«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


Тақырып №2: Музыкалық тәрбие беру мен білім берудің



Pdf көрінісі
бет10/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа
лекций, Тақырып 13
 
Тақырып №2: Музыкалық тәрбие беру мен білім берудің 
даму тарихына шолу 
1.
Алғашқы қауымдық құрылыстағы музыкалық тәрбие
тәжірибесі 
2.
Орта ғасырдағы музыкалық тәрбие тәжірибесі
3.
ХІУ-ХІХ ғасырдағы музыкалық тәрбие тәжірибесі 
1.
 
Алғашқы қауымдық құрылыстағы музыкалық тәрбие
тәжірибесі 
Адамзат қоғамы пайда болған бері тәрбие қоғамдық 
қызметтің ерекше түрі ретінде 
рулық қоғамда
жетік дамыды. 
Рулық қоғамға дейін 
тәрбие ұжымдық
түрде болды. Тәрбие ұл-
қызға бірдей жүргізіліп, тәрбие процесінің алғашқы ұйытқысы 
болды. Бертін келе аңшылық, малшылық пен егіншілік кәсібі 
пайда болды. Тәрбие күрделеніп, бала еңбекке машықтана 
бастады. Діни ережелер, әдет-салт, батырлар туралы ертегі-
әңгімелер айтылып, үлгі өлеңдермен тәрбиелеу шықты.
Жастарды ән айтуға үйрету мен музыкаға баулу алғаш рет 
Жаңа Вавилон, Ассирия дәуірінде пайда болған мектептер-
эддубалардың (б.д.д. 1 мың жылдық) оқу бағдарламасында жүзеге 
асты. 


14 
Көне гректер идеалында-«тамаша және мейірімді адамды» 
тәрбиелеу болды. Бұл–атлетикамен тәрбиеленетін дене ырғағы 
мен музыкаға тәуелді жан ырғағы секілді екі ырғақтың 
үйлесімділігі болып саналды. 
Көне Рим ғалымы Квинтилиан өзінің «Шешендерге нақыл-
сөз» атты еңбегінде Тамаген, Вергилий, Ионас, Архит, Эвен 
секілді ғалымдарға сүйеніп, музыканы «көне замандарда тек оқып 
қана қойған жоқ, ол жақсылық белгісі болды, ондағы 
артықшылық пайғамбар мен данаға ғана тән» деп жазды. 
Сонымен, 
Антика 
дәуірінде 
музыкалық-эстетикалық 
тәрбиенің әлемдік тәжірибесінің маңызды дәстүрі туындады. Осы 
дәуір ғалымдары музыка өнерінің адам жанына сиқырлы әсер ету 
күшін, өнердің адам бойында жақсылыққа деген құштарлығын 
оята алатын қасиетін бағалап, музыка өнерін тәрбиенің пәні 
ретінде қажеттілігін атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет