23
реформалардың бірі халықтың білімді қайта құруға
бағытталып, сословиялык сипатқа ие болды. Бір ғана
мектеп жүйесінің орнына екі турлі жүйелер енгізілді, оның
бірі төменгі сословиялар үшін қажетті бастауыш білім, ол
екіншісі: дворяндар үшін қажетті орта және жоғарғы білім.
Гимназиялар дворяндардың балалары үшін оқу орны
қызметін атқарды. Мұндағы білімге классикалық бағыт
берілді, ал жаратылыстану болса қауіпті материалистік
идеяларды таратушы пән ретінде көрініп орта мектептер
курсынан ұзақ мерзімге алынып тасталынған болатын.
География болса қосымша пән ретінде көрініп, бұл
пән тек бастауыш сыныптарында ғана оқытылды. Бірақ
елдегі әлеуметтік демократиялық өзгерістер, және 19
ғасырдың 60 жылдарындағы бас кезіндегі жаратылыстану
ғылымдарының
қарқынды
дамуы
мектепте
жаратылыстануды қажетті пән ретінде қайта
қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
Жаратылыстану мен географиядағы әдістемелік
бағыттың дамуына сол уақыттары балаларға табиғат
жөнінде дұрыс ғылыми көзқарастар беру мүмкіндігін
негіздеген прогрессивті педагогтар зор әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: