Қорытындылау:
а) Мақал таратып, оның ішіндегі сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдыру.
ә) Сонымен, балалар, сан есімді еске түсірдік.
Сан есімнің түрлері, сөз құрамына талдау.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Сан есімге байланысты екі жаңылтпаш жазып келу.
Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылыған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру барысында бала бойында шығармышылық қабілет, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе халықтық педагогиканы пайдаланып, ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалана отырып баланың шығармашылық қызығушылығын арттырамыз. Қазақ халқының мейірімділігі, кең пейілдігі, сыпайылығы, көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелесу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет-ғұрыпты үйретуге болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. В.Г.Белинский: «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазір ортамызда «Қиын балалар», жасөспірімдер, ата-анасы көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға душар болған жастарымыз көп. Біздің мақсатымыз –оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы – жастарымыз дұрыс тәрбиеге наннан да артық душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін-бірі тәрбиелемеске? Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А.Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.
Ендеше, тәрбие — ауадай қажет. Оқушы жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу алдымызға мынадай міндеттер қойды:
-оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;
- оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;
- оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;
- оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік, дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;
- оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;
- оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік менін оятуға бағдар беру.
Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.
Дәлелдеу сатысы. Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Гуманист болу деген не? Ол қайырымдылықтан тұрады. Ал қайырымдылық қандай қасиет?
«Мен өмірде неге қол жеткізуім керек?» — деген сұраққа жауап берместен бұрын: «Мен қандай болуға тиіспін?». «Адам болу деген не?» — тәрізді сұрақтарға ойлануымыз керек. Мысалы, теректің «жақсы» өсіп-дамуына құнарлы топырақ, ауа-райының қолайлы болуы,т.б. жағдайлар әсер етеді. Ал өсімдіктің өсуіне кедергі келтіретін «жаман» жағдайларға: құрғақшылық, өсімдікті бүлдіретін зиянкестер, дауылдар жататыны белгілі. Дәл осы тәрізді адам үшін де жақсы мен жамандық алмасып келіп тұрады. Жақсы жағдайда адам бойындағы адамшылық қасиеттер өніп, адамның Адам болып қалыптасуына көмектеседі. Жақсылыққа қайшы жамандық бар.
Қайшылық сатысы. Адам бойындағы жақсылық пен жамандық тек сыртқы жағдайлардың әсерінен ғана болып қоймайды, олар адамның ішкі жан дүниесінен де орын алады. Адамгершілік дегеніміз айналамызға қайырымдылық нұрын шашудан тұрады екен.
Ұлылар сатысы. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі — залымдық», — деп білемін дейді 38 қара сөзінде ұлы Абай.
Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу — өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Жүрек жылуынан басқа табиғат жылуы, күн жылуының да әсері мол.
Шығармашылық саты. Күннен жылу алалық. Тренинг.
Эвристикалық саты. Білім беруді және тәрбиені ізгілендіру… Қанша ғасыр бойы жаңашыл педагогтар ой қозғады. Руссо теориялық жағынан толығынан жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ізгілендіру жүйесін құрды.
Ізгілендіру – білім беру процесінің қажеттілігін дәлелдейтін, жаңа педагогикалық ойлаудың негізгі элементі.
Баланың қажеттілігін іздеген педагогтар – Ш.Аманошвили(баланы сүю, махаббат қажеттілігі), И.С.Кон(үлкендерді құрметтеу қажеттілігі), А.В. Перовский(тұлға болып қалыптасу), А.В. Мудрик(өз мүмкіндіктерін іске асыру қажеттіліктері).
Қажеттілікті қанағаттандыру жағдайын жасау туралы А.С. Макаренко, В.С.Сухомлинский(Макаренко колониясы, Павлыш орта мектебі «Қуаныш мектебі») зерттеу еңбектерін жазып, бұл мектептерді өзін-өзі тану, өзін-өзі қалыптастыру мектептері – деп атады. Ал өзін өзі тану және қалыптастыру жоқ жерде өз мәніндегі өзін өзі тәрбиелеу бар деп айту қиын. [3]
Білім берудің негізгі мазмұны жеке тұлғаның дамуы болып табылады. Ал бұл педагогтар алдында тұрған мақсаттарды өзгерту дегенді білдіреді. Егерде бұрын олардың алдында білім беру мақсаты болса, ізгілендіру жаңа мақсат ұсынады — түрлі адамдар арқылы баланың дамуына жағдай жасау, көмек беру. Ізгілендіру «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі қарым-қатынасты өзгертіп, бірігіп жасау байланысын қондыруды талап етеді.
Биіктік сатысы. Адамның адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктері:
- Денсаулық қажеттілігі;
- Өзін-өзі қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі;
- Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі;
- Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі;
- Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі;
- Даму үшін шығармашылық қажеттілігі;
- Атқарған ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл-күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.
- Қажеттілік баланың қызығушылығынан пайда болады. Жүйелей келе, қажеттіліктерді баланың дамуын басқаратын бағдарлама деп санауға болады. Оқушы қажеттілікті қанағаттандыру арқылы өзінің «меніне» қадам басады,
Қазақстан Рерпубликасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы, Білім, Тілдер туралы заңдардың қабылдануы, білім берудің басты мұратын айқындайтын соңғы құжаттар, халық ағарту саласында болып жатқан өзгерістер жалпы білім беретін мектептердің алдына білім және тәрбие беру салаларын жақсарту міндетін алға қойып отыр. Қазіргі таңда жас ұрпақтың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту төңірегенде атқарылуға тиісті маңызды міндеттер көп. Ол міндеттер қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуынан және Білім туралы заңда көзделінген іс-шараларды жүзеге асырудан туындап отыр. Қазіргі мектептің құрылымы мен оның білім мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқыту сипатын ерекшелеу, жаңашылдандыру талаптарын қояды.
Жалпы орта мектепте оқытылатын пәндер жүйесінде қазақ тілі ерекше орын алады. Ж.Аймауытов оқыту мен тәрбие беру ісіндегі ана тілі мен қазақ тілінің орнын ерекше атап өтеді. “Бала оқуды тілден бастайды. Бастауыш мектептің көбінесе айналдыратын оқуы – тілдің мүшелерін анық білдіріп, баланың тілін байыту” дей келіп, “сөз – ойдың айнасы, ойсыз сөз жоқ” – деп тұжырымдайды. Жас буынның дұрыс ойлап, дұыс ойлауына, сөйлеуіне, ата-ана мен мектеп ұжымы, осы саланың оқытушылары бірден-бір жауапты деген пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-тәрбие процесіндегі ой-пікірлермен үндесіп жатқандығын байқауға болады. Оқушы білім алу үшін оқу процесінде өзінің дүниетанымын, қабілетін қалыптастыру керек дегенді жиі айтамыз. Оқушының сабақ үстінде танымдық іс-әтекетін, қабілетін қалыптастырудағы мақсат – білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқыту процестерін нәтижелі ұйымдастыру. Оқушылар шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-ана тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылармен шығамашылық тапсырма түрлерін жас ерекешелігіне, психологиялық даярлығына қарап қалыптастырады. Жан-жақты талант иесі М.Жұмабаев “Педагогика” еңбегінде бастауыш мектепте әдеби қабілеттілікті қапыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен. Ұлы ағартушыларымыз ұсынып отырған оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық кезеңінде яғни, оқушы, оқиға, сюжет, образ, көркемдік шешім таба алмай қиналғанда , мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл - мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы. Ана тілі қазақ тілі сабақтарында ұтымды уақыт тауып шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Мұғалім мәтіннің өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болады.
Оқушыларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.
Ертегіні ұжым болып тыңдау;
Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару;
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;
Мәтін бойынша мақал құрастыру;
Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару;
Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару;
Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру;
Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме жазу;
Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру;
Оқушылардың сабаққа қызығуы, яғни, сабақ мазмұнының қызғылықты, қызғылықсыз жүргізілуі жаттығулар мазмұнына, оның талаптарына да байланысты.
Оқушларға негізгі сатыда сапалы білім беру бағдарламадан бастау алады. Бағдарламада теориялық материалдар ауыр-жеңілдігіне қарай бір-бірімен байланыста, өзара сабақтастықта жүйелі түрде беріледі, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі. Бағдарламадағы қазақ тілі пәнінің білім мазмұны мен мақсаты мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойылған талартармен ұштастырылады. Сонымен қатар оқушылардың әр сынып бойынша қазақ тілінен игеретін білімі мен білік, дағдыларына қойылатын талаптар мен пәнаралық байланыстар көрсетіледі. Мектепте қазақ тілі пәнін оқыту міндеті – жеткіншек ұрпаққа ғылым негіздерінен терең де сапалы, тиянақты білім беру, оларды практикада қолдану қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру, яғни оқушылардың ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету десек, қазіргі заман талабына жауап бре алатын даралап, саралап оқыту және басқа ұстанымдар арқылы әрбір оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру бүгінгі күннің негізгі мақсаты болып отыр. Оқу процесі мұғалімнің басшылығымен, оқушылардың таным процестеріне негізделіп жүргізілсе нәтижелі болады. Оқыту – таным процесі, өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады. Оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады деген болатын Т.Сабыров. Ал, осы таным процестерінің оқушыда біркелкі болмайтындығын айта келіп, М.Жұмабаев “адамдардың есте сақтау қабілетін 4 топқа бөлді”:
кейбіреулері тез жаттап алып, тез ұмытады;
кейбіреулер баяу қабылдап, тез ұмытады;
кейбіреулер баяу қабылдап, бірақ тез ұмытпайды;
Кейбіреулер тез қабылдайды, сонда да ұмытпайды, - деп таным процесінің қабылдау, есте сақтау т.б. компоненттерінің жеке тұлғаны дамытудағы өзіндік ролін талдап көрсетеді. Кіші мектеп жасындағы оқушыларда шығармашылық қабілет бірдей болмайтындығына байланысты қолданылатын да материалдарды орнымен пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысьты. Оқулық- білім алудың құралы. Оның ең басты міндеті – оқушылардың білімін жетілдіру. Оқулық бағдарламаның негізінде жазылып, оқушыларға берілетін білім мазмұнын құрайды, білік, дағдыны қалыптастырады. Сонымен қатар сұрау тапсырмаларымен жұмыс жасағанда, үй тапсырмасын орындағанда жетекшілік қызмет атқарады. Сондықтан да мұғалім оқу процесінде оқулықты басшылыққа алады. Яғни, “оқулық жақсы сабақ берудің іргетасы” – деп К.Д.Ушинский айтқандай бүгінгі тәуелсіз еліміздің ұлттық қадір-қасиетін сақтауға негіз болатын, үздіксіз білім жүйесінің негізгі сатысы болып табылатын мектептегі қазақ тілі оқулығы. Демек, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда оқулықтың да өзіндік ролі бар. Оқулықтың білім мазмұны мен құрылымының ғылыми тұрғыдан дұрыс бағытта болуын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық талаптар мыналар:
Оқулық мазмұнының бағдарламаға және оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі;
Оқулық мазмұнының стандарт талаптарына сәйкестігі;
Оқулықтың теориялық, практикалық жақтарының бір-бірімен тығыз байланыста болуы;
Оқулық мазмұнның логикалық тұрғыда түсінікті болып, проблемалық ситуациялардың қамтылуы;
Тілінің жатық, оқушыға түсінікті болуы:
Сондай-ақ оқулықта грамматикалық анықтамалар да мысалдар арқылы беріледі. Әр түрлі жаттығулар, өткен грамматикалық материалдарды қайталау бағытында деңгейлік сұрау – тапсырмалар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ізденіске баулиды. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда әрбір тақырыпты түсіндірудің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрнекі, техникалық құралдарды пайдаланудың да маңызы зор. Баланың қызығушылығын оятатын, тәрбиелік мәні зор, түрлендіріп берілген жаттығулар көптеп кездеседі. [23,24]
Оқушының шығармашылғын қалыптастыруда практикалық жаттығулардың өз дәрежесінде орындалуының да ерекшелігі мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Егер сабақта оқушыларға зат есімді немесе сын есімді қатыстырып сөйлем құру тапсырылса, “Марат келді” немесе ақ көйлек, жасыл жапырақ сияқты сөз тіркестеріне жауап берген баланың білім деңгейіне қарап мұғалім өзінің сабақ үстінде танымдық жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастыра алмағандығынан оқушының алған білімінің жемісті болмағанын байқайды. Балаға мектепте жүйелі білім беруде мұғалім жетекші роль атқарады. “Білімдендіруді жүзеге асыратын – мұғалім” – дейді Ж. Аймауытов. Оқулықтағы білім мазмұнының күрделенуі сияқты әрбір грамматикалық тақырыптардағы жаттығуларды бірте-бірте күрделендіре беру оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қабілетін арттырады., уақыттың қалай тез өткенін сезбей қалады, жаттығуды қызыға орындайды. Оқушылардың сабаққа қызығу, сабақ мазмұнының қызғылықсыз жүргізілуі жаттығулар мазмұнына, оның талаптарына да байланысты. Оқушының шығармышылығы, қабілетін қалыптастыруда дидактикалық материалдар ойланатындай етіп құрылуы тиіс. Яғни, А.Байтұрсыновтың жеңілден ауырға қарай принципінде жүзеге асырылады. Жеңілден ауырға көшіру білім мазмұнында да берілген жаттығуларды оқушы бұрынғы өзінде бар білім негіздерімен ұштастыра орындайды. Ал, оқушыларға негізгі сатыда сапалы білім беру бағдарламадын бастау алады. Бағдарламада теориялық материалдар ауыр-жеңілдігіне қарай бір-бірімен байланыста, өзара сабақтастықта жүйелі түрде беріледі, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Ол үшін мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы тиіс. Яғни, оқушының назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі елеусіз болса да шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн: әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын. әдіс-тәсілін білу керек;
шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны кіші мектеп жасындағы оқушылардың жасерекшеліктеріне, қызығушылығына үйлесуі тиіс;
тапсырма – міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі. Мұғалімнің ең үлкен міндеті – бала белгілі бір шешім тауып, ойын тұжырым жасап түсінгенге днйін назардан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы;
шығармашылықпен жек дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл оқушылары ойласуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу қажет;
сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату;
мұғалім-оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал, егер ол оқиға, сюжет құруға, образ жасауда шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді. Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сондықтан, мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды:
шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;
шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – “сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді” деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне -өзі тым риза болмаушылық сезімі; үіншісі – жалқаулық. Мұндай жағдайда оқушыны құтқарудың тиімді жолдарын табу көзделеді;
оқушының шығармышлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;
шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;
Мұғалім оқушы шығармышылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек:
Шығармашылық тапсырманың мазмұн – түрін ойлап табу;
Шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс тәсілін меңгеру;
Шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық- психологиялық, әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.
Оқыту әдәстері бұр мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы филиософиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынысына мақсатқа жетуіс-әрекетін нақыт ретке келтіру деген тәсілдер.
Соынмен оқу әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, оқушылардығ шығармышылық қабілеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелероқушылардың танымдық қызығушылығында қолданылатын оқыту әдістерінің ішінде шығармышылық қабілет белсенділігін жетілдіру. Сабаққа белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.
Халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, өзіндік үлгі өнегінің балалар бойына сіңіруде мақал-мәтелдің орын бөлек ерекшеліктерін анықтайды.
Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады: оқыту әдістерә шындықты тануға әрекет жасайды, идея нақты өмір мәліметтермен қорытындыланады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының белсенділігін жетілдірудің шығармашылық қабылеттірінің дамуының негізі болады.
Ю.К.Бабанский бірсыпыра Ресей ғалымдарының Е.Я.Голанд, Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин т.б. оқыту әдістері жіктеуіне сүйене отырып, оларды үш топқа бөлуді ұсынды.
Оқу-танымдық қызығушылығын ұйымдастыру және іске асыру әдістері: сөздік әдістері ( әңгіме, әңгімелесу, лекция): практикалық әдістер (жазба жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар, тәжірибе және бақылау, оқушылаодың шеберханаларда, еңбек тапсырмасын орындау, оқыту машиналарымен жұмыс, дыбыс жасап шығарушы аппаратуралар т.б.); көрнекілік әдістер ( иллюстрация, демонстрация, оқу теледидары); индуктивті және дедуктивті, прблемалы ішінара іздену әдістері, өз бетінше жұмысістеу барысында белсенділігін жетілдіреді.
Оқу – танымдық қызығушылығын ынталандыру әдістері оқушылардың танымдық ықыласын қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілікті қалыптастыру әдістері, оқудығы жауапкершілікті және міндетті, белсенділікті ынталандыру әдістері, оқудың қоғамыдқ және жеке адамның маңыздылығын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту.
Оқу – шығармышылық қабілетін бақылау және өзін-өзі бақылау әдісі. Ауызша бақылау әдістері: Жазбаша бақылау әдістері; Машиналық бақылау әдістері; Өін-өзі бақылау әдістері. Ю.К.Бабанский ұсынған жіктеуде оқыту әдістері қазіргі жағдайда білім беру ісін одан әрі жетілдіру мақсатымен оқыту әдістерін бірыңғай жүйеге жетілдіру мақсатымен оқыту әдістерін бірыңғай жүйеге келтіру басты мәселелердың бірі.Біздің бақылауымызша оқыту әдістерін жіктеуді әрбір ғалымдар өзінше дәлелдейді. Бірақ барлық ғалымдар оқыту әдістері жіктеуінің негізі етеп білім көзін, оқушылардың танымдық қызығушылығын негізге алады.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндетті - өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық жақтарына көпкөңіл бөлу керек.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдыө жоқуақытты, жан қуаттанының оянуына түрткі болу. Ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.
Оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігін оқушы жеткіншек кезеңге аяқ басқан шақта ұғына бастайды. Өйткені бұл кезеңде оларда белгілі бір пән саласына икемделіп, мамандық таңдауда кәсіптікниеттердің қалыптасу шағы жүреді. Сондықтан кіші мектеп жасындағылардың шығармышылық қызығушылықтарын қалыптастырудың психологиялық ерекшелігін, теориялық негіздерін анықтап, тәжірибе жүзінде айқындау – бүгінгі оқыту үрдісінің басты тақырыбына айналып отыр.
Көптеген тәжірибелі прихологтардың зерттеулері бойынша кіші мектеп жасындағылардың оқу үрдісіндегі шығармашылық қызығушылықтарының дамуының екі жағы бар: сандық және сапалық. Сандық өзгерістердің мәні – кіші мектеп жасындағылар әр түрлі ақыл-ой есептері мен логикалық сұрақтардың керегін, қандайын, нешеуін (оңай, қиын) шешкендігінен орын алады. Мұндай жағдайлар кіші мектеп жасындағыларға енді қалыптасып келе жатқан танымдық мүдделер мен қызығушылықтардың әлсіз болуы немесе олардың санында оқу әлі де болса мәнді орын алмаған кезеңде көрініс береді.
Сапалық өзгерістер кіші мектеп жасындағылардың ойлау қабылеттірінің алға жылжып, дамуынан байқалады. Яғни, мұнда кіші мектеп жасындағылардың қанша есепті шығарғаны емес, қалай, қандай жолмен шығарғаны маңыздырақ болады. Бұл олардың оқу қызметіне сапалық тұрғыдан қарып, өздігінен ізденіп, оқуға дағыдылану үстінде пайда болған әрекетінің нәтижесі. Сондықтан кіші мектеп жасындағылардың оқу үрдісіндегі шығармашылық қабілетіне, қызығушылық арттырып, жан қуаттанына әсер етуші күштің көріністерін табу және оның дамуына дағдай жасап ұйымдастыру – сынып жетекшісі мен мұғалімнің міндеті.
Ендеше ол оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы сапасына “Ұғыну”, “Ой” операцияларын меңгеретін, олардың сезімдік қуаттарының әсерленуіне ерекше мән беруі тиіс. Өйткені қандай да болсын дүниедегі материалдық заттар туралы ой ең алдымен сезім мүшелеріне (көру, есту, сезіну т.б.) ықпал ету нәтижесінде туатын әсерден басталады.
Сезімдік таным (құштарлығы, ықылас – ынтасы, әсерленуі, т.б. ) негізінде қабылданған кіші мектеп жасындағы оқушылардың білімі іскерлік, икем-дағдысы, ой-ептілігі нәтижесі әрі жемісті болады. Білім, іскерлік, дағды, ептілік әркеттер кіші мектеп жасындағы оқушылардың даралық психологиялық қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін жетілдіріп, шығармашылық қызығушылық белсенділігінің артуына жетелейді. Шығармашылық қабілетберілген тапсырманы өз бетінше талдау, салыстыру, жинақтау және ғылыми болжам жасату арқылы туындайды.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі шығармашылық қабілетін дұрыс қалыптастырып және белсенділігін арттыру үшін не істеуіміз қажет жеген сұраққа С.Жақыпов өз еңбегінде сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты-графикалық құралдарды қолдану керек. Осы аталғандар оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылық әрекетін жанжандырып, өз-бетімен жұмыс жасауғажәне оны еңгертуге төзімділігін, белсенділігін артырудың бірден-бір негізі тәсілі болып табылады” – деп жауап береді. Демек, таным қызметіне байланысты оқыту әдістері: жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, білімділік пен дағдыны қалыптастыру тәсілдерін мейлінше ұтымды пайдалану ұстаздың психологиялық білім даярлығына байланысты.
Демек кіші мектеп жасындағылардың оқу үрдісіндегі шығармашылық қабілет іс-әрекеттерін дұрыс қалыптастыру үшін мыналарды білу керек:
әрбір кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойында кездесетін танымдық қабілеті мен белсенділік икем дағдысы қай кәсіпке, қай салаға сай екенін анықтап зерттеу.
Оқушылардың қабілет ерекшелігіне қарай кәсіптік бейімдеу.
қандай да болсын кез-келген мәселелік жағдайларға ғылыми болжам жасаудың негіздерін үйрету.
Кіші мектеп жасындағылардың бойындағы нышан қуаттарының ашылуын көздеп, шығармашылық қабілет белсенділігінің жандануын ұйымдастыру, т.б.
Сондықтан ең бастысы, оқыту жүйесіндегі өзекті мәселе – мұғалімнің осы үрдісті шебер басқара білуі және оқушылардың кәсіптік қызығуын, ықылас-ынтасын, танымдық жан қуаттарын дамытып отыру қажет. Олай дейтініміз: оқу үрдісінің қозғаушы күші - ұстаз бен оқушының біріккен шығармашылық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып саналады.
Таным үрдісі арқылы оқушының белгілі бір қасиет қабілеттері қалыптасады, белсенділігін жетілдіру жолдары дамиды, ақыл-ой белсенділігін арттырады.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларда шығармашылық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді сапалы түрде игеріп, оны танымдық - шығармашылық және қарапайым жаттығуларды дұрыс қолдана орындауда білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін дамытады. Өз бетінше үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсіресе кіші мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді. Сондықтан оқушылар өзінің қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай оқытушыны қалайды.
Шығармашылық қабілет жеке адамның орнықты қажеттілігіне мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс-әрекетіне оң көзқарас қалыптасыру керек.
Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әркетін бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |