«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері


Дәріс 13-14. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу



бет18/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Дәрістер (1), Ар ан тарту ойыны шін ар анны зынды ы 8-10 м «Азияда» ыст, 1. азіргі жа дайда аза станды к сіпорындар шін андай т уекел, Тест каз интернет, Акушерия тест 2021 НЦНЭ
Дәріс 13-14. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы – дене шынықтыру сабағы. Дене шынықтыру сабақтарының мазмұны мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын және ерік-жігерін, батылдық пен табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерін дамытады.
Дене шынықтыру сабақтары оқушылардың қимыл-қозғалыс негіздерін, спорттық жаттығулар мен спорттық ойындардың қарапайым техникаларын меңгертуге, сол арқылы күш-қайратты жетілдіріп, епті де төзімді болып өсуге жағдай туғызады. Жаттығулар жасау арқылы денсаулықты сақтап, нығайтып, өмірге қажетті қимыл-қозғалыс әрекеттерін бірте-бірте көбейтіп, қызықты да мазмұнды өмір сүруге бастайды.
Мұғалім дене шынықтыру сабақтарының барлық түрінде де уақытты тиімді пайдаланып, сыныптағы әрбір баланың қимыл-қозғалыстарының сапасы жақсара түсуіне үнемі жағдай жасап отыруға тиіс.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті – оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандығымен ерекшеленеді.
Дене шынықтыру сабағы дайындық, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Дайындық бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балалардың сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады. Мұнда көбінесе жүру, жүгіру, сапта тұру барысында оқушылардың дене бітіміне, қол-аяқтарының қимыл-қозғалыс сәйкестігіне, аяқ алысының, жүгіруінің дұрыстығына, жалпы өзін-өзі ықшам, жеңіл ұстауына көп көңіл бөлінеді.
Балалардың денесін қыздыру үшін тоқтамай жүгіру сабақтың барлық түрінде 2-3 минут жүргізіледі, жалпы дамыту жаттығулары кеңінен қолданылады. Бұл жаттығулар сабақтың мақсатына және негізгі бөлімде жүргізілетін қимыл-қозғалыс негіздеріне байланысты ыңғайлап алынады. Мысалы секіру түрлеріне үйрететін сабақта балалардың аяқ бұлшық еттерін қыздыратын жалпы дамыту жаттығулары басымырақ болады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Мақсаттары: дененің қимыл-қозғалыс сапасын жетілдіру; қимыл-қозғалыс негіздерінің (жүру, жүгіру, лақтыру, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау, би жаттығулары); спорттық жаттығулардың (акробатика, күрес, шанамен сырғанау, шаңғы тебу, жүзуге дайындық); спорттық ойындардың орындалу техникасын меңгерту. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады. Бұл бөлімнің мақсаты – жаттығулардан кейін қозғалысты баяулатып, алқынын басып, организмнің қызметін бәсеңдету. Ол үшін оқушылар жай қимыл-қозғалыста болатын ойын, би жаттығуларын орындап, немесе ән, тақпақ айтып, өз еріктерімен жаттығулар жасау жолымен сабақты аяқтайды.
Кез келген сабақ мақсатының орындалуы, оның тиімділігі көп жағдайда оқушыларды жаттығу орындауға ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты болып келеді. Дене шынықтыру сабағына балаларды ұйымдастырудың бірнеше тәсілі бар. Олар бәрі бірдей, лек-легімен орындайтын, алма-кезек орындайтын, топ болып орындайтын, жеке орындайтын болып бөлінеді.
Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзақ ойындар жалықтырып жібереді. Сондықтанда ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа дем алу аралықтарымен болса жақсы. 1- сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, ықыластары тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап оырндауға қызығып, ықыластана бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының дене қуаты дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшықет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді, ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, олар күшті, әрі шыдамды. Сондықтан
2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, ұзаққа жүгіргенде, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. Қыздарға 3-сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар табиғи қимыл, әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.б.
2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үдерісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
3. Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50 пайыз уақытын алса дұрыс болады.
5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үдерісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс болады.
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсіну үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұста, жетіп ал, допты ойыншыға тигіз және т.б.
2-3 сыныптарда қимыл жілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8с уақытқа ғана беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.
Елімізде қазіргі кездерде білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізулеріне жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқуларын, оқу жоспарларын қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:
1. Бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік дұрыс сабақ өткізу.
2. Дәрігерлік бақылауды, дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын жұмыста пайдалану.
3. Сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау.
4. Оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау.
5. Сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту.
6. Ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу.
7. Оқушылардың дене тәрбиесі көлемідегі алған білімін тұрақты жетілдіру.
8. Балаларды тұрақты дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту.

4

15



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет