Костерин Н.П. Учебный рисунок. М., 1980, 105-110 стр.
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. М., 1981
Мадир К. Сурет салудың негізгі заңдылықтары мен ережелері. Орал, 2006
Ростовцев Н.Н. Рисунок,живопись, композиция. М., 1989
Батталини Г. Техника живописи. М., 2003
Белютин Э.М. Основы изобразительной грамоты. М., 1957
Смирнов Г.Б. Рисование с натуры. М., 1960
Ростовцев Н.Н. Рисунок,живопись, композиция. М., 1989
Кредит сағат -6
Лабораториялық сабақ №3
Тақырыбы: бейнелеу өнер пәніндегі оқушылардың көркем – мәнерлі құралдар ұғымдарын игертудің оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі:бастауыш мектептің оқу процесіндегі 3 – сынып бейнелеу өнер сабағының оқыту мазмұны.
Предметі: оқушылардың натюрморт жанрында жұмыс орындауында көркем-мәнерлі ұғымдарды сауатты қолдану іскерлігін үйретудің оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты:оқушыларды бейнелеу өнер сабағында натюрмортты көркем-мәнерлі кескіндеуге үйретудің оқыту мазмұн жобасын жасау.
Міндеттері:
жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;
белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;
көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді құралдарды негіздей іріктеу;
орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;
орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.
Жұмыстың құралдары:бастауыш мектеп бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 3 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 3 сыныптың оқу -әдістемелік құралдары, ұсыныстар, бейне кескінін салу тәсілдерінің көрнекіліктері: альбом, бейне үлгілері; қаламдар, қағаз, кетіргіш, реквизит және т.б...
СОӨЖ мазмұны: үш заттан құралған аумақты денелердің бейнесін кескіндеу.