Қазақ тілі
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен менің досым.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өткен тақырыптарды қайталау арқылы грамматиканы қайталау және достық туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Диалог, монолог арқылы ауызекі тілін дамыту, берілген сөз, сөз тіркестерінен сөйлем құрай білу, сөздік қорын молайту. жауап алу, сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, орысшадан-қазақшаға аударту;
3. Тәрбиелік: Достық қарым — қатынас жасауға тәрбиелеу, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, тілге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.
жаздыру, оқыту, әңгімелеу, баяндау, қайталату, аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта. Суреттер, мәтіндер, карточкалар, сөздіктер
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин.
1. оқушылармен сәлемдесу
2. сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
Психологиялық жағдай
- Оқушылармен сәлемдесу.
Амансыз ба, жер ата!
Амансыз ба, күн ана!
Амансыз ба, достарым!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
Сабақтың мақсаттын айту
1. Білімділік: Өткен тақырыптарды қайталау арқылы грамматиканы қайталау және достық туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Диалог, монолог арқылы ауызекі тілін дамыту, берілген сөз, сөз тіркестерінен сөйлем құрай білу, сөздік қорын молайту. жауап алу, сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, орысшадан-қазақшаға аударту;
3. Тәрбиелік: Достық қарым — қатынас жасауға тәрбиелеу, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, тілге деген қызығушылығын арттыру.
1-кезен «Тез ойлан, тап!»
Оқушылар, сабағымызды сөзжұмбақты шешу арқылы білеміз. Мен сөздерді оқимын, сендер ойланып шешіңдер.
2-кезең топ бойынша жұмыс
«Дос» деген сөзге постер жасау және оны қорғауы
ДОС
3)Аудармашы жарысы
3. «Аудармашы» жарысы.. Орысша жазылған сөздері қазақшаға аударады . Әр топ ойыншысы бір - бір сөзден аударып келесі оқушыға береді. Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңеді.
«Достық»
1. Моя подруга
2. Добрый
3. Рост
4. Младший
5. Рост
6. Хобби
7. Красивый
«Сәттілік»
1. Мой друг
2. Волосы
3. Характер
4. Глаз
5. Заболтивый
6. Высокий
7. Советоваться
4)Монолог бойынша жұмыс - аудирования.
Менің досым
Менің досым бар. Оның аты – Берік. Ол он жаста. Беріктің бойы ұзын, шашы қара, қысқа. Қыр мұрынды. Берік спортпен айналысады. Ол бос уақытында компьютер ойнайды, кітап оқиды, музыка тыңдайды. Ол сенімді дос.
1 топ-аударады
2топ – мәтін бойынша сұрақтар құрастырады
6) «Мақал- сөздің көркі». Қазір достық тақырыбына Мақал-мәтелдер жарысы
Балалар, біздің адал достарымыз көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бірге салып көрейік.
Күлме досқа — келер басқа.
Жаман достан жақсы дұшпан артық.
Дос көп болмайды.
Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.
Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам. Жить без друзей, что есть пищу без соли.
Жігіт жолдасынан белгілі. О жигите судят по его друзьям.
Ауыр сөз айтқан дос емес.
Босқа бергенше досқа бер.
Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.
Нағыз дос дұшпан болмас.
Жаман жолдастан мықты таяқ.
Досыңа ат берме, Ат берсең, ақырын жүр деме.
Жүз теңген болғанша, Жүз досың болсын.
Сергіту сәті
10) «Достықтың күні жарқырайды?»
Біз үлкен үйді жасадық, енді бізге жарқырап тұрған күн керек. Әр бір күн шуақта берілген сөз. Сөзді буынға бөліп буыды айтамыз.
Ашық буын - аты, бойы, қара, қысқа, оқиды жаста, шашы
Тұйық буын - ол, от, ат, ас
Бітеу буын - тоғыз, бар, ұзын, қыр, бос, кітап, шахмат
Жарайсыңдар!
11) Тәуелдік жалғауды еске түсіреміз
1 жақ Менің - -м, -ым, -ім
2 жақ Сенің - -ң, -ың, -ің
2 жақ Сіздің - -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз
3 жақ Оның – -сы, -сі, -ы, -і
Керекті жалғауларды қойып жазыңыз.
Менің дос... тамаша жігіт. Айгүлдің құрбы...
кітап сатып алды. Сіздің жолдас... өте
ақылды адам. Менің әке... дәрігер. Оның
әже... Өте мейірімді, әділ адам.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Эссе жазу «Менің досым»
Мұқағали Мақатаев:
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
V Үйге тапсырма.
3-жаттығу (жаңылтпаш жаттау)
Сөздік жаттау
4-жаттығу (Тиісті жалғауды жалғап жазу)
«Караман орта мектебі» ММ
Мұғалім: Жаксағұлова Б.Б.
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |