«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



бет1/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Дәрістер (1), Ар ан тарту ойыны шін ар анны зынды ы 8-10 м «Азияда» ыст, 1. азіргі жа дайда аза станды к сіпорындар шін андай т уекел, Тест каз интернет, Акушерия тест 2021 НЦНЭ

«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні


ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ



Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

1-дәріс тақырыбы: Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесінің жалпы негіздері
Жоспары

  1. “Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі” пәнінің мақсат, міндеттері

  2. “Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі” пәнінің негізгі ұғымдары.

“Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі” пәні – болашақ мұғалімдер даярлаудың педагогикалық жалпы жүйесінің ең бір маңызды бөлігі. Студенттердің мұнан бұрынғы даярлығын ескеріп, бұл курс онан әрі білім және біліктерін тереңдетудің базасын қамтамасыз етеді және айқын кәсіби-практикалық бағыттылығы бар.


Бұл курсты оқу болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің мектептегі тәжірибелік іс-әрекетін теориялық жағынан, дене тәрбиесінің әдістемесі мен практикалық жұмысын меңгеруді қамтамасыз етуі керек. Курста әдістемелік мәселелердің бөлініп алынуы студенттердің дене тәрбиесінен практикалық жұмыстарға даярлық сапасының қажетті шарты болып табылады.
Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесіндегі білімдердің диалектикалық өзара байланыс сипаты әдістемелік білімдерді жалпы теориялық білімдерден бөліп қарамаудың қажеттігінде. Пәнді оқытуда әдістемелік амалдар мен құралдарды толық қамтудың мүмкін еместігінен дене тәрбиесін оқыту әдістемесі курсының ең мәнді негізгі заңдары енгізілді.
Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдерді дене тәрбиесі әдістемесін оқытудың осы заманғы теориялық білімдердің негіздері мен алған білімдерін іргелес курстардағы білімдермен кіріктіру білігі мен тәжірибелік іс-әрекеттегі олардың жүзеге асырылу жолдарын табу мен қаруландыру.
Міндеттері:
-дене тәрбиесінің теорияда қалыптасқан және тәжірибеде тексерілген заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүргізу білігін меңгерту;
-мақсатты қоюға, міндеттерді анықтауға, болашақтағыны белгілеуге үйрету;
-дене тәрбиесін ұйымдастырудың формаларын тәжірибеде қолдануды үйрету;
-тәжірибеде дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарын қолдануды және нақты жағдай үшін оларды тиімді біріктіруде іріктеуді үйрету;
-өз бетімен білім алумен айналысу, іс-әрекетте ғылым мен озық тәжірибенің нәтижелерін пайдалану, іске шығармалық тұрғыдан қарау;
-бастауыш сыныптардың болашақ мұғалімдерін сабақтарды жүргізуге, сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге, сонымен қатар ата-аналармен жұмысқа теориялық және тәжірибелік даярлау.
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене тәрбиесі сабақтарында біз оқушыларды, ең бірінші өмірге қажетті қимыл әрекетке, қозғалысқа үйретеміз. Ол – әрбір спорт түрлері жаттығуларының техникалары, жүгіру, секіру, лақтыру т.б. кеңістіктегі қозғалыс жаттығулары. Екіншіден, оқушылардың дене қуаты қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иемділіктерін дамытамыз. Үшіншіден, дене тәрбиесі мен спорт саласына қатысты әртүрлі теориялық білім береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет