«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



бет20/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте

Сабаққа дейінгі гимнастика. Күнделікті бірінші сабақтың алдында 8-10 жаттығудан құрастырылып, төменгі сыныптарда 4-6 мин уақыт ұзақтығында жүргізіледі.
Міндеттері: оқу күнін ұйымшылдықпен бастау; оқушылардың ағзасын оқу жұмысына белсенді дайындау; сабақта жақсы, дұрыс, көңілді, сергек отыруға дайындау негізінде орталық жүйке жүйесіне жақсы әсер ету.
Сергектік сәттер. 3,4- теориялық сабақ өткізіліп жатқан кезде, 4-6 жаттығулардан тұратын, 2-3 мин орындалатын қимыл, әрекет түрлерін сергектік сәттер деп атайды. Міндеттері: шаршаған оқушы ағзасын белсендірлендіру; оқу қабілеттілігін ары қарай жалғастыруға жұмыс қабілеттігін жоғарылату. Сабақ өтіп жатқан кезде 20 мин пен 30 мин аралығында, сабақ ортасында жүргізіледі. Жаттығулар парталардың ортасындағы аралықта орындалады. Бір – бірлеріне қолдары, аяқтары тиіп кетпеу үшін қимыл амплитудасы азырақ жаттығулар беріледі. Оқушылар жалығып кетпес үшін, жаттығулар түрлерін өзгертіп отыру керек.
Ұзартылған үзілістегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Бұл жаттығуларды, қозғалмалы ойындарды үлкен үзіліс кезінде ашық алаңда, күн жаңбырлы кезде, суық түскенде мектептің коридорында, кең жерлерде өткізеді.
Міндеттері: ағзаның жұмыс қабілеттілігін жоғарлату үшін белсенді қозғалу; сыныппен бірге белсенді қозғалысқа деген дұрыс көзқарас қалыптастыру; белсенді демалыс, қимыл -қозғалыс дағдысын, білімін жоғарлату; оқушы санасын тәртіптілікке тәрбиелеу.
Жаттығулар мен қозғалмалы ойындар сипаты төмендегідей болып келеді:
1. қозғалмалы ойындар: тышқан мен мысық, ине жіп, шеңберде, қарама-қарсы тұрып ойналатын, спорттық құралдармен ойналатын әр түрлі ойындар.
2. оқушылардың өз таңдаулары бойынша жаттығулар: орнынан ұзындыққа секіру, скакалкамен секіру, допты көздей лақтыру, допты алып жүру.
3. ойын сипатындағы жаттығулар: пионербол, қызыл ту, аңшылар мен үйректер т.б. ойындар.

2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет