«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


Тақырып №6: Музыкалық тәрбие мен білім беру мақсаты



Pdf көрінісі
бет23/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

Тақырып №6: Музыкалық тәрбие мен білім беру мақсаты, 
міндеттері және қағидалары 
1. Музыкалық даму – музыкалық тәрбие мен оқытудың нәтижесі 
ретінде.
2. Музыкалық оқыту мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері 
3. Музыкалық оқыту мен тәрбиенің негізгі қағидалары 
1. Музыкалық даму – музыкалық тәрбие мен оқытудың 
нәтижесі ретінде. 
Музыкалық даму – белсенді музыкалық іс-әрекет барысында 
баланың даму нәтижесі. Әр баланың өзіндік дербес ерекшелігінің 
маңызы зор. Музыкалық қабілеттің дамығандығының 
бірінші 
белгісіне 
баланың музыка сипатын сезіне білуі, естігенін сипаттай білуі, 
музыкалық бейнені түсіне білуі жатса; 
екінші 
сипатына музыканы 
тыңдай білу, музыканы түсініп, айшықты жаратылысын салыстырып, 
бағалай білу қабілетінің болуы жатады. Есіту, көңіл қырағылығының 
болуы, яғни музыка ерекшілігін айқындау зердесінің болуы, жоғарғы–
төмен дыбыс, қай аспапта ойналып жатқанын, әннің қарапайым 
құрамын байқауы (шумағы, қайырмасы, үш бөлімнен түратындығы), 
әннің әуендерін сезінуі маңызды рөл атқарады. Осындай даму 
нәтижесінде біртіндеп баланың ұнататын шығармалары пайда бола 
бастайды, яғни алғашқы музыкалық талғам негіздері қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет