Тест 5-сынып Лексика І нұсқа Лексикология нені зерттейді?



Дата28.06.2017
өлшемі111,77 Kb.
#20267
Тест

5-сынып

Лексика І нұсқа
1. Лексикология нені зерттейді?

а. Сөз байлығын ә. Сөздің мағынасын б. Дыбыстарды зерттейді



2. Сөздің лексикалық мағынасы қандай сөздікте түсіндіріледі?

а. Фразеологиялық сөздікте ә. Түсіндірме сөздікте

б. Терминологиялық сөздікте

3.Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздерді қалай атайды?

а. Көп мағыналы ә. Бір мағыналы б. Тұрақты сөз тіркесі



4.Бір тілдің жергілікті сөйлесу ерекшеліктері қалай аталады?

а. Термин ә. Неологизм б. Диалект



5.Қазақ тілінде басқа сөздерден енген сөздер....... аталады.

а. Кірме сөздер ә. Архаизм б. Көнерген сөз



  1. Көнерген сөздер дегеніміз не?

а. Күнделікті тұрмыста өте сирек қолданылатын сөздер ә. Кәсіпке байланысты қолданылатын сөздер б. Басқа тілден енген сөздер

  1. Мағынасы ұқсас сөзді тап.

Жылдам –

а. Жеңіл ә. Тез б. Баяу



  1. Қарсы мәндес сөзді тап.

Жылдам –

а. Жеңіл ә. Тез б. Баяу



  1. Синонимдерді тап.

а. Алыс, қашық ә. Алыс, жақын б. Алғыс, сәлемдесу

10.Антонимдерді тап.

а. Кәрі, қарт ә. Кәрі, жас б. Жас, жаз



11.Омоним дегеніміз.......

а. Мағыналары ұқсас сөздер ә. Мағыналары қарама – қарсы сөздер б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер



12.Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы қалай атайды?

а. Диалект ә. Кірме сөздер б. Лексика



13.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады?

“Бөркін аспанға лақтыру”


а. Жылау ә. Қуану б. Өтірік айту

14.Сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді тап.“ Қабақ шыту”

а. Ашулану ә. Қуану б. Кешігіп келу



15.Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

а. Күміс көмей ә. Жақсы адам б. Атақты жазушы



16.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тап.

а. Өмірдің кілті ә. Есіктің тұтқасы б. Мұғалімнің сөзі



17.Синоним дегеніміз......

а. Мағыналары ұқсас сөздер ә. Мағыналары қарама – қарсы сөздер б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер



18.Орыс тілінен енген сөзді белгіле.

а. Бәтеңке ә. Аға б. Теңге



19. Архаизм сөзді көрсет.

а. Салт ә. Кебеже б. Ат арба



20.Антонимдер дегеніміз.....

а. Мағыналары ұқсас сөздер ә. Мағыналары қарама – қарсы сөздер б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер



21. Неологизм сөзді көрсет.

а. Мәсі ә. Жалақы б. Ұялы телефон


22.Қай сөздер омонимге жатады?

а. Бас, бастық, басшы ә. Үй, пәтер, бөлме б. Түс, жастық, жас



23. Фразеологизмнің мағынасын білдіретін сөзді тап.

“ Көз көрмес, құлақ естімес”

а. Жақын ә. Алыс б. Жылдам

24. Тура мағынада тұрған сөзді тап.

а. Кең бөлме ә. Кең адам б. Кең дала



25. Тұрақты сөз тіркесін тап.

а. Жан досын сыйлау ә. Түймедейді түйедей қылу б. Бірлесіп жұмыс істеді



26. Синонимдік қатарды көрсет.

а. Жуырда, таяуда, жақында ә. Ертең, кеше, бүгін б. Ұстаз, ұста, мұғалім



27. Архаизмдерге қарама - қарсы құбылысты атаған сөздерді................ дейміз

а. Кірме сөздер ә. Неологизмдер б. Термин сөздер



28.Қай сөздің өз алдына мағынасы жоқ?

а. Нағашы ә. Бөле б. Алақай



29. Мына сөздерге синонимдер жаз:

ауру, ұстаз,

құрметті, апта,

жылдам, әдемі,



30. Антонмдердің сыңарын жаз:

жылдам – алыс –

кірді - қара –

кір - жарық –



ІІ нұсқа

1. Лексикология нені зерттейді?

а. Сөз байлығын ә. Сөздің мағынасын б. Дыбыстарды зерттейді



2. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет

а. Ашық мінез ә. Ашық терезе б. Ашық есік



3. Кейбір ұғымдарды өз атын айтуға тыйым салынуына не дейді?

а. Эвфемизм ә. Табу б. Дисфемизм



4. “ жалғау”, “жұрнақ”, “сөйлем” терминдері қай ғылым саласында қолданылады?

а. әдебиет ә. тіл білімі б. тарих



5. Араб тілінен енген кірме сөздерді тап

а. мұғалім , кітап, дәптер ә. жәшік, бәтеңке, сот б. валюта, банк, биржа



6. Кірме сөздер дегеніміз не?

а. Күнделікті тұрмыста өте сирек қолданылатын сөздер ә. Кәсіпке байланысты қолданылатын сөздер б. Басқа тілден енген сөздер

7.Мағынасы ұқсас сөзді тап.

Ақырын –

а. Жеңіл ә. Тез б. Баяу



8.Қарсы мәндес сөзді тап.

Жылдам –

а. Жеңіл ә. Тез б. Баяу



9.Синонимдерді тап.

а. дидар, ажар ә. алыс, жақын б. алғыс, сәлемдесу



10.Антонимдерді тап.

а. Кәрі, қарт ә. Көне, жаңа б. Жас, жаз



11.Антоним дегеніміз.......

а. Мағыналары ұқсас сөздер ә. Мағыналары қарама – қарсы сөздер б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер



12.Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы қалай атайды?

а. Диалект ә. Кірме сөздер б. Лексика



13.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады?

“Көзі алақандай болу”


а. Қорқу ә. Қуану б. Өтірік айту

14.Сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді тап.

Тілі байлану”

а. Ашулану ә. Үндемеу б. Кешігіп келу

15.Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

а. Күміс көмей ә. Жақсы адам б. Атақты жазушы



16.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тап.

а. Құрғақ сөз ә. Есіктің тұтқасы б. Мұғалімнің сөзі



17. Омоним дегеніміз......

а. Мағыналары ұқсас сөздер ә. Мағыналары қарама – қарсы сөздер б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер


18.Орыс тілінен енген сөзді белгіле.

а. Парта ә. Қалам б. Класс



19. Архаизм сөзді көрсет.

а. Салт ә. Кебеже б. Ат арба



20. Көп мағыналы сөзді тап

а. кілт ә. құлып б. дала



21. Неологизм сөзді көрсет.

а. Мәсі ә. Сайлау б. Заңнама



22. Эвфемизм бойынша “ найзағай” сөзін қай сөзбен ауыстыруға болады?

а. гүріл ә. жарылыс б. жай


23. Фразеологизмнің мағынасын білдіретін сөзді тап.

Сөз есту”

а. сөгіс алу ә. көп сөйлеу б. өтірік айту

24. Асты сызылған сөз қандай мағына беріп тұр?

Суық хабар

а. қуанышты ә. қайғылы б. күтпеген



25. Тұрақты сөз тіркесін тап.

а. Жан досын сыйлау ә. Ақыл қосты б. Бірлесіп жұмыс істеді



26. Синонимдік қатарды көрсет.

а. Жуырда, таяуда, жақында ә. Ертең, кеше, бүгін б. Ұстаз, ұста, мұғалім



27. Неологизмге қарама - қарсы құбылысты атаған сөздерді ... дейміз

а. Кірме сөздер ә. Архаизм б. Термин сөздер



28. Нақыл сөздің авторын ата

“ Халықтың мәңгі ғұмыры тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін- ұлы”


а. М. Әуезов ә. М. Қашғари б. Ш. Айтматов

29. Мына сөздерге синонимдер жаз:

қағаз көмек

батыр туыс

жалақы әдемі



30. Антонмдердің сыңарын жаз:

баяу – жақын –

шықты - ақ –

таза - түн–



ІІІ нұсқа

1. Тұрақты тіркес тіл білімінің қай саласына жатады?

а. фонетика ә. лексикология б. морфология



2. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет

а. Терең ой ә. Өткір қайшы б. кең бөлме



3. “ Өтірік айтпа” деген сөз тіркесінің орнына эвфемизм қолдан

а. көп сөйлеме ә. Сөз естіді б. қоспай айт



4. Терминге тән басты белгіні тап

а. дара мағыналы ә. көп мағыналы б. халық арасында жиі қолданады



5. Орыс тілінен енген кірме сөздерді тап

а. мұғалім , кітап, дәптер ә. жәшік, бәтеңке, сот б. валюта, банк, биржа

6. Тура мағыналы сөзді көрсет

а. қолы ашық ә. тас жүрек б. ағынды өзен



7.Мағынасы ұқсас сөзді тап.

Дұшпан –

а. Жау ә. Дос б. Қатыгез



8.Қарсы мәндес сөзді тап.

Жұмсақ –

а. Жеңіл ә. Қатты б. Ұзын



9.Синонимдерді тап.

а. дидар, теледидар ә. алыс, жақын б. амандасу, сәлемдесу



10. Нақыл сөздің авторын ата

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде”

а. Абай Құнанбаев ә. Нұрсұлтан Назарбаев б. М. Әуезов

11. Мақалды жалғастыр

Ер елінде ...

а. халық елінде ә. егіс жерінде б. гүл жерінде



12. Дөрекі сөздің сыпайылап жеткізу қалай аталады?

а. Диалект ә. Дисфемизм б. Эвфемизм



13.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады?

“ Төбе шашы тік тұрды”


а. Қорқу ә. Қуану б. Өтірік айту

14.Сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді тап.

Жұмған аузын ашпау”

а. Ашулану ә. Үндемеу б. Кешігіп келу

15.Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

а. ақ саусақ ә. Жақсы адам б. Атақты жазушы



16.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тап.

а. терең көл ә. өткір сөз б. домбыра шерту



17. Синоним дегеніміз......

а. Мағыналары ұқсас сөздер ә. Мағыналары қарама – қарсы сөздер

б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер
18. Көп мағыналы сөзді көрсет

а. Бас ә. Аға б. Теңге



19. “ Шалбар” сөзінің диалектісін тап

а. Сым ә. Бәдіран б. Азанда



20. Интернационалдық терминді тап

а. грамматика ә. әдебиет б. сөйлем



21. Неологизм сөзді көрсет.

а. Құжат ә. Сайлау б. Заң



22. Эвфемизм бойынша “ өсекші” сөзін қай сөзбен ауыстыруға болады?

а. аузы жеңіл ә. сөзуарлау б. көп сөйлейді


23. Фразеологизмнің мағынасын білдіретін сөзді тап.

“ Қой аузынан шөп алмас”


а. батыр ә. момын б. қайсар

24. “Тұрақты тіркес” сөзінің баламасын тап

а. лексикология ә. семасиология б. фразеолгоия



25. Тұрақты сөз тіркесін тап.

а. Арқа сүйер ә. Сыйластық көрсету б. Бірлесіп көмектесу



26. Синонимдік қатарды көрсет.

а. Қағаз, парақ ә. Ертең, кеше, бүгін б. Оқушы, бала



27. Архаизмге қарама - қарсы құбылысты атаған сөздерді ... дейміз

а. Кірме сөздер ә. Неологизм б. Термин сөздер



28. Төменгі афоризмнің авторын ата

“ Ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту”

а. М. Әуезов ә. Б. Момышұлы б. Ш. Айтматов

29. Мына сөздерге синонимдер жаз:

қағаз оқушы

сабырлы ауру

дүние көрікті



30. Антонмдердің сыңарын жаз:

қуаныш – жоғары –

аш - тұр –

амандасу - аспан–



ІV нұсқа

1. Идиомалық тіркесті көрсет

а. өткір көз ә. жақсы адам б. биік тау



2. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет

а. сыр шерту ә. өткір пышақ б. кең үй



3. Эвфемизмге жататын сөзді тап

а. найзағай ә. ұлыма б. шешен



4. Историзмді тап

а. болыс ә. кесене б. қала



5. Араб тілінен енген кірме сөздерді тап

а. Отан , қалам, мұғалім ә. жәшік, бәтеңке, сот б. парта, кино, цирк



6. Тура мағыналы сөзді көрсет

а. қолы ашық ә. тас жүрек б. ашық есік



7. Дисфемизмді тіркесті тап

а. ақсақ адам ә. парасатты ақын б. жаралы жүрек



8.Омоним бола алатын сөзді тап

а. қала ә. қате б. қой



9.Синонимдерді тап.

а. дидар, теледидар ә. алыс, жақын б. дүние, әлем



10. Нақыл сөздің авторын ата

“ Тәрбие басы - тіл”


а. Абай Құнанбаев ә. М. Қашғари б. М. Әуезов

11. Мақалды жалғастыр

Ырыс алды ...

а. бірлік ә. тыныштық б. ынтымақ



12. Дөрекі сөздің сыпайылап жеткізу қалай аталады?

а. Диалект ә. Дисфемизм б. Эвфемизм



13.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады?

“ Қас пен көздің арасындай”


а. Жақын ә. Қуану б. Алыс

14.Сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді тап.

Көзді ашып жұмғанша”

а. Ақырын ә. Үндемеу б. Тез

15.Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

а. Бос белбеу ә. Ер адам б. Ақын - жазушы



16.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тап.

а. терең көл ә. өткір пышақ б. ауыр мінез



17. Омоним дегеніміз......

а. Мағыналары ұқсас сөздер ә. Мағыналары қарама – қарсы сөздер

б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер

18. Тура мағыналы сөзді көрсет

а. Жуас адам ә. Тас жүрек б. Ыстық ықылас



19. “ Қияр” сөзінің диалектісін тап

а. Сым ә. Бәдіран б. Азанда



20. Табу сөзі неден туындаған?

а. салт – дәстүр ә. сыпайылық б. ырым



21. Неологизм сөзді көрсет.

а. әуежай ә. қалашық б. бүгін



22. Эвфемизм бойынша “ мылжың ” сөзін қай сөзбен ауыстыруға болады?

а. аузы жеңіл ә. сөзуарлау б. көп сөйлейді

23. Фразеологизмнің мағынасын білдіретін сөзді тап.“ Ит өлген жер”

а. жақын ә. алыс б. кеше


24. “Тұрақты тіркес” сөзінің баламасын тап

а. лексикология ә. семасиология б. фразеолгоия



25. Тұрақты сөз тіркесін тап.

а. су татиды ә. суық судай б. мұз қатқанша



26. Синонимдік қатарды көрсет.

а. Сәт, мезет ә. Ертең, бүгін б. Шәкірт, бала



27. 22. Эвфемизм бойынша “жалқау ” сөзін қай сөзбен ауыстыруға болады?

а. ақ саусақ ә. ауыз бастырық б. жас бала



28. Төменгі афоризмнің авторын ата

“ Ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту”

а. М. Әуезов ә. Б. Момышұлы б. Ш. Айтматов

29. Мына сөздерге синонимдер жаз:

мұғалім адам



сұлу тамақ

халық жылдам

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет