Мұғалім өзінің қалауы бойынша сыныптан тыс шараны таңдап өткізіп оқушылармен жұмыстар жүргізеді. 1. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері, математика сабағымен байланысы. 2. Оқушылардың өздік шығармашылық іс-әрекетіне басшылық жасау.
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар –жалпы білім беретін мектептердегі білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мақсаты – математика пәні бойынша оқушылардың қабілеттері мен дербестіктерін жан-жақты дамыту.Сонымен бірге, бұл жұмыс оқушылардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу, үлгірім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.