«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


Сыныптан тыс жұмыстар және олардың жаратылыстануды оқытудағы маңызы



бет31/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

34.Сыныптан тыс жұмыстар және олардың жаратылыстануды оқытудағы маңызы.
Сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлері оқушыларға білім және тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Бұл оқу үрдісінде балаларға қосымша білім және тәрбие беретін оқу түрі болып есептелінеді, бірақ міндетті бағдарлама талап етілмейді.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенділігі артады, білімдері тереңдейді. Сыныптан тыс жұмыстар барысында бала бойында жауапкершілік, тәрбиенің басқа да түрлі қырларының қалыптасуы жүзеге асады. Мұғалімге үлкен көмекші болып табылады. Соңынан түрлі іс - шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, жетекші болып шығады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерінен сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу түрінің айырмашылығы оқу бағдарламасына сәйкес оқушының орындауы міндетті, ал кластан тыс жұмыс түрлері оқушылардың өз еркімен, қызығушылықпен белсенділік таныта айналысып, ұйымдастырылатын оқудың қосымша түрі болып келеді.
Сыныптан тыс жұмыстарға: тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, тәжірибе алаңындағы жұмыстар, түрлі тақырыптық үйірмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, ондағы материалдарды өңдеу, көрнекіліктер даярлау т.с.с. жұмыс түрлері жатады.
Бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне орай кластан тыс жұмыстардың да түрі сол жасқа лайықты таңдалынады. Ең алдымен 1 - 2 кластарда кластан тыс жұмыстардың мазмұны сол уақытқа дейін меңгерген білімдеріне сәйкес өзгеріп, күрделеніп отырылады. Бұл топпен орындалады, атап айтсақ; тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, бөлме өсімдіктерін күту, өсімдікті басқа ыдысқа көшіру, түрлі коллекциялар даярлау, топтық іс-шаралар өткізу мысалы, ағаш егу, «Құстар күні» мерекесін өткізу, түрлі викториналық сұрақтар даярлау, өсімдіктер мен жануарларға, құстарға көмек, ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жұмыстары, қоғамдық-пайдалы еңбектерді жүргізу, көгалдандыру т.с.с.
35.Топсаяхаттың білім беру түріне жататындығын дәлелдеу.
Топсаяхат– ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар. Берілетін білімнің ғылымилығын, оқушылардың эстетикалық талғамын, өлкетану жұмысын жүзеге асыруға қолайлы білім беру формасы- топсаяхат. Топсаяхат көбіне табиғат аясында өтіледі .Топсаяхаттың мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты.
Топсаяхат оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануға да жағдай жасайды. Топсаяхат кезінде оқушының ұғымды саналы меңгеруі, мақсатты іс-әрекеті ұйымдастыру, бақылау, зерттеу арқылы танымға жетеді. қоршаған ортаның заттарын. құбылыстарын таниды, олардың басты белгілерін ажыратуға жаттығады. Олардың практика жүзінде қолданған іс-әрекеттері таным негізін қалап, біртіндеп білім қалыптасады.
Топсаяхат белгілі бір тақырыпқа арналып, жаңа ұғым беру бағытында немесе оқылып кеткен тақырыптарды қайталау, қорытындылау мақсатымен өткізілуі мүмкін. Табиғат аясында өтуіне байланысты топсаяхаттың білім беруде бірнеше ерекшеліктері бар. Топсаяхат кезінде алатын білім нақты объектілер мен құбылыстарға негізделеді. Табиғи ортаның да бүкіл басқа объектілермен бір тұтастықта бақылау арқылы олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Соның нәтижесінде оқушылардың білімі нақтылана түседі, бақылап көру арқылы теориялық ұғымдарын іс жүзінде тексеріп, бақылау дағдылары қалыптасады. Сөйтіп, көріп, бақылап, сезіп меңгеру кезінде алған білімнің саналылығы жүзеге асады.
Сабақ үстінде, немесе топсаяхат кезінде алған білімді келесі сабақтада қолдануға болады. Сол сияқты топсаяхаттың нәтижесінде, барысында меңгерілген білімді, жиналған деректер мен табиғи материалдарды келесі сабақтарға қолдануға мүмкіндік мол. Сонымен топсаяхат ұйымдастырылу жүйесі дидактикалық талаптарды орындауы, білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары тұрғысынан дүниетанудан білім беру формасына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет