Қорытынды
Өз жұмысымызды жазу барысында жеке адам мінезінің, көзқарысының адамгершілік пен парасаттылық қасиеттерінің қалыптасуына адамзат үшін барынша тағылым алатын, үлгі болатын тәрбиелек мәні бар халықтық мұраның орны ерекше екеніне тағы бір көз жеткіздік. Ілгеріде аталған ой- тұжырымдамалардан мынандай қорытынды жасап ұсыныстар айтуға болады: барлық адамзат тарихында, адам ғұмырының ұзақ жолында, әр халық өзінің ұрпағының парасатты ар-ожданы мол, адал, қайырымды болып өсуін армандап күнделікті тұрмыста ол қасиеттерді бойына сіңіріп, үнемі үйретіп дәстүрге айналдырды. Осыған байланысты тәлім-тәрбиеге арналған әр халықта бай мұра жинақталған. Сол бай мұра жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал жасайды. Ол бай мұра:
1.Өзінің бастауын отбасынан алады;
2. Біртіндеп ауыл-аймаққа тарайды.
3. Одан бір елден екінші елге жетеді.
4. Елдік деңгейден әлемдік деңгейге шығады.
Бұның бәрінде халықтық педагогика негізінде қалыптасқан ұлттық сана біртіндеп дамып әлемдік деңгейге көтеріледі. Ұлттық сананың тірегі қай кезеңде, қай халықта, қай дәуірде болмасын, біздің зерттеуіміз бойынша ізгілік идеясына негізделеді.Ұлттық сана – ұлттық мәдениеттің маңызды белгісі. Ұлттық сана арқылы сол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Бұдан бала тәрбиесі туралы жинақталған ой-пікірлерден, педагогикалық, психологиялық, философиялық қағидалардың өзегі бар екенін көреміз.Ұлт мектебі болудың басты белгісі онда халықтың ұлттық рухы болуы шарт. Ол мектептің барлық тіршілік тынысынан тәрбие жұмысының барлық саласынан айқын көрініс табуы керек. Ұлттық тәрбие мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүгінгі баланың бітімінен мінез-құлқынан, қасиет-сапасынан бастау алуы керек. Бала-болшақтың адам жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы. Ал, бүгінгі бала дүниетанымымен өсіп- жетілуі, дене бітімі мен көзқарасы, тіршілігімен, түсінігімен бұдан 10-15 жылғы балалардан мүлдем өзгеше, сонымен бірге олардың әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын өзіндік дара ерекшеліктері мінез-құлықтары бар. Сондықтан тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар барлық жылы жүрек мейірмандылық пен балаларды қаз- қалпында сүюге тиіспіз. Олардың ішінде ақылдысы да, жалқауы да тілалғышы да, еркесі де, тілазары да болуы заңдылық.Балалардың осы ерекшелігін түсіну арқылы баланы жан тәнімен жақсы көре отырып танып, білуге олармен санасу, қам- қарекетін ісін, көңіл-күйін білу басты шарт. Бала қоғамның барлық информация құралдарынан хабардар, оның ақыл-ойының дәрежесі, түсінуі, адамдар өмірінен, еңбегінен техникадан қарым-қатынас ережелерінен мағлұматы бар.Әсіресе, мектепке келгенге дейін-ақ балалардың шамамен 30 пайызы оқу, жазу, дұрыс сөйлеу, өзін-өзі ұстау ережелерін біліп келеді. Бірақ әліде болса бүгінгі күнде балалар ата-баба дәстүрін ұлттық әдет-ғұрыпты халқының тарихы мен рухани байлығын, ана тілін, дінін жете білмей отыр. Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді.
Бүгінгі мектеп оқушылары жоғары мәдениетті, ой-өрісі кең амандығын еркін таңдай алатын, білімді болумен қатар, өз халқының өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, тарихы мен әдебиетін, өнерін, адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін қарым-қатынас, мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек.Міне осындай шын мәніндегі асыл қасиеттер болашақ жас адамның бойында қалыптасуы оқу-тәрбие жұмысының өзара дәйектілікпен ұштасып жататын алуан түрлі саласына тәуелді. Соңғы жылдары тәжірибеде айқындала бастаған ғылыми зерттеу жұмыстары жалпы білім беретін мектептерде және жоғары оқу орындарында дәстүрлі жұмыстармен қатар дәстүрлі емес жұмыстар жүргізіліп, жастармен оқушылардың бос уақыттарын мазмұнды саналы ізденпаздықпен, жаңалыққа, іскерлікке, шығармашылыққа бағытталған іс-әрекеттерде халықтық педагогиканың пайдалану көрнісін таба бастауда. Батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай «... Әрбір үйде отбасы реликвиясының бұрышы болғаны жөн.
Бұрындары жасалған ерліктерді сыйламай, қадірлемей тұрып, жаңа ерлікке шақыру бекершілік», сондықтан жасұрпақты ата-баба дәстүрі рухында тәрбиелей отырып, балаларды, адамгершілікке, инабаттылыққа баулыған абзал. Ол үшін әр отбасында қалыптасқан тұрмыс-салт дәстүрі, жүйелі тәртіптің болуы тиіс. Отбасы тәрбиесі жөнінде ауқымды мәселенің бірі балалардың өзін-өзі жеке тұлға ретінде танып-білдуіне және өздерін-өздері дамытуына басты назар аудару керек.
Тәжірибеде көрсеткендей психологиялық қолайлы жағдай болған отбасында балалардың дұрыс дами алатындығы белгілі.
Ата-аналардың еңбексүйгіштігі рухани адамгершілік мәдениеті, ата-аналық жауапкершілігі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына оң ықпал жасайды. Ата-аналардың қазіргі кезеңде ерекше көңіл бөлетіні рухани интелектуалдық қызығушылықтарын оң арнаға сала білуге ұмтылу.
Сонымен біздің диплом жұмысымызды бала тәрбиесінің ең күрделі проблемасы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық-психологиялық негізі халықтық мұрамен байланысты құрастырдық деп ойлаймыз.
Қосымшалар және олардың мазмұны Сабақ өтпес бұрын оқушыларға оқулықтардағы негізгі өткізілетін материалдарға қосымша сыныптан оқуға тыс бірнеше әңгімелер, мақал-мәтелдер ұсынылады. Негізінен халықтың педагогикалық озық дәстүрлерінде ең құдіретті адамгершілік сапаларды көрсететін материалдар алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |