21
қатынастардың пайда болып, дамуын және мемлекеттің
білім реформасын енгізді. “Ресей империясындағы
халықтың училищелер уставында” губерниялық
қалалардағы ең басты халықтық училищелер көрсетілген.
Жаратылыстану мен география оқу пәні ретінде басты
халықтық училищелерде оқытылды. Жаратылыстану
сонымен бірге оқытушыларды дайындау ушін ашылған
оқытушылар семинариясында да оқытылды.
Жаратылыстану мен географияға кіріспедегі
практикалық мақсаттар: оқушыларды адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын табиғат әлемімен,
әртурлі минеральды, тау жыныстарымен және жануарлар
әлемімен таныстыру.
1786 жылғы “Уставта” өсімдіктерің барлығын
оқыту шарт емес деп көрсетілген, яғни адамдарың
әртүрлі мақсатта пайдаланатын негізгі өсімдіктерді
ғана оқыту қажет, осыған байланысты жаратылыстану
мен географияны оқыту кезіндегі басты мақсат табиғи
байлақтарды пайдалану ушін қажетті білімдерді
меңгеру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: