«бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата30.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#106811
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
Дүниетану әдістемесі
doc06, doc06, Аралық бақылау 2 невр, ЖҚТ №6, Дүниетану әдістемесі, №1 билет Ағылшын, №1 билет Ағылшын, Меню мектептерге
Негізгі әдебиеттер5, 22, 23, 24, 25
Қосымша әдебиеттер: 7, 16, 17, 18
Тақырып № 6.Оқыту әдістері, тәсілдері  (4 сағат)
1. Оқыту процесінде әдістер мен тәсілдер ұғымы.
2. «Дүниетануды» оқытудағы ауызша әдістер.
3. Оқытудың көрнекілі әдістері.
4. «Дүниетануды» оқытудағы практикалық әдістері.
1.Оқыту процесінде әдістер мен тәсілдер ұғымы.
        Мектептегі   оқыту   процесінде   оқу   пәнінің 
мазмұнының көлемін орнату мен сабақ үшін материалдар 
таңдар алуда оқытудың әдістерінің маңызы өте зор. Әдіс 
дегеніміз   грек   тілінен   аударғанда   бір   нәрсеге   жетудың 
жолын   білдіреді.   Қызметтіқ   басқа   түрлеріне   қарағанда 
оқыту   әдісінің   ең   негізі   ерекшелігі   ретінде   оқытушының 
оқыту қызметі мен оқушының оқу қызметін улестіретін екі 
жақты   процессті   оқыту   көрініс   береді.   Қазіргі   заманғы 
мектептің   алдында   тұрған   мәселелерді   ескере   отырып, 
оқытудағы   әдістер   ұғымын   мынадай   негізде   анықтап 
беруге болады. Оқытудың әдістері дегеніміз білімді жоғары 


53
турде   меңгеруге,   белгілі   бір   дағдылар   мен   іскерліктерді 
қалыптастыруға,   оқушылардың   танымдың   белсендігін, 
дербестігі   мен   творчестволық   мумкіндіктерін   дамытуға 
бағытталған   оқытушы   мен   оқушының   бір   бірімен   өзар 
байланысты   қызметінің   тәсілдері.   Егер   де   оқушы   мен 
оқытушының оқу қызметтерінің тәсілдері бір бірімен өзара 
байланысты   болса   және   оқу   процесінің   белгілі   бір 
кезеңіндегі   оқу,   тәрбиелік   және   дамытушы   мәселелерді 
шешуге   бағытталған   болса,   онда   белгіленген   әдіс   алға 
қойылған маселелерді шешеді деп ұйғарамыз. 
Оқыту әдістерін жіктеудің әртурлі тәсілдері бар. Олар:
0 білімнің негізгі бастамалары бойынша.
1 ойлаудың логикалық формалары бойынша.
2 таным қызметін ұйымдастыру бойынша.
3 белгілердің жиынтығы боынша.
Оқушылардың
 
жас
 
ерекшелігі
 
мен 
«Дүниетану»курсындағы   мазмұнның   ерекшелігін   есепке 
алған  1ші және 4ші сыныптар үшін арналған  әдістемелік 
әдебиеттерде   оқыту   әдістерін   оқытушының   қызметі   мен 
оқушының   танымдық   қызметін   оқытатын   білімдерің 
негізгі бастамалары бойынша жіктеледі. Білімдердің басты 
негізіне   оқулық   пен   бағдарламаның   мазмұнымен 
анықталатын   сөз   немесе   практикалық   қызмет   жатады. 
Білімдерді   меңгеріп   ұйғару   оқытушы   мен   оқушының 
қызметінің   сипатымен   тығыз   байланысты.   Егер   де 
білімдерді меңгеріп, жеткізу сөз арқылы, көрсету арқылы 
және   практикалық   жұмыстар   арқылы   жүзеге   асырылған 
жағдайда   оқыту   әдістері   ауызша,   көрнекілік   және 
практикалық   негізге   топталады.   Оқытудың   ауызша 
әдістерін қолдану кезіндегі білімдерің басты негізі ретінде 
мұғалімнің   сөзі   көрініс   береді.   Мұғалім   пікірлесудің, 
әнгімелесудің   процесі   кезінде   немесе   сәйкес   ақпаратты 
тусіндіруде   және   бұған   әртүрлі   көрнекі   оқу   қуралдарын 
пайдалану процесі кезінде белгілі бір білімдердің жүйесін 
бере алады. Ал оқушылар бұларды үйғарып мұкият тыңдап 
есте сақтау кезінде меңгере бастайды. Мұғалімнің оқыту 


54
қызметі   оқушыларға   білімді   сөзбен   жеткізу.   Ауызша 
әдістер   көрнекі   және   практикалық   әдістермен   тығыз 
байланысты.   Мысалы:   демонстрациялық   тәжірибелерді 
жүргізу   кезінде   оқытушы   оқушыларға   бул     тәжірибеге 
қалай   дайындалғандығы   жайында   және   осы   тәжірибені 
қарастырып, бақылау кезінде басты назарды неге аудару 
керектігі   жайында   әнгімелейді.   Практикалық   әдістерді 
қолдану сонымен бірге ауызша және көрнекілік әдістермен 
өзара байланыста болады. Лабораториялық практикалық 
жұмыстарды   орындауға   дайындық,   оларды   орындаудың 
барысы   мен   ондағы   нәтижелерді   көркемдеу   алдын   ала 
жоспарланып   қойылады,   яғни   жұмысты   қалай   орындау 
жайында, тәжірибе мен байқауды қалай жүргізу керектігі 
жөнінде оқушылармен алдын ала әнгіме жүргізіледі. Бүкіл 
практикалық   әдістерді   қолдану   кезінде   өздігінен   дербес  
жұмыс   істеу   өте   маңызды,   өйткені   мұндай   жұмыстың 
процесі   негізінде   оқушылар   творчестволық   сипаттағы 
әртурлі   мәселелерді   орындай   алады.   Мұғалімнің   сөзі 
мұндай   кезде   оқушыларды   жұмысты   орындатуға 
дайындық   ушін   нұсқаудың   мақсатында   қолданылады. 
Мұғалім обьектілерді сипаттайды, оларды қалай қолдану 
керектігін   көрсетеді,   алдыңғы   сабақтарда   орындалған 
практикалық   жұмыстардың,   «Бақылау   күнделіктерінің» 
үлгілерін және тәжірибенің нәтіжелерін көрсетеді. Көрнекі 
әдістерді   қолдану   кезінде   білімнің   басты   негізі   болып 
демонстрациялық   объектілерді   бақылап   қабылдау, 
тәжірибелер   мен   бейне   көрнекілік   оқу   құралдарын 
бақылап,   қабылдау   табылады.   Оқушылар   білімді 
қарастырылатын   және   бақыланатын   объектілерді 
қабылдаудың   процесінде   меңгереді,   оқытушы   бақылау 
жүргізудің   жоспарын   анықтап,   бақыланып,   қабылданған 
объектілерді   ұғыну   үшін   оқушылардың   алдына   сұрақтар 
қояды,   осының   негізінде   оқушылардың   ойлау   логикасы 
дамиды. Оқушылар бақылау  жүргізгеннен соң  объектінің 
белгілерін   сипаттап,   осының   негізінде   тұжырымдар 
жасайды. Практикалық әдістерді қолдану кезінде бақылау, 


55
тәжірибе жүргізудің жолымен, табиғаттың объектілері мен 
әртүрлі аспаптарын оқыту бойынша әртүрлі практикалық 
жүмыстарды   орындау   арқылы   білімдер   дербес   түрде 
меңгеріледі.   Балалар   табиғатты   ондағы   нәрселер   мен 
объектілерді   бақылаудан   және   қабылдаудан   бастап 
зерттей   бастайды.   Мақсатқа   бағытталған   бақылау   тек 
қана   оқытушының   басқарушы   және   бағыттаушы   рай 
арқылы   ғана   жүзеге   асырылады,   ал   бақыланатын 
объектілерді әрі қарай тереңдетін қарастыру оқушының әрі 
қарайғы   белсенді   танымдың   әрекеті   процесінде   ғана 
мүмкін болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет