Тақырып: Ермек саздан ыдыс жапсырмалау(1 сағат).
Ыдыс – аяқ жиынтығын сервиз деп атайды. Шай ішетін сервиздер бар. Шай сервиздері 2 – 6 нәрседен тұруы мүмкін.
Демек сервиздер пайдаланылатын орнына қарай әр түрлі болады. Біз де сервиз жапсырмалағанда осыны есте ұстаймыз. Сервиз ыдыстарының сыртқы беттерін өрнектеу онша күрделі емес. Өрнектер өсімдік дәндерімен бейнеленген бедерлі суретпен және қалемшемен өңдеу арқылы жасалады. Бояумен жазуға да болады. Екінші сыныпта бедерлі суреттерді қалай жазып, бейнелегенімізді естеріңе түсіріңдер.
Пішіннің ұнамдылығының үлкен мәні бар. Кофе қайнатқыштың пішініне қарап, оның негізіне пластмасса шөлмекті, ал шайнек үшін пластмасса стақанды алуға болатынын білу қиын емес. Осындай стақанға ермексазды жапсырмалап, шайнектің пішініне келтіреміз. Пішінді өңдеп, бояу ғана қалады.
Тексеру сұрақтары.
Ермек саз бұйымын оқушыға орындату үшін оқу материалында өзгеріс енгзілді ме?
Кандай сабақтың түрі мен типі қолданды?
Сабақта оқушының қандай қасиетін бақыладың?
Қандай оқытудың формасы қолданылды?
Оқушының машықтану қасиетін дамытуға өзің қандай тәсілдер ұсындың?
Объектіні басқа қандай материалдан жасауға және безендіруге болар еді?
Машықтану қасиетін қандай критериямен бағалайсың?
Ұсынылатын әдебиеттер.
Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.
Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.
Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. Уральск, 2005 ж.
Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 - сынып). -Алматы, 2003 ж.
Конышева Н. М. Лепка в начальных классах. -М., 1985 г.
Достарыңызбен бөлісу: |