«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері


Дәріс 15 Дене тәрбиесін ұйымдастырудың сабақтан тыс формалары



бет19/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте

Дәріс 15 Дене тәрбиесін ұйымдастырудың сабақтан тыс формалары
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялар мен үйірмедегі сабақтар, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білгендерін толықтыра алатындай тамаша адамдардың әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі – олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі – таңертеңгі гигиеналық бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады.
Оқушылармен оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесінің сауықтыру шаралары: сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, ұзартылған үзіліс кезіндегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.
Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді орындауға көмектеседі: оқушылардың қозғалыстары белсендіріледі, денсаулықтары нығайтылады, қимылдары жетілдіреді, әдемілендіреді, жаттығулардың керектігі туралы ұғынады, ақыл-ой және ағзаның жұмысқа қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады.
Осы жұмыстардың мазмұнын ойластыру, әдістерін белгілеу, ұйымдастыру үшін төрт түрлі мәселені шешу, ескеру керек:
1. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дене қуаты деңгейін ескеру.
2. Күні бойғы орындалатын оқу, жұмыс, қозғалыс сипатын ескеру.
3. Орындалатын жаттығулардың ағзаға әсерін ескеру.
4. Жаттығуларды орындайтын жерді, уақытты, оқушылардың киім түрін.
Төмендегідей жағдайларды дұрыс ойластырғанда ғана оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесінің сауықтыру шаралары оқушы ағзасымен сауықтырады, педагогикалық тиімді әсер береді:
1. өткізілетін жер санитарлық-гигиеналық талапқа сай болғанда;
2. мектептің педагогикалық ұжым мүшелері ұйымдастыру жұмыстарына көбірек қатысқанда;
3. сабақтан жаттығуларға, жаттығулардан қайта сабаққа ауысу физиологиялық заңдылықтарды есепке ала орындалғанда;
4. жаттығуларды орындау кезектілігі дұрыс сақталғанда;
5. жаттығу дұрыс көрсетілсе, қысқа дұрыс түсіндірілсе, оқушылар ұтатын терминдер қолданылса;
6. сауықтыру шараларының қозғалыс тығыздығы, жүктемесі дұрыс орындалса;
7. оқушыларды қызықтырып, еліктіріп әкететін әсерлі жаттығулар, қозғалмалы ойындар ойналса.
Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі сауықтыру шараларына жеке-жеке тоқталып, оқушылармен орындау сипатын, тәртібін түсіндіре кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет