Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар мен әдістемелер



бет18/18
Дата11.01.2022
өлшемі148,35 Kb.
#111128
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ойындар жинағы (1)

«Бағдаршам» ойыны

Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін және тілін дамыту.Ертегілер және ертегілер кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер: қызыл,жасыл түсті дөңгелектер және суреттер.

Ойын барысы: Балаларға екі қызыл және жасыл түсті дөңгелек береді.Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне байланысты сөздер айтады,бала сөздердің  дұрыс атауын естісе,жасыл дөңгелекті көтереді.

Ал қате болса-қызыл түсті дөңгелекті  көтереді. Содан кейін суреттерді көрсетіп,балалармен бірге әр сөзді қатты,жай және анық қайталап айтуы тиіс.Сөздер қай ертегіде кездесетіні туралы әңгімелеу.

 

Қыз

Мала

Тасқыр

Сауырсақ

Мыз

Зала

Насқыр

Тауырсақ

Тыз

Бала

Басқыр

Бауырсақ

Шыз

Кала

Қасқыр

Сауырсақ



«Қалалар» ойыны

Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.


С

З

Ы

Л

А

Е

У

А

Т

Қ

Ы

П

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

В

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

П

Д

Ы

А

Р

З

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.


«Жалғасын тап» ойыны

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы                                      бітеді

Ә) Жақсы болсаң,                                        жүректе

Б) Ерлік білекте емес,                                 ашу-дұшпан

В) Жері байдың                                           ел

Г) Ақыл дос,                                                ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе                                         жақын көп

Д) Мал баққанға                                          сол тоқ

Е) Адам деген-                                             елі бай

 «Тапқыш» ойыны       

Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.


Қ

Ы

Б

Е

С

О

Қ

Ы

А

Й

Д

Ы

І

Ш

К

Д

Л

С

Ы

Н

Д

Ы

Ө

Ы

А

А

Р

Ы

П

П

К

С

Ж

А

З

Б

И

І

К

Н

Қ

Т

А

Й

С

Е

Г

І

О

Қ

Р

Ә

П

К

Е

З

Н

А

А

Т

Ы

Р

Н

А

Зат есім : қонақ, …

Етістік: оқыды, …

Сан есім: он,…

Сын есім: көк,….

«Түстер» ойыны

Балаға кез келген түсті айтыңыз. Мысалы, күлгін дейік. Ол бөлме ішінде жүгіріп, барлық күлгін түсті нәрсені ұстауы керек. Сіз ешқандай күлгін нәрсе қалып қоймауын бақылаңыз. Одан кейін баланың есте сақтау қабілетін тексеріңіз. Жаныңызға шақырып, ұстаған барлық затын атап беруін сұраңыз. Баланың алдына түрлі-түсті қарындаш не фломастер қойыңыз. Оған бұл қарындаш емес, көңілді адамдар не сөйлейтін нәрселер деңіз. Ол қарындаштарының атынан сөйлеуі тиіс. Мысалы, қызыл қарындаш: мен – алмамын, сары қарындаш – мен бананмын, жасыл қарындаш – мен жапырақпын, көк қарындаш – мен бұлтпын деген сияқты айтуы керек.


«Белгісіз сөз» ойыны

Бұл ойын балаға белгісіз сөздерді есте сақтауға, түсінуге көмектеседі әрі әртістік қабілетін шыңдайды. Оған бір сөйлемді әр түрлі тәсілмен айтуды тапсырыңыз. Мысалы: «Мен шұғыланың кереметін көрдім» деген сөзді:



  • Көңілді;

  • Қатты дауыстап;

  • Жай;

  • Мұңды;

  • Әндете;

  • Сыбырлай;

Әр сөзді үзіп-үзіп айтуды ұсыныңыз.
«Белгісіз жануар» ойыны
Жүргізуші оқушыға кез келген жан-жануардың атын жасырады. Бала сұрақ қою арқылы жасырылған жануарды табуы керек. Жүргізуші сұраққа тек «иә» не «жоқ» деген жауап береді. Мысалы, «Ол шөп жей ме?», «көлемі үлкен бе?», «адамдар одан қорқа ма?» деген тәрізді сұрақтар қойып, жауабын тапқанша жалғастыра береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет