Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі және шетелдердегі бағалау жүйесі Салыстырмалы кесте
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі және шетелдердегі бағалау жүйесі Салыстырмалы кесте
№
Мемлекеттер атауы
Бағалау жүйесінің ерекшелігі
Қазақстан Республикасындағы бағалау жүйесінің ерекшеліктер
1
Сингапур
Бағалау жүйесі
Сингапур оқушылары 9 баллдық жүйемен бағаланады. А1/А2 өте жақсы, B3/B4 жақсы, C5/C6 қанағаттанарлық, D7 нашар, E8/F9 өте нашар деген бағалармен бағаланады.
Критериялды бағалау жүйесі бойынша оқушылардың жетістіктері бағаланады. Қалыптастырушы бағалауда әр сабақ сайын жүргізіледі. Онда мұғалім әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, нақты критерийлер ге сүйене отырып бағалайды.
2
Финляндия
Елде 10 балдық жүйе қалыптасқан, бірақ 7 сыныпқа дейін «үздік, жақсы, қанағаттанарлық» деген бағалар қолданылады. 1-3 сынып аралығында бағалау мүлдем болмайды. Барлық мектептер «Wilma» электронды жүйесіне қосылған. Ата-аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады. Мұғалімдер, психолог, социолог, медициналық қызметкер – барлығы мәлімет қалдырып отырады. Баға ешқандай рөл атқармайды. Тек оқушыларға мотивация ретінде қолданылады.
1сыныптың бірінші жарты жылдығында комментарий
Kundelik.kz электронды күнделік бойынша ата аналар барлығын бақылай алады
Ұлыбритания
Ұлыбританияда бағалау жүйесі 100 баллдық:
A бағасы — 100-70 балл
В бағасы — 60-69 балл
С бағасы — 50-59 балл
D бағасы — 40-49 балл
E бағасы — 39 баллжәне одан да төмен
Бағалардың өте нақты өлшемдері бар, сондықтан финалдық баға алу үшін емтиханда қанша балл алу қажет екендігін алдын-ала санап алуға болады: ол барлық емтихандық баллдардан құралады, сонымен бірге әрбір пәннен жылына ең аз дегенде бір емтихан тапсырасың. Оқу кезінде емтихандарды, тек ең соңғысынан басқасын, әрқашан да қайта тапсыруға болады. Барлық оқу орындары дерлік A-level және IB бағаларын қабылдайды және әңгімелесу жүргізеді – бұл сертификаттармен жекелеген оқуға түсу емтихандарын тапсыру қажет емес.
3
Жапония
Жапония Бұл елде 100баллдық жүйемен бағаланады. 80-100 балл аралығы өте жақсы. Жапониядағы мектептерде баға әр оқушыға емес, сыныпқа қойылады.
Әр оқушыға қойылады
Ой тұжырым: Басқа мемлекеттермен біздің мемлекетті салыстыра отырғанда, 10 балдық жүйемен ұқсаттықтары бар. Бірақ бізде баға әр оқушының білімін тексере отырып қойылса, ата- аналар үшін, өз баласының білім бақылап отыру үшін мүмкіндік жасалған. Әр баланың білім сапасы әр түрлі болғандықтан, әр балаға баға қойылады. Ал 100 балдық жүйе ол жоғарғы оқу орындарына арналға баға.
http://emirsaba.org