«Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері


Дене қасиеттерiн дамыту үшiн мынадай әдiстер қолданылады



бет13/20
Дата05.05.2023
өлшемі152,36 Kb.
#176112
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
«Бастауыш мектепте дене т рбиесін о ыту дістемесі» п ні Д рісте

Дене қасиеттерiн дамыту үшiн мынадай әдiстер қолданылады:
Бiрқалыпты орындау (стандартты) әдiсi. Бұл әдiс жаттығуларды үзбей, ұзақ уақытта, бiр қарқында орындауды талап етедi (мысалы, ұзақ уақыт бiрқалыпты жүгiру, жүзу, ескек есу және т.б.). Жүктеме бұл кезде жоғары деңгейдiң 70 пайызынан аспауы керек, жүрек соғуының жиiлiгi минутына 130-150 рет). Ұзақ уақыт бiрқалыпты iстелген жұмыс жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерiн нығайтып, ағзаның жалпы төзiмдiлiгiн дамытады.
Өзгермелi орындау әдiсi. Бұл әдiсте жүктеме қарқыны жаттығуды орындау кезiнде өзгерiп отырады (мысалы, 400 метр қашықтыққа жүгiруде жылдамдық - бiрiншi 100 метр жүгiрген кезде 1/2 жартылай күшпен, екiншi, 100 метрде қатты қарқында, үшiншi 100 метрде – еркiн, төртiншi 100 метрде 3/4 күшпен орындалып отырылады). Жүктеме бұл жүгiру кездерiнде кiшi жүктемеден үлкенге және керiсiнше өзгерiп отырады. Өзгермелi орындау әдiсiнiң көмегiмен бiз жалпы төзiмдiлiктi және жылдамдық төзiмдiлiгiн дамытамыз, оқушыларды жiгерлiлiкке тәрбиелеймiз.
Қайталап орындау әдiсi. Бұл әдiс кезiнде жаттығу көп қайталанады, аралықтағы тынығуда ағза толық бастапқы қалпына келуi қажет (мысалы, қысқа қашықтыққа өте жоғары жылдамдықпен қайталап жүгiрген кезде, аралық тынығу толық болуы қажет). Қайталап орындау әдiсi күштi, жылдамдықты және күш жылдамдығын, жылдамдық төзiмдiлiгiн дамытады.
Аралық орындау әдiсi. Бұл әдiстiң мәнiсi көп рет қайталанған жаттығудың орындау қарқыны жоғары (минутына 160-180 рет жүрек соғу жиiлiгi) және тынығу аралығы қатаң болуында. Жаттығуды орындаған соң тынығу кезiнде жүрек соғысы минутына 120-140 ретке жеткенге дейiн созылады да, сонан соң жаттығу қайталанады. Әрбiр жаңа жүктеме ағза толық бастапқы қалпына келмеген кезде берiледi. Тынығу белсендi немесе бәсең болуы мүмкiн, жаттығу тiзбекпен орындалады. Бұл әдiстiң көмегiмен аз мерзiмде жалпы және арнайы төзiмдiлiк қасиетiн дамытуға болады.
Жоғарыда аталған әдiстер дене тәрбиесi тәжiрибесiнде жеке ғана емес, топтастырыла, жiктестiрiле қолданылады (мысалы, бiрқалыпты аралық жаттығулар әдiсi, өзгермелi-аралық жаттығулар әдiсi т.б.). Осындай әдiстердi топтастыру тәсiлдерi ағзаның функционалды мүмкiндiктерiнiң өсуiне тиiмдi әсер етедi және кең көлемде дене қасиеттерiн дамытады.
Айналмалы орындау әдiсi. Спорт зал мен спорт алаңдарында шеңбер бойынша орналасқан «бекеттерде» жаттығуларды шеңбер бойымен айналып жүрiп орындау айналмалы орындау әдiсi деп аталады.
«Бекеттерде» (саны 6-10 болуы мүмкiн) қарапайым, үйренген бiр жаттығу орындалады (мысалы, штанганы иықта ұстап отырып, тұру, белтемiрде тартылу және т.б.). Жаттығуды орындау саны әрбiр «бекетте» жеке белгiленедi. Бiр сабақта «шеңбердi» бiр реттен үш ретке дейiн тынықпай немесе тынығу аралығымен өтуге болады. Бiр айналып жаттығуды орындау уақытын, тынығудың аралық уақытын, жаттығуды қайталау санын мөлшерлеп белгiлеу қажет. Шеңберлi орындау әдiсiнiң бiрнеше түрi бар:
1. Жаттығуларды ұзақ, үзбей орындау. Сабақ тынығусыз, шеңбер бойынша бiрден үш ретке дейiн қайталана орындалады. Сабақ мiндетi – жалпы және арнайы төзiмдiлiктi дамытады.
2. Аралық орындау әдiсi бойынша. Жаттығуларды орындау аралығында тынығу қатаң аралықты сақтауға, күш және жылдамдық, күш төзiмдiлiгiн тәрбиелеуге қолданылады.
3. Бiрқалыпты орындау әдiсi бойынша. Тынығу аралығы толық. Күштi және жылдамдықты тәрбиелеуге қолданылады.
Шеңберлi жаттығу әдiсiн қолданар алдында жаттығуларды топтап, жүйелеп алады, «бекеттердiң» орындары, жаттығуларды орындау мөлшерi белгiленедi.

4

7





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет