2. Музыкалық тәрбие теориясында қалыптасқан жаңа әдістер Музыкалық талдап қорыту әдісі – тек музыкалық білім беру
процесін ұйымдастыру ғана емес, оны ынталандыру әдісі.
Композиция жасау әдісі (Д.Б. Кабалевский, Л.В. Горюнова) бір
музыкалық
шығарманы
орындау
кезінде
жасалатын
оқушылардың қарым-қатынас түрлерін біріктіруге бағытталған..
Көркемдік құрамын (контекст) байыту әдісі (Л.В. Горюнова)
музыканың өзге де өнер түрлерімен сабақтастығы, тарих, табиғат,
өмірдегі түрлі жағдаяттар, көркем образдар және т.б. байланысы
негізінде
бай
көркемдік-педагогикалық
орта
тудыруға
бағытталады.
«Алға шығып кету» мен өткенге «кері оралу» әдісі (Д.Б.
Кабалевский) немесе оқыту процесіндегі перспектива және
ретроспектива (Э.Б. Абдуллин) оқушылардың бағдарламада
берілген
музыка
туралы
тұтас
түсінігін
орнықтыруға
бағытталады.
Талдап қорыту әдісі. Бұл әдіс, музыкалық сабақтарды
ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде, оқушылардың музыка
өнеріне
саналы
қарым-қатынасын
дамытуға,
көркемдік
ойлағыштығын қалыптастыруға бағытталады.