«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі


ІІ тарау. 1.3 Жаңартылған оқу бағдарламасының оқушы дарындылығын дамытудағы рөлі



бет12/14
Дата06.02.2022
өлшемі89,25 Kb.
#81193
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Бану педагогика[1]
Бану педагогика[1]
ІІ тарау. 1.3 Жаңартылған оқу бағдарламасының оқушы дарындылығын дамытудағы рөлі
Жаңартылған білім беру бағдарламасы 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Республика бойынша 1-сыныптарға енгізілген болатын. Биылғы 2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7-сыныптарға енгізіліп отыр. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты білім мазмұнын жаңарту, критериалды бағалау жүйесін енгізу, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды көздейді.
Жаңартылған оқу бағдарламасының:
әлемдік стандартқа сай білім беру,
бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу,
табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
әлем азаматын тәрбиелеу,
тәжірибелік дағдыларды дамыту;
функционалдық сауаттылықты арттыру,
мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдірудегі үлесі жоғары.
Елбасымыз атап көрсеткендей: «Білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.» Яғни, мемлекетіміздің экономикалық өсуін көздеу үшін білім беру бағытын заман талабына сай өзгерту, экономика мен білімнің байланысын нығайту басты назарға алынып отыр. Өйткені, бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бүгінгі озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Осы тұста жаңартылған оқу бағдарламасының осыған дейінгі дәстүрлі оқытудан ерекшелігіне тоқсалсақ.
Біріншіден, білім алушылар дәстүрлі оқыту бойынша мектеп қабырғасында сапалы, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары қалыптаспаған. Теориялық ілімді практикамен ұштастыруда қиындық тууда.
Екіншіден, дәстүрлі оқытуда оқушылар үшін мұғалім мен оқулық дайын ақпарат көзі болып келді. Оқушының сол білімді өз бетімен алу, талдау, яғни іздену дағдысы болмады.
Үшіншіден, дәстүрлі оқытуда оқушы білімі күндегісін күнде стандартты түрде бағаланды. Бұл бағалау жүйесі оқушылардың бірде дайындалып, бірде дайындалмай келуіне әкеліп соқтырды. Яғни оқушының бағаға бағыныштылығы артты десек те болады. Ал критериалды бағалау жүйесі осы мәселенің шешімі болады деген сенімдеміз. Критериалды бағалау негізінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланы жан-жақты ізденуге ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша жүргізіледі.
Төртіншіден, жаңартылған оқу бағдарламасына спиральділік қағидаты енгізіліп, жаңа сабақ мазмұны тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеті арқылы беріледі. Бұл бойынша тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсанда. Тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқытылады. Деңгей жоғарылаған сайын тақырыптың күрделілігі артып отырады.
Және де жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескеріп, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді. Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 5-6 сыныптарда 90 минуттан, 7-9 сыныптарда 110 минуттан, 10-11 сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс. Бұл да оқушы жағдайын оңтайландыруға жасалған қадам.
Дәстүрлі оқыту мен жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерін саралай келе, жаңартылған оқу бағдарламасының оқушы тұлғасын дамытудағы маңыздылығын түсінеміз. Өйткені, оқушының:
білу және түсіну, білімді қолдану, ақпарат іздеу, өңдеужәне талдау,
топ ішіндегі ынтымақтастық және жеке жұмыс,тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым, зерттеу жүргізу, функционалдық сауаттылық,
тұжырымдама жасау, рефлексия сынды дағдылары қалыптасады және дамиды. Осы дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алушының дарындылығын шыңдау мақсаты орындалады.
Сонымен қатар, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқытуда түрлі инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемесімен қарулану керек. Яғни білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Әсіресе, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру, сол білімді өмірлік жағдаяттарда қолдануды үйрету. Бүгінгі таңда «дарынды оқушы», «дарындылық» деген ұғымдарға берілген анықтамалар бірізді емес. Бұның бір себебі, «дарындылық» ұғымын әр ғалымның әртүрлі аспектіде қарастыруы болса, екінші себеп аталмыш ұғымның кең ауқымдылығы. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеуі арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі дамытуға, ұштауға, қоғамның беткеұстар азаматы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын үлкен жауапкершілік.
Орыс ғалымы С.В.Кузнецова «оқушы дарындылығы» деген ұғымға келесідей анықтама береді: «Оқушы дарындылығы — осы білімді кез-келген жағдайға қолдана алатын, білімнің кеңдігі, жас ерекшелігіне сәйкес жоғары белсенділігі, психикалық процестерінің дамуының жоғары деңгейлігі, дұрыс ой-түйіндерге сүйене отырып, жұмысты жемісті орындауды қамтамасыз ететін психикалық қасиеттерінің жиынтығы [2].» Яғни дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс. Осы дарындылықты дамыту әдістерінің бірегейі сын тұрғысынан ойлау, проблемалық оқыту әдісі. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері өз жоспарларына PBL зерттеу жобасын қосқаны абзал. PBL дегеніміз мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың жасаған жобасы. Жобаның көлемді болуы міндет емес, үлкен жоба шағын жобадан бастау алады. PBL дегеніміз білім мен тәжірибені ұштастыру арқылы белгілі бір мәселенің шешімін табу. PBL арқылы оқыту келесідей міндеттер негізінде жүзеге асырылады. Алдымен, мұғалім өз пәні бойынша оқушылармен бірлікте жоба тақырыбын белгілейді. Жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар құрылады. Жоба тақырыбы аясында негізгі сұрақ, яғни мәселе сұрақ анықталады. Сол сұрақтың шешімін табуға қажеттіліктер тізімі жасалады. Қажеттіліктер анықталғаннан кейін негізгі зерттеу жұмысы жүргізіледі. Бұл зерттеу жұмысының барысында мұғалім тек жол сілтеуші, қадағалаушы қызметін атқарады. Ол жоба аясында оқушының идеясын, пікірін ескеру қажет. Сонда ғана оқушының бұл жобаны жүзеге асыруға қызығушылығы артады. Бұл тұста авторитарлықтықтан ынтымақтастық оқуға көңіл бөлген жөн. Мұғалім оқушымен кері байланыс орнатуы керек. Егер оқушының жаңылысқан жерлері болса, түзетіп отырғаны абзал. Алайда жұмысқа тек сыни пікірлер айтылмай, мұғалім тарапынан мақтау әрекеті де болу керек. Бұл оқушыға мотивация береді. Уақыт таяп, жоба дайын болған кезде жұмыс тобы өздерінің жүргізген зерттеу жұмысын алдын ала белгіленген аудитория алдында қорғап, жұмыс нәтижесін көрнекілік түрінде ұсынады. Жобаның көлеміне қарай уақыты белгіленеді. Ескеретін жайт, егер жоба шағын көлемді болатын болса, уақыт көлемін бір айдан асырмаған дұрыс. Және де жобаны берерде топтағы оқушы саны он оқушыдан кем болмағаны жөн. Бастысы, оқушылардың жобаны кімге ұсынатындығы маңызды. Егер жоба сынып көлемінде болса, оқушы оған немқұрайлы қарауы мүмкін. Аудиторияны таңдаған кезде сырттан қонақ шақырып, мектеп көлемінде қорғайтын болса, оқушылардың да соғұрлым жауапкершілігі артады. Жобаның салмақтылығын сезініп, бар ынта-жігерімен бірлікте жұмыс жасайтын болады. Осы жерден PBL-дің оқушы дарындылығын дамытудағы үлесі зор екендігін ұғамыз. Яғни, PBL оқушының теориялық білімін практикамен ұштастыру дағдысын жетілдіреді, ғылымға деген қызығушылығын арттырады, топта бірлесіп жұмыс жасау әрекетін қалыптастырады, ізденімпаздық, зерттеушілік қасиетін дамытады, инновациялық білімін толықтырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жандандырып, мектеп қабырғасында алған білімді өмір жағдаяттарында қолдану әдісін үйренеді. Бүгінгі таңда әлемнің озық мемлекеттерінің білім беру жүйесінде PBL арқылы оқыту үздіксіз процеске айналған. Біз де озық отыз мемлекеттің қатарына қосылу үшін PBL арқылы оқытуды жаппай өз тәжірибемізде қолдануымыз керек деп білемін. Жоғарыда айтылған мақсаттар мен міндеттер Қазақстанның жаңғыруында білім үлесінің басымдығын көрсетеді.[11]

\

2.1 Дипломалды тәжірибе жинақтау барысында «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі» 3 «П» сыныбында математика пәні бойынша дарынды балалармен жүргізілген жұмыстар
«Математика» пәні бойынша тапсырмалар
№1. Геометрияның элементтері (фигураларды ажырату, салу, ауданын есептеу, әріппен белгілеу қасиеттері)

1. Кесте бойынша тік төртбұрыштың ауданын есептеп жаз.



Ені

Ұзындығы

Ауданы

Ені

Ұзындығы

ауданы

4 см

2 см

? см²

2 см

5 см

? см²

4 см

6 см

? см²

3 см

5 см

? см²

4 см

12 см

? см²

4 см

5 см

? см²

4 см

х см

? см²

х см

5 см

? см²

Кестенің соңғы жолы бойынша есеп құрастыр, оның шешуі болатын өрнекті жаз:











































































































































































































































































  1. 2.Кесте бойынша шаршының ауданын табуға есептер құрастыр және оларды шығар:

Қабырғасының ұзындығы

Ауданы

3 см

? см²

4 см

? см²

5 см

? см²

х см

? см²









































































































































































































































































3. Үш таңбалы кез келген сан жаз_____________________________________
Оның цифрларының орнын ауыстырып жаз_____________________________
Сонда барлығы үш таңбалы неше сан шығады?__________________________
Сол сандардың ең үлкенін разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыртқаны қайнап тұрған суда 4 минут пісіру керек. 3-минуттық және 7-


минуттық екі құмсағатты пайдаланып, мұны қалай жүзеге асыруға болар еді?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4 . Қорытынды өзіндік жұмыс

1-нұсқа 2-нұсқа





1. Салыстыр:

2 м 4 см 6 мм * 2 м 1 см 8 мм

3 м 6 см 8 мм * 3 м 1 см 8 мм

5 м 6 см 3 мм * 6 м 8 см 2 мм

7 м 3 см 9 мм * 8 м 9 см 3 мм

8т 3ц * 82 ц

5 т 6 ц * 35 ц

3 тәул 24 сағ * 4 тәул

4 тәул 25 сағ * 5 тәул





2. Берілген өлшемдері бойынша тік төртбүрыштың периметрін және
ауданынын тап:

Ұзындығы 16 см, ені 4 см

Ұзындығы 25 см, ені 6 см































3.Амалдарды орында:



204 •2 : 8+100

720 –6•5-50

402•3-(316+127)

(196+14): 3•7

245+135-130 •2

367 + 605-127 •3

7.Теңдеуді құр және оны шеш:



а) Бір санды жүз есе арттырғанда 20400 шықты. Ол қандай сан?

а) 4600-ді бір санға бөлгенде 46 шықты. Ол қандай сан?



















ә)5600-ді бір санға бөлгенде 56 шықты. Ол қандай сан?

ә) Бір санды 100 есе арттырғанда 10600 шықты. Ол қандай сан?



















б) Қабырғаларының ұзындығы 3 см және 2 см тік төртбұрыш сыз. Оның әр қабырғасын 2 есе арттырғанда шығатын тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап.

б) Қабырғаларының ұзындығы 4 см және 2 см тік төртбұрыш сыз. Оның әр қабырғасын 2 есе арттырғанда шығатын тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап.
























8.Теңдеулерді шеш:


500 + х = 3500 5000 + х = 3500 х + 30 000 = 90 000
4800 - х = 800 35 000 - х = 5000 х - 30 000 = 60 000





























































































































































































































































































































































































































































































































































9.Өрнектің мәнін тап. Өрнектің мәнін өсу ретімен орналастырсаң қазақтың әйгілі аңыздарының кейіпкерінің атын табасың.

А

(457 + 238) - 297

Н

4 6 + 900 : 3 2

Ж

874 – (364 + 258)

С

800 – (35 + 15) 3

Ы

(307 + 285) + 340

О

240 : 8 +96 - 39

А

(405 - 277) 5

Қ

37 + 84 : 6 2

Р

(388 + 112) 10






























































Ауызша қосу және азайту тәсілдері


10.Асханаға 130 кг сәбіз, одан 54 кг кем қызылша және қызылшадан 2 есе артық пияз әкелінді. Асханаға барлығы қанша килограмм көкөніс әкелінді?










































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































11.Тиімді тәсілмен есепте. а) 4 + 97 + 96 + 903 ә) 40 + 970 + 960 + 9030 б) 36 + 620 + 64 + 80 в) 360 + 6200 + 640 + 800










































































































































































































































































































































































Әйнекшенің орнына қандай сан қойғанда тура теңдік шығады?


□: 12 + 399 = 401 60 □- 300 = 60 208 4 - □= 60 90 : □+ 698 = 701 □ 4 + 400 = 480 5 □+ 310 = 710


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет