Шаттық шеңбері.
Балалар сабағымызды бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық, бір бірімізге сәттілік тілейік!
Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн жер Ана!
Қайырлы күн достарым
Сіздерді көргеніме
қуаныштымыз
Сәлеметсіздерме?!
Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті аяқталғанын қалайды.
Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық:
тыңдай білу,
салыстыру,
бір жүйеге келтіру ,
талдау,
қорытындылау.
Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше сабаққа жақсы , белсенді қатысайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)
-Қыстың алғашқы айы қай ай?(желтоқсан)
-Желтоқсан айындағы қандай мерекелерді білесіңдер?
(16желтоқсан Тәуелсіздік күні)
Тәуелсіздік алғанымызғ неше жыл толды? кім біледі? (25жыл)
Жарайсыңдар балалар, ал енді Тәуелсіз Қазақстан туралы бейнетаспаға назар аударайық.
Үй тапсырмасын сұрау
Қасым Аманжолов туралы не білеміз?(ақын, жазушы)
Оның қандай шығармаларын білесіңдер?(Өзім туралы, Туған жер, Қазақстан)
Қазақстан өлеңін жатқа айт.
Балалар біз Ой қозғау стратегиясы бойынша сөзжұмбақты шешіп көрейік! Ол үшін мына тақтадағы слайдқа назар аударайық.
Қазір қай ай?
2. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны
3. Сертің осы ....жігіт,.....қыз!
4. Біз қандай жанбыз?
5. Соғып тұр ғой туған дала......
6. Жеріміз бар қасиетті .....
Жауаптарды тапқан оқушы тақтаға шығып жазады.
Сөзжұмбақтағы ерекшеленген әріптерді қоссақ қандай сөз шықты?
-Ертегі сөзі шықты
-Ертегі дегеніміз не?
-Ертегі деген –халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
- Ертегінің неші түрі бар? (3түрі бар Қиял-ғажайып, сыншыл, жан-жануарлар)
Топқа бөліну
Ал енді , интерактивті тақтадан ертегілер суреттері шығады , осы ертегіден әр топ бір бір ертегінің түрін, тақырыбын ажыратып айту керек .
Бірінші сурет 1топқа («Жеті лақ» ертегісі , жан-жануарлар )
Екінші сурет 2топқа («Ұр тоқпақ» ертегісі, қиял-ғажайып )
Үшінші сурет 3топқа («Сақина», сыншыл ертегі)
Жарайсыңдар балалар!
Балалар қараңдаршы бізге не келіпті?
-Біздің Отанымыз басқа елдермен достық қарым –қатынастамыз.Сондай дос елдің бірі - Монғолия.Бұл хатты сол елден келіпті Хатты барлығымыз оқып көрейік
-Сәлем,достар!Біз Моңғолия елінде тұрамыз.Бізде 2-сыныпта оқимыз.Достар сендерге қызық ертегі жолдап отырмыз.Сендерге ұнайды деген ойдамыз.
-Бұл ертегі не жайлы екенін білу үшін мына жұмбақтардың шешуін табайық.
-Қане жұмбақты кім оқиды? (2-оқушыға оқыту.)
|