Бастауыш сынып мұҒалімдеріне арналған республикалық «алтын тұҒЫР» математикалық олимпиадасының ережесі жалпы Ереже Осы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын Тұғыр»


Олимпиаданы өткізудің шарттары мен тәртібі



бет2/3
Дата23.01.2023
өлшемі55 Kb.
#166195
1   2   3
Байланысты:
Алтын-тұғыр-Ережесі-2021
тест, Эм, osh sor geografija 9-klass kaz, transfer-receipt-13 7830850699, 741853.pptx
Олимпиаданы өткізудің шарттары мен тәртібі



  1. Олимпиаданың өту барысы:

5, 6, 7 қаңтар күндері сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) “Бастауыш сынып олимпиада есептерін шешу жолдары” атты оқу-әдістемелік семинар өтеді. Семинар барысында мұғалімдер аудандық, республикалық деңгейдегі олимпиада есептерін шығару жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйренеді. Семинар аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын Тұғыр» математикалық олимпиадасының Ереже нұсқаулықтары беріледі.
Олимпиада 8 қаңтар күні сағат 10.00-11.00 аралығында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) өтеді.
Олимпиада қорытындысын жариялау сағат 14.00.

8.1. Олимпиаданың өткізу форматы:


Олимпиада бірнеше дұрыс жауабы бар тест форматында нақты уақыт режимінде тікелей эфирде өткізіледі. Олимпиада сұрақтары 15 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырманы шешуге – 3 минут бөлінеді.
Жалпы 15 сұрақ беріледі. Бір сұраққа жауап беру уақыты 3 минут, жалпы 60 минут беріледі. Әр сұраққа жауаптың 6 нұсқасы беріледі. Оның ішінде 1, 2 немесе 3 дұрыс жауап болуы мүмкін. Егер қатысушы 100% дұрыс жауап берсе, ол 10 ұпайға ие болады, ал 50% немесе одан жоғары дұрыс жауабын тапса, 5 ұпай беріледі.
Сонымен бірге қатысушының ептілігі, жылдамдылығына қарай тағы да қосымша ұпайлар қосылады. Олимпиада соңында жоғары ұпай жинаған қатысушылардан камера және микрофонын қосып, өзінің ұпайын қорғау талап етіледі. Егер қорғай алмаса ұпайы алынып тасталады.
Бұл олимпиаданың ерекшелігі: қатысушылардың жауаптары тікелей эфирде заманауи озық технологиямен жабдықталған студияда барлығына ашық, айқын көрініп тұрады.
Қажетті ресурстар: микрофоны мен камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жауап жіберетін WhatsApp-ы бар телефон
8.2 Олимпиаданы ұйымдастыру тәртібі. Олимпиада жоспар бойынша белгіленген күні өткізіледі. Олимпиаданы өткізу тәртібін ұйымдастырушылар анықтайды.
8.3. Короновирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларының күшейуіне байланысты және қатысушылардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, ұйымдастыру комитетінің шешімімен аталған іс-шараны он-лайн форматында өткізіледі.
8.4. Олимпиаданың өткізілу тілі – қазақша, орысша.
8.5. Олимпиаданың өткізілу мерзімі-8 қаңтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет