Байланысты: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
2.2. Бастауыш сынып оқушыларын халықтық дәстүр негізінде адамгершілікке тәрбиелеуде “Адамгершілік тағылымы” бағдарламасының жобасы, оның мазмұны
Соңғы кезде қоғамда жүріп жатқан экономикалық, әлеументтік жаңалықтар, нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңдеріндегі күн сайын көбейіп отырған әртүрлі қиындықтар тәрбие мәселесінде өз ызғарын тигізуде Былай дейтініміз жастар мен балалар арасында қылмыстық әрекеттердің көбеюі көптеген отбасылардың тіршілік тауқыметінің нашарлауына бала тәрбиесінде көңіл бөлінуі, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыстың төмендеуі орын алып отырғанын көреміз. Қысқасы жаңа бағытқа сай тәрбие жұмысын жүргізуге ата-ана да, мұғалімде әлі де болса психологиялық тұрғыда толық дайын емес екендігі байқалып отыр.
Сондықтан, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек бұл халықтық педагогиканың бай мұрасы деп есептейміз. Осыған орай біз өзіміздің тәжірібиелік зерттеу жұмысымыздың арнайы мақсат көзделген бағдарлама негізінде жүргізуді ойластырдық. Бұл үшін, облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары, қазақ мектептеріндегі тәрбие жұмысының жетекші мамандарының басшылығымен, біліктілігін арттыру курсында жүрген бастауыш сынып мұғалімдерімен, педагогикалық практикада жүрген Көкшетау университетінің студенттермен бірлесе отырып оқулықтарды, әдістемелік оқу құралдарын, адамгершілік тәрбие бағытында жазылған арнайы бағдарламалар, тұжырымдамалар, ғылыми монографияларға талдау жасадық. Талдау жасалған еңбектердің ішінде жалпы білім беретін мектептерде тәрбиелік жағынан мәні зор, баланы ізгілекке, мейірімділікке, баулитын 1-4 сыныптарға арналған “Әдеп әләпесі” оқулығы (Ә. Табылдиев). Өкінішке орай, бұл арнаулы пән ретінде мектеп бағдарламасына енбей қалыс қалуда. Оның әр түрлі себептері бар сияқты. “Атамекен” авторлық бағдарламасы (М. Құрсабаев), бұл бағдарламаның мақсаты 1-11 сыныптар аралығында мектептен тыс тәрбие жұмыстарына арналған. Бағдарламаның мазмұны жағынан балаларды ұлттық салт- дәстүрлер мен рухани мәдениеттілікке баулуда маңызы ерекше деп атаймыз. Бағдарлама республикамыздың түкпір- түкіпінде қолданыс тауып, күнделікті тәжірибеде пайдаланылып жүр. Бұл бағдарламының аздаған кемшілігі баланың жас ерекшелігі есепке алынбаған. Келесі ұлттық тұрғыда құрастырылған “Кәусар бұлақ” бағдарламасы ( З. Ахметова), бұл бағдарламаның “Атамекеннен” айырмашылығы “Әдеп” пәнін оқыту процесінде жүзеге асады. Әрине, әр бағдарламаның өзіндік мазмұны, өзіндік қолдануы бар. Біз зерттеу тобымызбен бірлесе отырып, жоғарыда аталған бағдарламаларды негізге ала отырып, мақал-мәтелдерді, аңыз-әңгімелерді, шешендік өнерді, жырауларды, толғауларды, ойындарды, нақыл сөздерді, айтысты т.б. халықтық педагогика мұраларының ең озық дәстүрлерін саралап топтастыруға ұмтылдық.
Біздің тәжірибелік эксперименттің бірінші сатысанда «Ең құнды адамгершілік қасиеттер кодексі» бағдарламасы төменгі сынып оқушыларының бойында халықтық педагогиканың озық дәстүрлері арқылы адамгершілік қасиет-сапаларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын дәлелдедік.Ғылыми педагогикалық, психологиялық, әдебиеттерді оқу арқылы және (қала мектептерінің № 6, қазақ лицейі, ауылдық мектептерден Еңбекшілдер ауданы Құдықағаш орта мектебі, Қорғалжын ауданы Ұялы орта мектебі) мектептерінің тәжірбиесіне байқау жүргізу нәтижесінде біздер халықтық педагогиканың озық дәстүрлері және көркем әдебиет, өнер туындылары жалпы ауыз әдебиетінің бай мұрасы балалардың адамгершілік салаларының қалыптасуына ықпал жасайтынына көзіміз жетті.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін еске алу негізгі қағида болып есептеледі. Мұнда ең алдымен адамгершілік төзімі мен адамгершілік дағдыларына ерекше мән бердік. Төменгі сынып оқушыларының ерекшелігін ескере отырып біз адамгершілік тәрбие беруде негізгі жол деп іс-әрекетті ұйымдастыруды ойластырдық. Осыдан оқушының өз жолдастарымен, құрбыларымен және ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда халықтық дәстүр негізінде әсерлі, балалардың көңіл-күйін туғызатын іс әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастырдық. Тәрбие процессі үнемі білім берушілік негізде жүріп отыру керек. Оқуға берілген тапсырмалардың орындалуын нақтылы талап қоя білдік.
Сонымен қатар біздер өзіміздің зерттеуімізде төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық тәжірбиесі мәселесін құрастырғанымызда тек қазақ халқының ғана халықтық педагогиканың дәстүрінің, қалыптасуы, жинақтасуы ол жалпы адамзаттық игіліктердің, қазынаның дамуымен сабақтасып жатқанына мән бердік. Бала тәрбиесі қай халықты қай ғасырда болмасын толғандырған. Орыс халқы ауыз әдебиетінде сондай-ақ Орта Азия халықтары сонымен шетел халқының бала тәрбиесінде жинақталған дәстүрлерге талдау жасалады. Озық халықтың дәстүрлері туралы жинақталған материалдарға адамгершілік сапалары тұрғысынан оқушыларды жағымды іс-әректтерге қызықтыратындай, жанды кейіпкерлердің бейнесіне еліктіретіндей, мысалдар мен мазмұндарға педагогикалық талдау жасалды. Жоғарыдағы талданған материалдарға төменгі сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін беруде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалануды тиімді жүргізу үшін арнайы педагогикалық бағдарламаның жобасы жасалды.
Бағдарлама құрастыру барысында соңғы жылдарда халыққа білім беру министрлігінің бекіткен бірнеше тұжырымдамалары мен бағдарламаларына сүйендік. Сонымен қатар халықтық педагогика мәселесімен арнайы шұғылданып, зертеу жұмысын жүргізіп жүрген ғалым педагог, психологтардың еңбектеріне талдау жасалынды.
Мәселен, педагогика ғылымының докторы С. Қалиев өзінің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрнісі” атты монографиялық еңбегінде ақыл-ой тәрбиесі, еңбек, дене өнер тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесінде халық дәстүрлерінің алатын орнына, оның мазмұнына және кейбір қағидаларға, жүзеге асырылатын жолдарына ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тоқтаған.
Біздер ұсынып отырған бағдарламаның жобасы төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканы пайдаланудың ғылыми педагогикалық, психологиялық негізі І тарауда айқындалған. Ол мынадай 4 компененттен құрастырылған (сезім, сана, іс-әрекет, дағды).Бұл компененттер баланың ішкі даму құрлымының механизмі болғандықтан біз оларды бағдарлама жобасында басшылыққа алдық. Енді осы айтылған теориялық-ғылыми негізге байланысты бағдарлама жобасының мазмұнына тоқталайық. Бағдарламадағы әр адамгершілік сапаларға жеке-жеке саралап қарастырып сипаттама береміз. Біздер шартты түрде бағдарламаның жобасын «Адамгершілік тағлымы» деп атадық. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін алдымен біз баланы жан-жақты танып, білуіміз қажет болды. Осы туралы К.Д.Ушинский былай деген: «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келетін болса, онда ол алдымен адамды да барлық жағынан біліп алуға тиіс».
Ғылыми, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасауда, халықтық педагогика мұраларын қарастырғанда мектептің тәжірибесін жинақтауда жүргізген педагогикалық, диагностикалық жұмыстардың нәтижесінде, адам бойында тіршілік -тыныс барысында 150-ге дейін адамгершілік, сапа болатын белгілер бар екенін анықтадық. Ол сапалардың ішінде жағымды да, жағымсыз қасиеттер шамамен сан жағынан бірдей болып шықты. Ал, тәрбие барысында мұғалімге, ата-аналарға бұл үлкен қиындықтар туғызатыны белгілі.
Егер жағымды, жағымсыз қасиеттердің әрқайсысын анықтап, мәнін ашып көрсете алмаған жағдайда өмірде жағымсыз қасиеттер көрінбей қалатын кезеңдер болады. Сонымен бірге мұғалім, ата-ана жағымды қасиеттердің барлығын бірдей қалай тәрбиелеймін деп қиналып, бала тәрбиесін, жұмысын жүйесіздікке жіберетін жағдайлар отбасында да, мектепте де кездеседі.
Сондықтан біздер бағдарламамыздың жобасын жағымды адамгершілік қасиеттердің жиынтығының ішінен топтастырып, халықтық педагогиканың озық дәстүрінің негізінен туындайтын шартты түрде «Адамгершілік кодексін» жасадық.
Біздің бағдарламамыздың жобасында «Адамгершілік кодексінен» алынған сапалар (ақыл, ой сана, адал еңбек, Отанына, халқына, жалпы адамзатқа, табиғатына сүйіспеншілік, ар-ождан, ата-анаға өзінің жақын туысқандарына мейірімділік, бауырмалдық, кеңпейілділік) төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрін пайдалануда да ең тиімді сапалар болады деп есептейміз.
Төменде «Адамгершілік тағлымы» мазмұнына тоқталамыз.
Аталған адамгершілік сапаларының ішінде бірінші сапа ақыл-ой санаға байланысты.
Оны біз шартты түрде: (1). Ақыл-ой, сана – бай қазына деп атадық. Ақыл-ойға осынша мән берген себебміз, ол баланың санасын қалыптастырудың бастауы болып табылады. Адамның ақыл-ой дамуы үшін санасы қалыптасуы үшін негізгісі тіл мен байланысты.
Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп тани білген, халық дерінің кеңдігінде, ерлерінің ерлік қасиеттерінде, халықтық кемеңгерлігінде, ұрпағының тәрбеиіснде құдіретіне байланысты сыйғызып ұрпағын ұлағатқа баули білген дана халық.
Қазақ халқы дәреже биікте емес, ата-баба дәстүріне бағынған оны қадірлей білген халық. Халықпен халықты, адамдар мен адамдардың бірін-бірі түсінуге, білуге қарым-қатынас жасауға негіз болған тіл. Қазақ халық ауыз әдебиетінің бай мұрасында баланың дамуына біліміне, тәрбиесіне ықпал жасайтын мол мүмкіндіктер бар деп анықтағанбыз. Ол бай мұра осы уақытқа дейін ескерілмей, еленбей тәрбие жұмысында орын алмай қалып келді.Мұғалім бұл бай мұраны мақсаттылықпен тұтас педагогикалық процесте кешенді түрде пайдалануды басты міндет етіп қою тиіс. Бұл бай мұраны мұғалім баланың жас кезеңіне, дара ерекшелігіне сай ұғымына байланысты ертегі, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, қанатты сөздер педагогикалық тұрғыдан іріктей білу керек. Мысалы мұғалім үшін балаларға арналған 4 томдық «Ертегілер» кітабын (Құрастырған С. Қасқабасов) ұсынамыз. Оның ішінде «Түлкі мен қырғауыл», «Қасқыр мен лақтар», «Қасиетті құдық» қиял-ғажайып ертегілерден «Сүлеймен мен диқаншы», «Мерген мен баласы», «Ертөстік», «Керқұла атты Кендебай» аңыздар, мақал-мәтелдер, жаңылпаштар, толғаулар, жұмбақтар т.б.. Мысалы: «Аяз би» (аңыз әңгіме) , «Ақыл тозбайтын тон», «Білім таусылмас кен» (мақал).
«Бүлдіргенді бүлдірген
Бүлдіргенді де күлдірген
Күлдіргенде бүлдірген
Бүлдіріп алып күлдірген
Дейді енді бүлдірмеймін
Бүлдірсем де күлдірмеймін»
(«Асыл сөз» балалар әдебиетінің кітапханасы А. «Жалын» 1987 ж. Құрастырған Б. Ысқақаов).
Сонымен халықтық педагогиканың ең бір інжу-маржаны боларлық мұра-шешендік сөздер. Бұл сөздердің балалардың адамгершілік тәрбиесіне ықпалы зор. Өйткені шешендік сөздер барлық жан-жақты мазмұны арқылы ең шынайы адамгершілік қасиеттерді білдіреді. Мұның ақылды, білімпаздық, табиғи дарындылық, асқан сөз шеберлігімен, шешендік өнер қазақ халқының қаны мен жанына сіңгені төл қасиет. Шешендік сөздер (даналық, тапқырлық т.б.) баланың жаңа ұғымдарды біліп ойынының дамуына, санасының қалыптасуына ықпал жасайды. Халық оны «Атадан ақыл, ағадан нақыл» деп бағалаған.
Сондықтан мұғалім қазақтың атақты билері (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б.) олардың айтқан тапқыр, өте әділ әрі қысқа ойын білдіре алатын дарындылықтарын сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда, отбасында да біртіндеп бала ұғымын кеңейтіп дамыту отыру керек.
Осыған байланысты мұғалімдердің атсалысуымен «Әжем айтқан даналық сөздер» , «Ел аузынан», «Сыр сандығым сөйлейді» деген арнайы әңгілемелер өткізіп (Даналық мүйіс) ұйымдастырылды. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу субъектісін жасау үшін халық мұрасында «өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса кішіден сұра» дегендей іс-әрекетке айналдыру керек.
Сонымен қатар «Асыл мұра» бір халықтың еншісіне ғана тиген мұра емес деген ұғымды М. Әуезовтың «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген сөзі арқылы балалардың санасына жеткізу қажет. Осыған байланысты бір іс-әрекеттің түрі ретінде «Менің сыр сандығым сөйлейді» деген әр халықтың (өзбек, тәжік, қырғыз т.б.) әлемдік (жапон, монғол, қытапй т.б.) маржан сөзін, дәстүрін жинақтап пікір алысу ұйымдастырылды. Біздің бағдарламамыз жоғарыда көрсетілгендей бірімен бірі байланысты адам бойында қалыптасатын қасиеттер жүйесі болғандықтан «Ақыл-ой сана» саналы іс-әрекетпен еңбекпен ұштасуы керек. Сондықтан екінші қарастыратынымыз еңбек.