Бастауыш сынып мұғалімінің фунционалдық қызметі



Дата23.09.2022
өлшемі156,93 Kb.
#150462
Байланысты:
Бастауыш сынып мұғалімінің фунционалдық қызметі

Бастауыш сынып мұғалімінің фунционалдық қызметі

Дайындаған: Телжанова Арай

Тексерген: аға оқытушы, магистр Мусина Айнұр Асхатовна


Атырау 2022

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерді жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі… , мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ… , жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…  қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» Әл-Фараби

«Білімнің кілтіндей,

  • «Білімнің кілтіндей,
  • Әліппе ұстатқан,
  • Оқуға іркілмей,
  • Тоқуға ұстартқан», — деп алғаш мектеп табалдырығын аттап, білім есігін ашқан баланың жүрегінде алғашқы ұстазы мәңгілік есінде қалады. Себебі, бастауыш мұғалімі — мектептегі білімді бастаумен қатар баламен тіл тауып, оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға. Басқарған төрт жылдық көш керуен жолдың оң бағытына басталмаса, әрі қарай әнмен, сәнмен жүруге ешқандай мүмкіндік болмайды. Бәрін қайтадан бастау – қиюласпайтын шаруа.
  • Бастауыш сынып мұғалімі қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білігі мен білімі жоғары болуы міндет. Онымен қосабіріншіден, баланы өздігінен ізденуге үйрету үшін өзі метасауатты болуы керек. 

Метасауаттылық – өз бетімен білім алу, оқу, оқу нәтижесі басым шығармашылық потенциалдың даму деңгейі.

  • Метасауаттылық – өз бетімен білім алу, оқу, оқу нәтижесі басым шығармашылық потенциалдың даму деңгейі.
  • Екіншіден, мұғалім – функционалды сауатты болуы шарт. Функционалдық сауаттылық – деректерді ой елегінен өткізу, бағалау, сыншылдықпен ұғынуға қабілеттілік.
  • Үшіншіден, мұғалім – шығармашылық сауатты – креативті тұлға. Креативтілік сөзі – латынша жаңаны жасап құру, адамның шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті дегенді білдіреді. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеруі. Оларды күнделікті қызметінде пайдалана білуі. Әрбір ұстаз қандай жұмыс істесе де, жетістігін, қол жеткен табыстарын, жазған баяндама, мақалаларын, ашық сабақ материалдарын, семинарлардағы жетістіктерін жинақтап жүруі керек. Осы орайдағы
  • мұғалімнің жинақтаған шығармашылық еңбегі, жұмыстарының мазмұны өз шеберлігінің арқасында зерттеу жұмыстарын жазуға, жүйелеуге бағыт береді. 

Төртіншіден, мұғалім – жаңашыл, яғни жаңалық жаршысы болу.

  • Төртіншіден, мұғалім – жаңашыл, яғни жаңалық жаршысы болу.
  • Бесіншіден, мұғалім – шебер ұйымдастырушы. Ұстаздық ету – өзіңнің
  • уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру — ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздың міндетін патша да, бай да, батыр да атқара алмайды. Ұстаздық ету ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы, патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет. Сонымен қатар, ұстаз қызметі – құрметті. Жақсы ұстазды халық құрметтейді, ел сыйлайды, шәкірттің есінде қалады. Жапондардың жеті құпиясының бірінде: «Жан рахатына бату үшін, жанын сала жұмыс істеу қажет», — деуі тегін емес.
  • Алтыншыдан, әр мұғалім – өз ісінің шебері болғаны жөн. Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс», — деуінде мағына жатыр. Бұл сөз қазіргі мұғалімнің бойынан табылмағы ләзім.

Көшбасшы мұғалімдер өз тәжірибесін ішінен зерттей отырып, сол арқылы оқу, оқыту және өмір бойы білім алуды модельдеу туралы өз ойларын білдіреді. Көшбасшы мұғалімдер оқушылар, оқыту мен оқу туралы өз түсініктерін «қоғамға тарата» отырып, басқа мұғалімдер мен мектеп мәдениетіне әсерін тигізеді. Көшбасшы мұғалімдер оқыту тәжірибесімен байланыс орнату және оны жалғастыру жолдарын табады және ойлап шығарады. Көшбасшы мұғалімдер серіктестікті жетілдіретін және тәуекелге барып, эксперимент жасауға қолдау көрсететін практик мамандар қоғамдастығы аясында көшбасшылық етуге үйренеді. Көшбасшы мұғалімдер еңбек жолын жаңа бастаған және ардагер мұғалімдермен жұмыс істегенде практик мамандар қоғамдастығын құрып, кәсіби дамуға қолайлы жайлы орта қалыптастырады. Көшбасшы мұғалімдер мәнмәтін мен мәдениетке сезімтал келеді, олар түрлі жағдайлар мен адамдар түрлі әдіс-тәсілдерді талап ететінін біледі. Оқытуда дәл солай, барлығын бір жолмен оқыта берген жарамайды.

  • Көшбасшы мұғалімдер өз тәжірибесін ішінен зерттей отырып, сол арқылы оқу, оқыту және өмір бойы білім алуды модельдеу туралы өз ойларын білдіреді. Көшбасшы мұғалімдер оқушылар, оқыту мен оқу туралы өз түсініктерін «қоғамға тарата» отырып, басқа мұғалімдер мен мектеп мәдениетіне әсерін тигізеді. Көшбасшы мұғалімдер оқыту тәжірибесімен байланыс орнату және оны жалғастыру жолдарын табады және ойлап шығарады. Көшбасшы мұғалімдер серіктестікті жетілдіретін және тәуекелге барып, эксперимент жасауға қолдау көрсететін практик мамандар қоғамдастығы аясында көшбасшылық етуге үйренеді. Көшбасшы мұғалімдер еңбек жолын жаңа бастаған және ардагер мұғалімдермен жұмыс істегенде практик мамандар қоғамдастығын құрып, кәсіби дамуға қолайлы жайлы орта қалыптастырады. Көшбасшы мұғалімдер мәнмәтін мен мәдениетке сезімтал келеді, олар түрлі жағдайлар мен адамдар түрлі әдіс-тәсілдерді талап ететінін біледі. Оқытуда дәл солай, барлығын бір жолмен оқыта берген жарамайды.

Көшбасшы болу-заман талабы.


Көшбасшы
Мақсатты адам болу
Өз ортаңызда сұранысқа ие болу
Істі кемеліне жеткізу
Байсалдылық

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет