Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық Танымдық іс-әрекет. Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін,қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды
Еңбектік іс-әрекет Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде оқушылардың олардың түсінуіне мүмкін мамандықтармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қарапайым тәсілдерін меңгереді, оқу-көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, балабақшаға,үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.
Ойын. Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетіндік іс-әрекеттің түрі, әрі барлық іс-әрекет түрлерінің міндетті элементі.Балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады.Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар: - сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;
- олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;
- кез-келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;
мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;
- жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.