«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


Дүниетану пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдаланудың маңызы және сабақта пайдалану мүмкіндіктері



бет38/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

43.Дүниетану пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдаланудың маңызы және сабақта пайдалану мүмкіндіктері.
Жергілікті жер компоненттерін пайдалану әр оқушының шығармашылық ойлауын дамытумен қатар, өзіңің туған өлкесіне,өмір сүріп отырған мекеніне деген сезімін оятып,сүйспеншілігін арттырады.
Егеменді еліміздің гүлденіп , көркейе түсуі,туған өлкенің табиғатына деген аялы көзқарас қалыптастыру үшін әр баланың қызығушылығын, бейімділігін зерттеу-бүгінгі күн талабына туындап отырған маңызды міндеттердің бірі. Осыған байланысты қазіргі кездегі білім берудің көкейкесті міндет балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Жаратылыстану сабақтарында белгілі бір жердің қаланың елді мекеннің бір бөлігін оқып біліп, материалдарын жинау, олардың сабақ барысында қолдану өте тиімді болып саналады. Білім беру мен тәрбиелеуде маңызды құрал болып табылады. Өз өлкесінің бұрынғы және қазіргі өмірін білу өлкенің жаңаруына тікелей ат салысуымыз үшін қажет, өйткені туған өлке шегі жоқ әлемнің бір бөлігі. Отансүйгіштік Отанға деген терең махаббат тудырады.
Жалпы өлкетанудың бір бағыты болғандықтан, оқушының адамгершілік , интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Туған өлкенің өткенімен, қазіргі кезімен және жорамалды болашағымен, табиғи экономикалық , тарихи, мәдени және басқа да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындауына көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет