«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



бет3/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Дәрістер (1), Ар ан тарту ойыны шін ар анны зынды ы 8-10 м «Азияда» ыст, 1. азіргі жа дайда аза станды к сіпорындар шін андай т уекел, Тест каз интернет, Акушерия тест 2021 НЦНЭ
Бақылау сұрақтары:

  1. “Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі” пәні, оның оқу пәндері ішіндегі мәні мен маңызы қандай?

  2. «Дене тәрбиесі» , «Дене қуаты дайындығы» дегеніміз не?

  3. «Спорт» дегеніміз не?

  4. «Дене дамуы», «Дене қуатын жетілдіру» деген ұғымдардың мәнін ашыңыз.




2

2

2-дәріс тақырыбы: Дене тәрбиесінің жүйесі
Жоспары:

  1. Дене тәрбиесінің жүйесі, мақсат, міндеттері

  2. Дене тәрбиесінің жүйесінің негізгі бағыттары

Дене тәрбиесінің жүйесі дегеніміз– әлеуметтік-экономикалық,заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп іске асыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген.



  1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.

  2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту.

  3. Тәрбиелік міндеттері– адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдардыүйренуге негізделген.

Дене тәрбиесі жүйесі дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарына жауапты беретін – Білім және ғылым министрлігі, оның құрамындағы дене дене тәрбиесі және спорт басқармасымен мемлекеттік түрде ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында және басқа да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі сабақтары мемлекеттік бағдарлама, ресми кесте бойынша жүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп, қаржыландыру мәселесі шешіліп, материалдық база жасалады. Дене тәрбиесі сабақтары мен спорт түрлерінен жаттықтыруларды, жарыстарды, басқа да көпшілік спорт жұмыстарын арнайы мамандандырылған мұғалімдер, оқытушылар, сондай-ақ кәсіби жаттықтырушылар, нұсқаушылар жүргізеді.
Бастауыш сынып оқушысының сымбатты да жарасымды, көрікті мүсінін қалыптастырумен, жан-жақты қимыл-қозғалыс әрекеттерінің мезгілінде дамып жетілуіне, жалпы оқушының тән мәдениетін қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерінің алатын орны ерекше. Өйткені мектеп қабырғасында оқушылардың денсаулығы нығайтып, мүсін-тұлғасының дұрыс жетілуіне, жігерлі де қайратты болып өсуіне, жеке басына тән қасиеттерінің қалыптасуына берік негіз қаланады. Сондықтан да бала организмінің қызметін жетілдіру, денсаулығын сақтап, нығайту, жүйке- психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді және сымбатты етіп өсіруге, дене тәрбиесінің жұмыс түрлерінде жүйелі түрде өткізілетін әртүрлі дене және спорт жаттығулары көп ықпалын тигізеді.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет