81
басқаруды оқытушы тек қана бірінші этапта орындап
жүзеге асырады яғни жаңа білімді баяндау жолымен,
немесе фронтальды сұрақ жүргізу арқылы алдында
өтілген сабақты қайталау жолымен оқушыларды
тапсырмаларды орындауға дайындау кезінде жүзеге
асырады. Оқытушылардың көбісі өзіндік жұмыстарға
қорытынды жасамайды, ол сыныпқа жалпы сипаттағы
ескертулер жасаумен және жеке оқушыға немесе кез
келген орындалған жұмысқа ауызша ескертулер жасаумен
ғана шектеледі. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастырудағы бұл бір жетіспеушілік болып табылады.
Өзіндік жұмыстар нәтижесінің басқарусыз және жеткіліксіз
есебімен оқушылардың білім, дағды және іскерлік
деңгейлері сияқты индивидуальды ерекшеліктерінің әлсіз
есебі тығыз байланысты болмақ. Сонымен бірге өзіндік
жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың айқынсыздығы
мен таңдау кездейсоқтығын да ескеру керек. Шағын
комплектілі мекткептер оқушылармен оқутушылардың
тікелей басшылығымен өтетін жұмыстарға сабақтың
шамамен үштен бір сағаты кетеді, ал сабақтың қалған
уақыты оқушылардың өзіндік жұмысына жұмсалады.
Нақ осыдан белгілі болғанындай, бірнеше
сыныппен жүргізілетін оқу-тәрбиелік жұмыстын жетістігі
ең алдымен сабақ кезінде берілген уақытты тиімді
пайдалануға байланысты, ал бұл уақыт оқушылардың
дербес, өзіндік жұмысына және оның нәтижелілігіне
белгіленген. Бірақ та сабаққа дайындалар кезде
оқытушылар оқушылардың өзіндік жұмыстарына және
оқытушының басшылығымен болатын ужымдық
жұмыстарға жұмсалатын сабақ кезіндегі уақытты көбінесе
рациональды түрде жоспарлай алмайды. Белгіленген
уақыт дәл бөлінбей, сондықтан сабақтың маңызды
бөлігінде оқушылар оқу жұмысымен айналыса алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: