баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және мәліметтерді назардан тыс қалмауды талап теді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілікке зейінін бағыттауды үйренеді. Міне, осы таным процестері оқушыда дұрыс қалыптасса ғана оқушының шығармышылық қабілеті артады.
Достарыңызбен бөлісу: |