«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі


Дарындылық түрлері мен деңгейлері және дарындылықты анықтауға қажетті әдістер



бет5/14
Дата06.02.2022
өлшемі89,25 Kb.
#81193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Бану педагогика[1]

Дарындылық түрлері мен деңгейлері және дарындылықты анықтауға қажетті әдістер

Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын 
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орыналады. Оқушының болашақтағы мамандығына
байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың
бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейіл-ділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ. Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау ең басты мәселе.
Ал оқытудың түп-кілікті нәтижесі –өз ойын дәлелдей алатын, жан-жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын,қалыптасқан өзіндік азаматтық
көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалып-тастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни,оқушының дарындылы-ғын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу,анықтау, белгілі бір бағыт -бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында 
дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құрып аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады. 
Дарындылық – бұл өмір сүру барысында дами беретін, адамның өзгелермен салыстырғанда әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін айқындайтын психиканың жүйелі сапасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет