«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері


Дәріс 11-12 Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қозғалыс әрекетіне үйрету



бет17/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте

Дәріс 11-12 Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қозғалыс әрекетіне үйрету
Дене тәрбиесiн оқыту кезiнде қимыл қозғалысты үйрету жұмысы үнемi тоқтаусыз жүрiп жататыны мәлiм. Олардың бiреуi бейiмдiлiктi, екiншiсi дағдыны, ал үшiншiсiнде бейiмдiлiкпен дағдылы қимыл-қозғалыстарды үйретуiн қоса қалыптастырады. Жалпы бұл сатылы және сан қырлы оқу ғамалиясы. Егер де осы оқыту кезеңдерiнiң бөлiктерiн жеке-жеке қарайтын болсақ, ол үш кезеңнен құралғанын көруге болады.
Бiрiншi кезеңi - қозғалысқа үйретудiң алғашқы сәтi; екiнiшiсi-қозғалысты терең ұғынып, өз бетiнше берiлген қимыл қозғалысын орындау, үшiншiсi - үйренген қозғалыстарды еске ұстап, оны одан әрi жетiлдiру. Қозғалысты үйрету кезенiңде дене тәрбиесiнiң зандылықтары, қолданылатын құралдармен тәсiлдер өзара тығыз байланыста болады. Үйретудiң алғашқы кезенiңде көрсетiлген қимыл қозғалыстарды қайталап, жобалы түрде орындау мақсаты койылса, одан кейiнгiсiнде қозғалыс әдiстерiн терең түсiну арқылы әрбiр орындалатын құрылымдарға зер салып бейiмдiлiгiн жетiлдiрiп қозғалыстарын дағдыға айналдыру. Оқыту соңында үйренген қимыл-қозғалыстарды бекiтiп одан әрi жетiлдiру бағытыңда дағдыға айналдырып, дененiң сапалық қасиеттерiн орынды қолданып мақсатты нәтижеге жету көзделiнедi. Аталған кезеңдердi оқыту жұмысының жалпы жобасы деп карастыруға болады. Тәжiрибе жүзiнде оқыту жұмысының құрылысы оның алдына койған мақсаты мен бағытына байланысты болады. Бiрiншi кезең жалпы қозғалысты үйрену мен орындау негiздерiн қалыптастырып басты мақсаттарды шешуге бағытталады. Ол мақсат: 1. Бағдарлы қозғалыс негiзiн бастапқы күйiнде қалыптастыру. 2. Қолайлы, икемдi түрiнде, тiптi өте жеңiлдетiлген күйiнде қозғалыс әдiсiнiң жаңа бөлiктерiн және қозғалыс тәжiрибесiнiң жалпы тәртiбiн үйрену. Осы мақсаттарды iске асыру бағытыңда бiрнеше мiндеттер шешiледi: а) Берiлген қимыл-қозғалыс жөнiнде жалпы түсiнiк берiп, оның орындалу жолын көрсетедi. ә) Әдiстi бөлiп үйретуде игерiлген қозғалыстар қолданылады. б) Әдiстi орындауда жiберiлген артық қозғалыстармен тұрпайы қимылдарын түзетiп алдын-ала ескерту жасайды.
Алға қойылған мақсатты iстiң басынан аяғына дейiнгi орындаудың тиiмдi жолын iздестiрiп қимыл қозғалыстарлы игеруде сөзбен есер ету тәсiлiмен нақты түрде көрсету тәсiлдерi қолданылады. Аталған тәсiлдер алда тұрған мақсатты iстiң сапалы түрде iстелуiн сезiнiп, әдiстi үйренуiне бейiмдiлiк көрсетiп орындауға ынтасын арттырады. Айтылар сөздiң мазмұны қозғалыстың алғашқы шығу тарихы мен оның дамуы, жоғарғы нәтижеге жететiнi, қолданбалы маңызын түсiндiрiлген соң iс жүзiңде оның қалай орындалатыны көрсетiледi. Көрсету әрбiр оқушыны қызықтырып әрқайсысының көрген қимылды iстеп көруiне, оны толық меңгерiп алуына құлшындырады. Қимыл әдiсiн үйретуде айтып отыру мен көрсетудiң қатар жүруi үйренушiлердiң белсендi түрде қызмет iстеуiне, олардың қабылдауы мен ойлауына үлкен әсерiн тигiзедi. Оқушылар көру анализаторлары арқылы қабылдап, екiншi түйсiк жүйесiн қатыстыру арқылы оқушылардың есту анализаторларына да әсер етедi. Үйрету кезеңдерiне бұлшық ет сезiмiнiң маңызы зор. Ол оқушыларға кажеттi қимыл-козғалыстарды қабылдауды елестетуде және ұғынуды туғызатын физиологиялық механизмге жатады.
Алғашқы үйрету кезеңiнде оқушылардың қимыл-қозғалыстарды орындауда жiберген кiшiгiрiм қателерiне көңiл аудармай, тек iрi қателердi түзетiп, жобалы орындалуына мән берiледi. Оқушылардың бiр-бiрiне қимыл қозғалыс әдiстерiнiң орындалуына зер салып карап, қозғалыстарды дұрыс қабылдап, аз қателiктер жiберуiне көмегiн тигiзсе, үйренушiнiң тек iрiлерiне ғана көңiл бөлуi үйрету кезеңiндегi енбектердiң алға басуының кепiлi бола алады. Үйрету кезеңiнде қүрделi қимыл-қозғалыс әдiстерiн бөлшектеп үйрету нәтижелi болады, себебi орындау барысында оның негiзгi бөлiктерiн саналы түрде қабылдап, бастапқы iс қимылының калыптасуын жеңiлдетедi. Оқушылардың алғашқы берiлген қимыл-қозғалыстарды ойдағыдай меңгеруi алғашқы үйретудiң бiрiншi кезеңiнiн өз мақсатына жеткенi. Үйрену үрдiсiнде әр түрлi құралдар мен тәсiлдер пайдаланады да, төмендегiдей талаптар қойылады. Бiрiншi орындалатың қимыл козғалысты жаттығулар өте жеңiл болмауы керек, жеңiл болса оқу тапсырмасы өзiнiң мәнiн жояды; екiншiден, орындалуы катаң шектелмеуi керек, әйтпесе шығармашылық iздену сипатын жояды. Терең үйрету кезеңi (екiншi кезең). Бұл кезеңдегi үйретудiң мақсаты өрескел игерiлген қимыл-козғалыс әдiстерiн барынша дұрыстап жетiлдiру. Бастапқы кезеңде жаттығу әдiсiнiң негiзi игерiлсе, екiншi кезенде қимыл-қозғалыс әдiстерiн талдап, қалыптасқан дағдыны жетiлдiру болып есептеледi. Терең үйрету кезеңiнiң алдыңда тұрған мiндеттерi төмендегiдей: 1. Қимыл-қозғалыс зандылықтарын үйрету туралы түсiнiктi тереңдету. 2. Қозғалыс әдiсiнiң кенiстiктегi, уакыт бiрлiгiндегi динамикалық мiнездемесi мен үйренушiлердiң ерекшелiктерiн аныктау. 3.Қозғалыстың ырғақтылығын жетiлдiрiп қимылды еркiн және бiртұтастықта орындалуын игеру. 4. Өзiн-өзi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру негiзгi орындалатын қозғалыстарды сана аркылы бақылай алатын дәрежеге жеткiзiп және оны қимыл барысында лайықты етiп түзетуге қолын жеткiзу. Осы мiндеттер қозғалыс қимылын қалыпастыруда екiншi кезеңнiң заңдылықтарында көрiнiс табады, бұл кезде калыптасқан қозғалыс ептiлiгi пайда болып, бiрте-бiрте қимыл дағдысына айнала бастайды. Оның себебi орталық нерв жүйесiнiң жұмыс iстеу кабiлетi жақсарып, үйрету тәсiлдерi осы ғамалияны қалыптастыруға сәйкес келедi. Екiншi кезеңде үйрету тәсiлiнiң негiзiне қимыл әдiстердi бөлшектеп үйрету қосымша әдiстемелiк жолы болып, қозғалыс ерекшелiктерiн бұзбай орындау мiнезделiнедi де негiзгi мақсаты орындаушының үйрету қимыл-қозғалыс жаттығуларын бiртұтастықта орындауға көңiл бөлiнедi де орындалу iсi жақсарған сайын оның кайталау санына, жiберiлген кемшiлiктерге назар аударылады. Қайталау барысында шаршауға жол берiлмеуi керек, өйткенi шаршаған орындаушы козғалысты қайталап орындау кезiнде көптеген кемшiлiктер жiберiп, онын дағдылы қателiкке әкелiп соғуы мүмкiн. Терең үйрету кезеңiнде жарыс тәсiлiн қолдану өте жақсы нәтиже бередi, әсiресе жарыс жаттығуларын орындаушылардың тиянақты қайталап орындау әдiстерi жөнiнде әңгiме өткiзiлгенi жөн. Бұл кезеңде сөзбен әсер ету тәсiлi кеңiнен қолданылып берiлген жаттығуларды орындаудан бастап, әдiстiң бөлшектерiн талдап, жiберiлген қателiктерiн атап оны түзету жолдары көрсетiледi.
Екiншi кезеңiнiң, үйрету барысында қозғалыстарды дағдыға айналу үдерiсiнде, бiрiншi кезеңге карағанда қателiктер мен кемшiлiктер аз жiберiлiп әдiс құрылысының орындалуы бiршама жақсарады. Бұл кезеңде жаңа козғалыстарды үйретуде жiберiлген кемшiлiктер өз бағасын алып орындаудағы сәтсiздiктердiң уақытша құбылыс екенiн түсiндiрiп, үйренушiлердiң өзiне деген сенiмiн, iстеген iсiн қолдап отыру керек. Бекiту және одан әрi жетiлдiру. Оқыту үдерiсiнiң үшiншi кезеңi жетiлдiру қозғалыс дағдысын берiк меңгерiп, жаттығуларды әртүрлi жағдайларда орындалғанда өзiнiң дұрыс құрылысын сақтап калатындай дәрежеге жеткiзу көзделiнедi. Дағдыны тұрақтандандыру үшiн үйрету жұмысына әр түрлi күрделi қимыл қозғалыстар енгiзiледi. Дене жаттығуларынын орындалу талаптарын үздiксiз арттыра отырып, үйрету жұмысы әртүрлi жағдайларда өткiзiледi (залда, аланда т.б.).Үйретiлген қимыл дағдысы көп уақытқа сақталынады, ал егер оны кайталап отырмаса және оның орындалуымен байланысты сезiмдерiн нығайтпаса, ол бұзылады да бейiмдiлiкке айналады. Осыған байланысты дағдыны бекiту және оны жетiлдiре беру үшiн жаттығуларды қайталап отырудың қажеттiлiгi туады. Жоғарыда айтылған үйретудiң негiзгi мақсаты қимыл- қозғалыстарды тәжiрибе жүзiнде толық меңгерiп, осыған байланысты бiрнеше жекеленген мiндеттердi шешу болып табылады. Бiрiншiден, қозғалыс әдiсiнiң дағдысын колдануды бекiту болса, екiншiден әртүрлi жағдайда колдану үшiн қозғалыс әдiсiнiң өзгергiштiк мүмкiншiлiгiн көбейтiп, дененiн саналық қасиетiн ең жоғарғы сатыда көрсету. Үшiншiден қозғалыс мүмкiншiлiгiн дамытып, жекелеген қозғалыс әдiстерiн баянды қолдану мен қажеттi жағдайда оны қайта итерiп жетiлдiру. Осы кезеңдегi қимыл қозғалысты бекiтумен одан әрi жетiлдiру мақсатында әртүрлi тәсiлдер қолданылады. Оның iшiнде жаттығуды бiр үлгiде қайталау мен жаттығуды алмастырып кайталау тәсiлдерi қолданылады.
Қозғалыс элементтерiне үйрету барысында қателердi ғана көрсетiп қоймай, оларды түзете алған жағдайда балаларды мадақтап отыру қажет. Үнемi есiне түсiрiп отыруға асықпаған жөн және нұсқауды көп бермеген дұрыс. Талап етiлгенге баланың өзi немесе аз ғана көмекпен қол жеткiзсе, онда ол өз жұмысынан ләззат алады, ал қалыптасқан дағды орнықты болады. Сабақта қарапайым ғана бiрнеше жаттығуларды меңгерсе, олардың iшiнен 2-3 онша күрделi еместерiн бiрiктiрiп, балалардың дербес орындауына ұсыну қажет. Орындалғандарды талдап, сосын элементтердi бiрiктiрген күйде жаңадан қайталау керек.
Бiз төменде мақсат белгiлерi бойынша топтарға бiрiктiрiлген күрделi емес жаттығуларды келтiремiз. Бар құрал-жабдықтарға сәйкес бұл жаттығуларды өздерi ойластырған басқа жаттығулармен толықтыруға болады. Әр сабақта бұрын игерiлген жаттығуларды бiрiктiрiп қайталаумен бастауды ұсынамыз. Үйрету үшiн әр топтан 2-3-тен көп болмайтын жаттығуларды iрiктеп алу керек. Бұл үйретудi шапшандатып, сабақты қызғылықты етедi.
1.Секiрулер: орнынан (ұзындыққа, екi және үш аттап ұзындыққа секiру, кедергiге ырғып шығу және одан секiрiп түсу; екпiн алып оң және сол аяқпен, екi аяқты алмастырып, жартылай отырып екi аяқпен толықтай отырып “құрбақаша секiру), бiр не аяқпен серпiлiп кедергiге секiрiп шығу; бұтаққа қолды жеткiзе биiктiкке секiру.
2. Жүгiру: әр түрлi оңтайлы кедергiлерден өте (басып өтiп, секiрiп өтiп, астынан жорғалап өтiп); тауға жүгiрiп шыға және жүгiрiп түсе; бағытты көп қайтара өзгерте; қайталап жүгiру; оң және сол жақ бүйiрiмен қосарланған адыммен; артпен жүгiру.
3. Лақтыру: нығыздалған допты орнынан (жас пен дайындыққа байланысты1-2 кг), төменнен алға лақтыру; төменнен өзi арқылы артқа, бастан асыра алға, жұпта ұстап алумен әртүрлi лақтырулар.
Допты тек дұрыс лақтыру ғана емес, сонымен бiрге дұрыс ұстауға да балаларды үйрету маңызды.
4. Өрмелеу мен асылулар. Гимнастикалық қабырға: екi қол және аяқтармен тiрей немесе екi қолмен үздiксiз ұстап асылу және қабырғадан түсу.
5. Қолданбалы дағдылар: ауыр заттарды көтеру және алып жүру; алға және артқа құлау.
Соңғы жаттығуларға толығырақ тоқталуға тура келедi, өйткенi тiрек-байланыс аппараттарының ауруымен пайда болған көптеген жарақаттар осы дағдыларға бiз балалық жастан үйретпегендiктен болады.
Ауырлықты көтерудi мүмкiндiгiнше жауырынды (арқаны) бүкпей және ауыр затты денеге барынша жақындатып аяқтын қозғалысымен (жартылай және толықтай отырған жағдайдан) бастау керек. Ауыр болмаса да, бiрақ iрi, алып жүруге ыңғайсыз заттарды екеулеп көтерiп барып жерге қойған жақсы.
Ауырлықты көтеру мен алып жүру дағдыларына үйрете отырып, заттарды әр түрлi биiктiкке (еденге, тiзеге, бел деңгейiне және т.б.) қойылған нұсқаларды пайдалану жақсы. Әр түрлi деңгейден салмағы бiрдей затты көтере отырып, ұсынған үлгiде нелiктен осылай жасау керектiгiн баланың өзi түсiнедi.
Маңызды қолданбалы дағдылардың бiрi құлай бiлу бiлiктiгi болып табылады. Адам көп жағдайда сүрiнiп кетсе, алға тайып кетiп артқа немесе жанға-артқа қарай құлайды.
Соққының күшiн азайтуды ол қатты, тура ұсталған қолдың жәрдемiмен әлсiреткiсi келедi. Артқа қарай құлағанда қол құлаған дененiң астында жиi қалады да, сынуы мүмкiн. Алға қарай құлағанда бiлек сүйектерi мен саусақ буындары жиi зақымданады.
Құлау кезiндегi қауiпсiздiктiң жалпы қағидаларына тоқталалық. Iлгерi қарай құлағанда аяқтарды шамалы ғана бүгiп, шынтақтан шамалы ғана бүгiлген қолдары iлгерi-төмен созу қажет; соққыны азайту үшiн қолдар мен аяқтар денеге қарағанда жерге бұрын тиюi керек; дене жерге алғашқы созылғанда құлау бағытын өзгерте жанға, тiптi жауырынға аударылып түссе соққының күшiн тағы да азайтуға болады.
Артқа құлау. Адам тайғанап, қолдары жоғары көтерiлiп, шалқасынан құласа оның зардаптары өте ауыр болмақ. Құлау кезiнде өзiн өзi қауiпсiздендiру дағдыларына үйретiлмегендерде бүкiл түйсiк арқылы жүзеге асады, өйткенi тiк тұрған адам артқа құлаудың бастапқы сатысында (мысалы, мықты таянышта тұрып, тепе-теңдiктi жоғалтқанда) қолдарды сiлтей немесе жоғары-артқа айналдыра тiке қалыпқа келе алады. Өзiңiздi өзiңiз тексерiңiз: тiке тұрғанда тепе-теңдiгiңiзден шамалы ғана айырыласыз. Қолдарды айналдыру немесе сiлтеу сiздi орнықты жағдайға келтiредi.
Сырғанап кеткенде мұндай қимыл-қозғалыстар артпен (жауырынмен) құлауға себебшi болады. Сондықтан да тайып кету қаупi төмендегi жүру кезiнде аяқтарды әдеттегiден де тыс бiршама бүгiп, қолдарды түсiрiп жiберу қажет. Құлаудың басталуының өзiнде аяқтарды тiзеден жылдам бүгiп, бiр мезгiлде алға еңкейiп және иектi кеудеге қарай қысып отырып қалу керек. Шамалы ғана жанға-төмен созылған қол жерге түсудi жұмсарта денеден бұрын жерге тиюi керек.

4

13-14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет