«бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»


Зуев Василий Федорович (1754-1794)



Pdf көрінісі
бет12/72
Дата30.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#106811
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
Дүниетану әдістемесі
doc06, doc06, Аралық бақылау 2 невр, ЖҚТ №6, Дүниетану әдістемесі, №1 билет Ағылшын, №1 билет Ағылшын, Меню мектептерге
     Зуев Василий Федорович (1754-1794) академик, 
оқытушы
 
семинариясының
 
профессоры, 
жаратылыстану  бойынша алғаш оқулық жазды.  1786 
жылы   жаратылыстану   бойынша   алғаш   орысша 
оқулық   екі   кітап   болып,   «Начертания   естественной 
истории…»   деген   атаумен   басылып   шықты.   Бұл 
оқулықтағы   материал:   «Ископаемое   царство»,  
«Прозябаемое   царство»   (өсімдіктер),   «Животное 
царство»   деп   аталатын   бөлімдерге   бөлінді.   Соңғы 
бөліміне адамдар денесін суреттеу енгізілді
        В.Ф.   Зуевтың   оқулығынан   жаратылыстану 
әдістемесі   басталады.   Бұл   оқулықтың   кіріспесінде 
жаратылыстануындағы       оқу-   тәрбиелік   міндеттер 
көрсетілген   және   жаратылыстануды   қалай   оқыту   керек 
жөнінде әдістемелік көрсеткіштер берілген. Сонымен бірге 


22
В.Ф.   Зуев   жаратылыстану   оқушыларға   өмірге   қажетті 
білімді беру керек деп ескертті.
        В.Ф.   Зуевтың   ғылыми   және   педагогикалық 
қызметіндегі   көрсеткен   еңбегі:-   ол   оқу   пәні   мен   ғылым 
арасындағы   айырмашылықтарды   бірінші   болып   көрсетті 
және   мектепте   оқыту   үшін   табиғат   объектілеріне 
әдістемелік іріктеме жасады.
18   ғасырдың   екінші   жартысында,   табиғат   жөніндегі 
ғылымда   көптеген   жылдар   бойы   суреттемелі   жүйелі 
бағыттар   қызмет   еткен   болатын,   бұл   бағыттың   негізін 
салған   атақты   швед   жаратылыстанушысы   Карл   Линней 
(1707-1778). 18 ғасырдың соны мен 19 ғасырдың басында 
осы   суреттемелі   жүйелі   бағыт-мектеп   жаратылысына   да 
ене бастады. Мектептегі ең негізгі міндет Карл Линнейдің  
ұсынған   өсімдіктер   мен   жануарлар   әлемінің   жуйесін 
оқушылардың   менгеруіне   ықпал   жасау.   Мұндағы 
оқытудағы   басты   назар   заттардың   сыртқы   белгілерін 
суреттеп
 
жуйелеуге
 
аударылды.
 
Мектеп 
жаратылысындағы   суреттемелік   жуйелі   бағыт   19 
ғасырдың   бірінші   жартысында   мына   негіздермен 
сипатталады:
1. Оқулықтар бірнеше тілде көптеген морфологиялық 
және жуйелі атаулармен толықтырылған.
2. Мұнда белгілі бір көрнекі құралдар болмады.
3. Оқушылар   мұндай   мазмұнды   тек   жаттап   алу 
арқылы ғана меңгерді
4. Оқулықтың   мазмұнын   толығымен   есте   сақтауда 
оқушыларға   қойған   оқытушының   талабынан,   оқушылар 
жаратылыс   тарихына   зейінсіздікпен   жек   көрушілікпен 
қарады.
Ресейдің   шаруашылығының   құлдырауына   себеп 
болған   1812   жылғы   отандық   соғыс   революциялық 
шаруалар   қозғалысының   көтерілісін   тудырып,   бұған 
самодержавиелер   репрессиямен   жауап   қайтарды.   1825 
жылғы декабристердің қозғалысы үкіметтің наразылығын 
тудырды.   Көптеген   реформалар   қабылданды,   бұл 


23
реформалардың   бірі   халықтың   білімді   қайта   құруға 
бағытталып,   сословиялык   сипатқа   ие   болды.   Бір   ғана 
мектеп жүйесінің орнына екі турлі жүйелер енгізілді, оның 
бірі төменгі сословиялар үшін қажетті бастауыш білім, ол 
екіншісі: дворяндар үшін қажетті орта және жоғарғы білім. 
Гимназиялар   дворяндардың   балалары   үшін   оқу   орны 
қызметін   атқарды.   Мұндағы   білімге   классикалық   бағыт 
берілді,   ал   жаратылыстану   болса   қауіпті   материалистік 
идеяларды таратушы пән ретінде көрініп орта мектептер 
курсынан ұзақ мерзімге алынып тасталынған болатын.
  География   болса   қосымша   пән   ретінде   көрініп,   бұл 
пән   тек   бастауыш   сыныптарында   ғана   оқытылды.   Бірақ 
елдегі   әлеуметтік   демократиялық   өзгерістер,   және   19 
ғасырдың 60 жылдарындағы бас кезіндегі жаратылыстану 
ғылымдарының
 
қарқынды
 
дамуы
 
мектепте 
жаратылыстануды   қажетті   пән   ретінде   қайта 
қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
Жаратылыстану   мен   географиядағы   әдістемелік 
бағыттың   дамуына   сол   уақыттары   балаларға   табиғат 
жөнінде   дұрыс   ғылыми   көзқарастар   беру   мүмкіндігін 
негіздеген прогрессивті педагогтар зор әсер етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет