мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Канкулова Тураш Утегеновна
2
Сергіту жаттығулары
Ойын- ойға жетелейді.
Ойын дегеніміз- жас ерекшелігіне қарайтын, адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті,тапқырлықты, ұқыптылықты,іздемпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай- ақ, басқада толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі.
Ойын бала үшін- нағыз өмір.Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл-ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезмдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан-жақты калыптасады.
“Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында” баланың денесі мен психикалық жетілуі, жек басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.
Бала ойын арқылы күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни баланың ұрпақтық тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады.