Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Меңдіғалиева А. Е. 2011-2012 оқу жыл



Дата02.07.2018
өлшемі28 Kb.
#45782
түріСабақ
Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі
Баяндама




Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі: Меңдіғалиева А.Е.

2011-2012 оқу жыл

Шығармашылық тұлға қалыптастыру қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірінен саналады. Ол ең алдымен оқушыларды танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының стратегияларының ұтымды пайдаланылуы-оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуде маңызы ерекше. Бұл оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшелігін тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, икем дағдыларын қалыптастырады.

Сабақ негізінен оқушының іс-әрекетіне негізделеді. Оқушы ізденуші тұлға, ұстаз-негізгі бақылаушы, бағыттаушы. Сократ: «Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама. Одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсіру – мұғалімнің жұмысы» деген.

Мұғалім оқушының мүмкіндігіне қарай, қабілетіне орай жұмыстарды ұйымдастырып, оқыту процесіне бағыт беруші оқушының алдындағы шамшырақ десе де болады. Тапсырмаларды беріп қана қоймай, оқушымен бірге әрекеттену істің нәтижелілігіне апарар тура жол.

Әдебиет сабағында шығарма жазу ең күрделі шығармашылық жұмыстардың бірі болып саналады. Бұл жерде байырғы педагогикадағы қарапайымнан күрделіге, күрделіден жеңілге прициптерін басшылыққа алу өте тиімді болмақ.

Шағын шығарма жазу оқушының ойлануын, толғануын қажет ететін жұмыс. Жұмыс үстінде оқушы сөз жоқ ізденеді, өзіндік тұжырым, қорытынды жасайды. Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін өткен соң оқушыларға үйден өз ауылымыздағы Қараөзен туралы шағын шығарма жазу тапсырылды. Өзеннің адам үшін мәні, пайдасы, қазіргі жайы, экологиялық жағдайы туралы 5-сынып оқушылары шамалары елгенше ізденгенін көруге болады.

Бір оқушының жұмысынан үзінді келтірсек, «Біздің заманымыздан бұрынғы ата-бабаларымыз, ақын-жазушыларымыз табиғаттың сұлулығына арнап өлеңдер жазған. Өзен де – табиғаттың бір мүшесі. Сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан судың ластануына жол бермей, оны қорғауымыз керек» деп өзқ ойын өрнектеуге тырысқан.

Сабақ процесінде білімді дайын күйінде ұсынбай оқушы өздігінен ізденетіндей мүмкіндік туғызу мазмұндама жаздыруда жиі қолданылады.

Тургеневтің «Торғай» әңгімесін оқып болған соң түйінін өздеріне айтқызу, аяқтау ұсынылды. Әңгіменің үзіндісі ұядан құлап түскен балапанын қорғап, иттің аузын таптап берген торғайдың әрекетімен аяқталады. Оқушылардың кейбіреулері аңшы өзінің итін шақырып алып, жөндеріне кетті десе, ит балапанды жеп қойды деушілер де табылды.

Бұл әрекет оқушының ойын, қиялын шыңдап, өзіндік көзқарасын қалыптастырды, қорытынды шығаруға үйретті.


Сабақ барысында тапсырмаларды алуан тәсілдермен түрлендіріп отыру да сабаққа оқушының қызығушылығын оятуда әсері мол.

5-сыныпта Тазша баланың өтірік өлеңі бойынша сурет салу тапсырылғанда, оқушылар ерекше ынтамен орындады.

Бұдан шығатын қорытынды: бала ойлай отырып елестетті, қиялдады, болжам жасады, есіне негізгі мазмұнды бекітті, әсіресе сурет салуға бейім балалардың қабілетін ұштай түсті.

Мақал-мәтел әдебиетіміздің мол тәрбиелік құндылықтарын жинақтаған өмір тәжірибесіне негізделген ерекше түрі.

Абай өзінің қара сөздерінде қазақтың мақал-мәтелдерінің кейбіреулеріне тоқталып, оған өз көзқарасын білдіреді.

Абай «Жиырма тоғызыншы» сөзінде «Жарлы болсаң, арлы болма», «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ», «Атың шықпаса, жер өрте», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген мақал-мәтелдің не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғындығын айтады.

Оқушылар осы тақырып бойынша мынадай кесте толтырады.




Мақал-мәтел

Ақынның сыны

Өз пікірің









Мұндай тапсырмалар арқылы оқушы мәтінмен жұмыс істеуге, салыстыруға, өзіндік пікірін, көзқарасын білдіруге тырысады.

Абай қара сөздері өзіндік мазмұны жағынан үлкен философиялық еңбек саналатын туыдылар. 31 қара сөзінде естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп керек деп, оларды жіктеп түсіндіреді. Төртінші себепте ой кеселді нәрселерден аулақ болуға шақырады. Олар:


  1. уайымсыздық

  2. салғырттық

  3. күлкішілдік

  4. қайғыға салыну

Осыны оқушылардың қалай түсінетіндігін сұрап, олардың «күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер» екендігіне көз жеткізу міндеттеледі. Бұлардың бүгінгі заманға дейін мәнін жоймаған құнды пікір деуге болады. Баланың зейіінін қалыптастыру қазір де өте маңызды мәселелердің бірі.

Әдебиет сабағында конспект, тезис, реферат, рецензия жазу жиі қолданылатын тәсілдердің бірі.

Реферат – бұл жұмыстардың ішіндегі күрделісі, ғылыми ізденіске апаратын жол деп айтуға болады.

8-сыныпта «Абайдың ақындыққа сыны» тақырыбында орындаған ізденіс жұмысында Абайдың поэзияға байланысты жазылған өлеңдерінің бірі – «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол» өлеңі негізге алынды.

ІХ-ХІ сыныптардағы әдебиет пәні өзінің құрылымының күрделілігімен ерекшеленеді. Сабақ барысында оқушылардың өз бетімен ізденуіне жетелейтіндей жекелеген тапсырмалар беріледі. Мысалы ХХ ғасырдың басындағы әдебиетке шолу сабағында сол кезең әдебиетінде өзіндік орны бар, бірақ бағдарламада арнайы сағат бөлінбген қаламгерлер бар. Ғұмар Қараш, Мұхамеджан Сералин, Нарманбет Орманбетұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ығылман Шөреков шығармашылығы туралы рефераттар орындады. Бұл жұмыстар арқылы оқушылар қосымша әдебиеттерді пайдалануға, өз мақсаттарын айқындауға, жүйелі әрекеттермен соған жетуге тырысады.

Бұл жұмыстарда мынадай мақсаттар көзделеді:

1. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру

2. Алған білімдерін тереңдету, ғылыми еңбектер бойынша дүниетанымын, ізденімпаздығын дамыту.

3. Салыстыру, талдау, анализ жасауға баулу



Мұнда қолданылатын әдістер мен тапсырма түрлері:

  1. Мұғалімнің түсінігі, диалог, әңгімелеу

  2. Конспект, тезис

  3. Реферат, рацензия

  4. Салыстыру, талдау, қорытындылау

  5. Шығармалық сипаттағы әр түрлі тапсырмалар



Әдебиет сабағын оқушылардың танымдық ізденістері негізінде оқушылар берілген ақпаратты қарастыра отырып, ондағы көрсетілген жақтарды анықтайды, жоғары адамгершілік сезімін қалыптастырады, шығармашылық қабілетін шыңдап, өмірмен байланысын күшейтеді. Оқушыларды іскерлік дағдымен қаруландырады. Бұл істің нәтижесі біздің басты мақсатымыз білім деңгейін жоғарылатуға ықпал жасайтын ақиқат.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет