Дарынды балалар – әрекеттің белгілі бір саласында айрықша нәтижелерімен (мұндай нәтижеге жетудің ішкі алғышарттары болады) ерекшеленетін балалар.Дарынды балалар– жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б)байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны, баланың өз құрдастарынан озық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тесттер мен зияттылық коэффициенті осыған негізделген). Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдың шығармашылық жағынан бірінші дәрежелі маңызы бар.