«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері


Дәріс 7 Қимыл-қозғалыс ойындары -дене тәрбиесінің құралы



бет14/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте

Дәріс 7 Қимыл-қозғалыс ойындары -дене тәрбиесінің құралы
Жоспары:

  1. Қимыл-қозғалыс ойындары, оның түрлері

  2. Дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындарын пайдаланудың маңызы

Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі процесінде қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінді көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады.
Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан – жақты ықпал жасайды. Ойын процесінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын арттырады. Қимыл – қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Қимыл – қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.
Қимыл – қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен, қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліліктен көрінеді.
Ойындардың, әсіресе, халық ойындарының эстетикалық сипаты ойын бастаумен, әңгімелесумен, санамақпен байи түседі.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл – күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді.
Музыканың қимыл ойындарына енгізілуі, ең алдымен, оның эстетикалық – тәрбиелік ролін атқаруы керек. Балалардың музыкалық шығарманың ерекшелігі мен формасына сай қимылдауы маңызды. Осыны ескеріп, музыканы ойынның жекелеген бөлімдеріне енгізу керек.
Сөйтіп, эмоционалды – сауықтыру, танып – білу және тәрбие компоненттерінің қимыл ойындарына енгізілген бүкіл жиынтығын пайдалану жан – жақты тәрбие беру міндетін жүзеге асыруға көмектеседі.
Қимыл – қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызуы – осылардың бәрі қимыл – қозғалыс ойындарын балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. Қимыл – қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасын ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты. Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырман айқын түсінуінен қимылдардың жақсы үйлесімімен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуынышы баураған балалардың осындай әуестенуі кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің рөлі артады.
Спорттық ойындар нышандары қолданылатын ойындарға жататындар – волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, үстелде ойналатын теннис, хоккей, футбол.
Сюжетті қимыл – қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады.
Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді.
Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, көздеген мақсатына байланысты, негізінен, үш салаға бөлінеді. Атап айтқанда: ойын – сауық, тұрмыс – салт ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде ұлт ойындары – ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Осыған орай, халық арасына кең тараған кейбір ойындардың бірнеше түрлерін қоса беруді жөн көрдік. Өйткені, олардың мазмұны кеңейіп, әрлене түседі. Жан – жануарларды бейнелейтін ойындардың кейбіреуі тұрмыстық, ойын – сауықтық мақсатта берілсе, кейбірі дене шынықтыру, спорттық мақсатты көздейді.
Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығы және орындалуы да көбіне ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым – қатынасқа әрекеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіндік мол.
Ойынның тіл дамытудағы ролі ерекше. М. Горький айтқандай, бала сөзбен де ойнайды. Ол сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады.
Сонымен, нақтылай айтсақ, ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы. Олай болса тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде де ойынның айтарлықтай ролі бар. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерін, ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіндік алады.
Бастауыш мектепте дене тәрбие барысында баланың психологиялық, физиологиялық, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып мына мәселелерге қатты көңіл аударуды жөн деп санаймыз.
1.Баланың мектепке дейінгі білім деңгейі, ұғымы, танымы еске алыну керек. Оқушының мектепке дейінгі тәрбиесі дағдысы оны қоршаған ортамен байланысты. Сондықтан мектеп қабырғасындағы дене шынықтыру сабағы мектепке дейінгі алған қимыл – қозғалыс дағдысына ұштастырып жүргізілуі керек.
2.Бастауыш мектепте берілетін дене шынықтыру бағыты, ондағы өткізілетін қимыл – қозғалыс жаттығу ойындар болашақ орта мектепте жүргізілетін дене шынықтыру сабағына бағытталып жүргізілуі тиісті.
3.Ойдың дамуы тіл арқылы жүзеге асатынын естен шығармай, дене тәрбие сабағында баланың түсінуіне жеңіл келетін термин – атаулардың ана тілінде дамып қалыптасуына ерекше жағдай жасалған жөн.
4.Баланың үздіксіз дамуына ескере қолайлы жағдай туғызу мақсатында, әр сабақта белгілі бір пәнаралық байланыстарды жүзеге асырып отыру қажет.
5.Баланың бойынан үйлесімділік табу үшін, әр күнгі дене шынықтыру сабақтарының кезеңдері мен элементтері арасында өзара байланыстылық болуы керек, ол үшін сабақтың кіріспе бөлімінде қолданылған жаттығу, қимыл, құралдар, негізгі бөлімде іске асырылып отыруы тиіс, ол – сабақтың құнды өтуінің кепілі.
6.Дене шынықтыруға бағытталған қимыл – қозғалыс ойындары, жаттығулар балаға таныс, өздері білетін, қоршаған ортадан алынған болуы керек.
7.Дене шынықтыру сабағындағы қолданылатын құралдар
(қамшы, доп, арқан, белбен, тұсау, асық, тұғыр т.б.) балаға таныс табиғи күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген болса, тіпті жақсы. Дене шынықтыру сабағының жақсы, сапалы жүргізілуі, ол оқытушының іскерлігіне, іздемпаздығына, біліміне тікелей байланысты екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
8.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағының мазмұнды болуы, оның шындық өмірден алынуы, немесе шындыққа жалғасуы оқушылардың бұл пәнге деген қызығуына себепші болады.
Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, төменгі мектеп оқушыларының дене тәрбие барысында, балалардың психологиясын ескере отырып, халықтық педагогика элементтерін қолданса, балалардың дене қасиетіне, сабақ үлгеріміне, танымына, ақыл ойына, тілінің дамуына әсері зор болады. Ол үшін, әрине, оқушыларға дене тәрбиесіне деген қызығушылық пен білім алуға деген ынта – ықыласты да болуы шарт.

2

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет