«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі


Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалімге қойылатын талаптар



бет10/14
Дата06.02.2022
өлшемі89,25 Kb.
#81193
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Бану педагогика[1]
Бану педагогика[1]
1.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалімге қойылатын талаптар
Дарындылық — жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Дарындыларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми — білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Міндеттері:
— оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
— өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;
—жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;
—жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.
Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:
1.Шығармашылық:
-ойлау;
-қабілет.
2.Мотивация (жеке-мотивациялық).
-күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;
-пәнге қызықтыру.
3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:
-сөйлесуде;
-тәртібінде.
Келесі кезең — бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеу мен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, жеке балаларды және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

  1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.

  2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде ? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.

Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімдіойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке
келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс.

  1. Танымдық — оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.

  2. Логикалық —оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау.

  3. Шығармашылық — шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындауы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік — баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып , құлшындырып,елікктіріп отырады.
Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймыз:
— «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп, баланың еркін билеп,сенім білдіру;
— оқушының кішкентай жеңілістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
— шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көз қарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Шығармашылық ойлап — табудың әртүрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылыққа білетінін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақтығылы миз ерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсеретудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бала бойындағы дарындылыққа, ғылымилыққа білетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – еңбасты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1.Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет