«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


«Дүниетану» 3-сынып «Су тіршілік көзі» бөлімінде берілген мазмұнға талдау жасау



бет14/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

15.«Дүниетану» 3-сынып «Су тіршілік көзі» бөлімінде берілген мазмұнға талдау жасау.
«Дүниетану» 3-сынып «Су тіршілік көзі» бөлімі 5 тақырыптан тұрады.
1.Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?
2.Түрістің қайда саяхаттағаны дұрыс?
3.Табиғат және менің қауіпсіздігім.
4.Табиғи ортада қандай қауіп -қатер бар?
Сабақ тақырыбына талдау жасау .Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?
Оқу мақсаттарында табиғи жағдайларға байланысты адамдардың қоныстануын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
Сабақтың мақсатында оқушылар - табиғи жағдайлардың адамдардың қоныстануына әсерін анықтайды.
Тілдік мақсатта оқушылар-ежелде адамдар қайда көбірек қоныстанғандарын әңгімелейді; Терминология: Тау етегі; Өзен; Көл.
Талқылауға арналған сұрақтар: - Неге адамдар қоныстану үшін өсімдіктерге бай және жануарларға мол орындарды таңдаған? Жазуға арналған сұрақтар: -«Қайда өмір сүрген керемет?» тақырыбына шығарма жазады.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар:-су нысандары (көлдер, өзендері және т. б.) жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; - тау баурайында, төбешіктер жанында орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; -Ұлы Жібек жолы және оның адамдарды қоныстандырудағы маңызы туралы біледі; -Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан Қазақстанның қалалары мен қоныстарын атайды және көрсетеді; - адамдардың қоныстану себептерін атайды
Құндылықтарды дарыту: Қарсы пікірді талқылау кезінде бір-біріне деген құрмет мейірімділік қарым-қатынас қалыптасады. Патриоттық сезім өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу арқылы дамиды.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын дамыту; Картамен жұмыс
Бастапқы білім: Оқушылар 1 сыныпта « Дені саудың- жаны сау» тарауында су ресурстарының адам өміріндегі қолданылуымен, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың маңыздылығымен танысып,ал 3 сыныпта «Жанды табиғат» тарауынан климаттың негізгі түрлерін, табиғи жағдайларға байланысты адамдарды әркелкі қоныстануын білді
Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық бағыттағы тапсырманы таңдаулары бойынша
беруге болады. Өзі тұратын елді мекеннің тарихы туралы ақпараттарды жинап,сыныпқа таныстырылым жасайды. Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырды. Өзара және өзіндік бағалау әдістері қолданылды. "Сондықтан..." стратегиясы сабақ мақсаттарына жетуді бағалауға мүмкіндік берді. 1. «Сондықтан ...» стратегиясы (жеке) Оқушыларға 3 тұжырымды аяқтау ұсынылады: * Өзен-тіршілік көзі, сондықтан.... * Адам ежелден таудың жанында қоныстанған, сондықтан қазір де ... * Ежелде еліміздің Оңтүстігінде Ұлы Жібек жолы өтті, сондықтан... Сабақ картамен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Сауалнаманың көмегімен картамен жұмыс істеу кезінде оқушылардың дағдылары бағаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет