ІІ. Ата-аналарға блиц-интервью жүргізу:
«Балалық» деген сөзге сізде қандай ассоциациялар пайда болады?
Сізді бала кезіңізде қандай аттармен атаушы еді?
Қазіргі кезде бала кезден дос болған қандай жолдастарыңызбен кездесесіздер?
Балалық шақта немен айналысқанды жақсы көрдіңіз?
Бала кезінде жақсы көрген көйлегіңіз қандай болды?
Бала кезіңізде анаңыз сізді көп жазалаушы ма еді?
ІІІ. Музыкалық сыйлық:
Ата-аналардың балалықтан әндерін орындау. Ата-аналар қосылғысы келсе балалармен бірлесе айтуға болады. Жалғыз айтқылары келсе олай да айтқызуға болады.
ІҮ. Балалар мерекеге дайындаған суреттер кітабын ата-аналарына көрсетіп таныстырады. Өздерінің шығармаларына салған суреттерді көрсетеді.
Ү. Фотосуреттер көрмесін ашу.
«Ата-аналарымыздың балалық шақтары» атты көрме сюрприз ретінде дайындалып, кездесудің негізгі сыйлығы болу керек. Балалар суреттерді көрсете отырып, суретте кім екенін, қай жылы түсірілгені туралы айтып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |