Сабақ 40 Тақырыбы: Балықтардың көбеюі мен дамуы Мектеп: «Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсеметов атындағы мдшо бар орта мектеп»



Дата13.08.2017
өлшемі38,47 Kb.
#23347
түріСабақ

Сабақ 40

Тақырыбы: Балықтардың көбеюі мен дамуы



Мектеп:

«Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсеметов атындағы МДШО бар орта мектеп»КММ



Күні:


Мұғалім есімі: Нұрымбетова Қ.Ж

Сыныбы: 7АӘсынып

Қатысқандар саны - Қ-пағандар саны -



Сабақтың негізделген оқу мақсаты:

Оқушыларға балықтардың көбеюі мен дамуы туралы білім беру

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, табиғатты сүюге үйренеді

Алдыңғы оқу:

Балықтарға жалпы сипаттама

Жоспар: СТО, оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер,топтық жұмыс.


Жоспарланған уақыт ( 45 мин)

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

(10минут)



I.Жағымды психикалық ахуал орнату

Смайликтер арқылы көңіл күйді көрсету

II топқа 1,2,3сандарын санау арқылы топқа бөлу

III.Үй тапсырмасын сұрау «Білім минуты» ойыны арқылы

1.Жақ сүйектерінің сипатына қарай бассүйектілер қалай бөлінеді?

2. Ұрығының даму ерекшеліктері бойынша нешеге жіктеледі?

3. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

4. Торсылдақ және оның қызметі қандай?

5. Желбезектің құрылысы мен қызметі қандай?

6. Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған мүше

7. Балықтардың дене бөлімдерін ата

8. Миының құрылысы қандай?

IV. Қызығушылықты ояту

Видеоролик көрсету



Интернет көздері Оқулық анықтамалығы

Ортасы

(25минут)



Мағынаны тану

«Кір жаятын жіп» әдісі бойынша мәтінде кездесетін сөздер беріледі

Оқушыларға тапсырмалар беріледі

I топ Балықтың көбеюі

II топ балықтардың табиғаттағы түрлері

III топ Уылдырықтары жайлы сипаттама береді

Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrа-пиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі.

Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің киль-ка, хамса балықтарының жыныс бездері бірақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен аквариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекірөсі 8—10 жылда), ал белуга және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек. 

Балық  уылдырықтайтын кезде аналық безде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгң жағында созылып жататын екі қапшық  тәрізді ақ сұйықтық, ол шоғыл деп аталады. Балықтардың жыныс өнімін шашуы уылдырықтау деп аталады. 

«Ментальді карта» әдісі бойынша топпен жұмысы

(Оқушыларға әр түрлі балықтардың суреттері және отряд аттары беріледі. Дұрыс жауаптарын тауып,жабыстыруы керек


топтық жұмыс жасайды



Аяқталуы

(10минут)



Инсерт жүйесі.

(Бұл тәсіл бойынша оқушылар мәтінді оқып болып,кестені толтырады)

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазады

Уйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау, балықтардың көбею жолдарын оқу.

Бағалау: бинго ойыны, сұрақтар арқылы және формативті бағаланады



Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Кім жылдам?

Зертханалық жұмыс

Сұрақтар

Қорытынды баға








































Сабақтан алған әсерлерін жеткізу


Тексерілді:

Макимова А.Н







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет