Тапсырма №1.
Тақырып: Құрастыру(1 сағат).
Техника саласының объектілері бөлшек және тетіктердің көмегімен құрастырылып бір үлкен техникалық бұйым болып өндірістерде шығарылады. Әрбір тетіктің өзінің атауы мен қызметі бар. Кез-келген бөлшектер техникада жеке қызмет атқара алмайды. Олар бір-бірімен біріктіріле объектінің негізгі қызметін атқаруға мүмкіндік жасайды. Ол техникаларды конструкторлар жобаласа, инженерлер тетіктердің техникалық сипаттамаларын есептеп өндірісте жасау технологиясын анықтап отырады.
Құрастыру дегеніміз түрлі материалды бір-біріне жапсырып, бөлшектерді біріктіріп, бір зат жасау. Жинақтау бөлшектері кез-келген табиғи немесе жасанды материалдардан жасалады. Бөлшектерді бір-бірімен ажырамалы, ажырамайтын түрде біріктірулер қолданады. Құрастыру бөлшектері: дөңгелек, планка, штифт, гайка, болт, пластина, қамытша, сақина, білік және т.б...
Практикалық сабақта «Конструктор» бөлшектер жинағынан техника моделін жинатуды орындау.
Тексеру сұрақтары.
Белгіленген оқу материалындағы техникалық ұғымдарға қосымша өзгерістер енгізілді ма?
Қандай сабақтың түрі мен типі қолданды?
Объектіні құрастыруда оқушының қандай психикалық қасиеті дамиды?
Оқушының ұғымдарды игеруге қандай дәстірлі және дәстүрлі емес әдіс – тәсілдер қолданылды?
Сабақтың негізгі бөліміне кеткен уақыт мөлшері қандай?
Оқушының игерген ұғымдары практикалық сабақтарда жиі қолданылуы табылады ма?
Ұсынылатын әдебиеттер.
Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(1 сынып). -Алматы, 2003 ж.
Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.
Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005ж.
Оралбекова Т. Еңбекке баулу (1 - сынып). -Алматы, 2001 ж.
Саткалиев О. С. и др. Технология 1 класс (12 лет обучения), (методическое пособие). –Алматы, 2005ж.
Заворотов В. А. От идеи до модели. -М., 1988 ж.
Лабораториялық жұмыс №10
Достарыңызбен бөлісу: |